7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Денсаулық зор байлық

Тәрбие сағаты: Денсаулық зор байлық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Тәрбие сағатының тақырыбы : Денсаулық -зор байлық

Тәрбие сағатының мақсаты: Темекі тартудың ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өміріне зияның келтіретіні туралы түсініктеме беру. Оқушыларды денсаулық сақтауға салауатты өмір салтын қалыптыстырудағы алғашқы қадамдары туралы ой өрісін дамыту,диологқа қатысу,ақыл ойын бүгінгі өмір салтына деген ұғымдарын қалыптастыру өз денсаулығына сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:темекінің зияны түтінінде

Денсаулықтың мәні күтімінде.

Темекіні көр тартқан

Ес-зердесін жұқартқан

Темекі тартсан ақырын

Азаяр сана ақылын.

Темекінің түтіні тісінді сарғайтады

Уы ерте қартайтады.

Таблица,баспасөз материалдары:

Сабақтың типі:Аралас

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Кіріспе сөз.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3.Баяндама «Темекінің зияны»

4.Ата мен бала көрінісі

5.Оқушылардың темекі туралы дайындаған деректеріне кезек беріледі

6.Ой жылдамдығына арналады.Денсаулық сөзінің әр әрпіне салауатты өмір салты бейнелейтін ойластыру қажет.

7.Көрініс «У мен Дерт»

8.Тест.

9.Қорытынды.

Темекінің зияны түтінінде

Денсаулықтың мәні күтімінде



Темекі көп тартқан

Ес зердесін жұқартқан.



Темекінің түтіні тісіңді сарғайтады,

Уы ерте қартайтады.



Табиғаттағы ешбір жан-жануар өз еркімен өзін уламайды.Мұндай ой тек адам баласының басына келген.Мысалы темекі тартпайтын және темекі тартатын екі дос қала сыртына табиғатқа серуендеуге,демалуға шығады.Серуенге керекті заттарды жинастыру машықтығымен жүріп темекі тартатын досы темекіні үйінде ұмытып кетіпті.Таза ауаға, тауға шыққан темекі тартайтын досы суға түсіп,балық аулап,табиғаттың сұлулығына,тыныштығына сүйсініп дем алса,темекі тартатын серігі күні бойы көңілсізденіп,қабағы тұнжырап,масазданады.Тек кешке үйіне жетіп,темекісін тартқан соң ғана тыныштанды.

Адамның ақыл-есін жаулап,ешнәрсеге мойын бұрғызбайтын мұндай азап бізге қайдан келді?Қазіргі заманда жас ұрпақты салауатты өмірге тәрбиелеу үшін үлкен жұмыстардың маңызы зор.Ол үшін күнделікті қадағалау мұғалімдер тарапынан ата-аналарымен бірлескенде ғана нәтиже берері сөзсіз.Сондықтан біз тақырыбымызды осыған арнап отырмыз.

Енді оқушыларға кезек берейік

3. «Темекінің зияны» туралы баяндама.

4. «Ата мен бала» көрінісін көріңіздер

Бала: Ата сізге сұрақ қоюға бола ма?

Ата: Қоя ғой балам

Бала: Темекінің қандай пайдасы бар?

Ата: Балам, темекінің үш пайдасы бар.

Бала: Қандай?

Ата: 1-ші пайдасы-темекі шеккен адам қартаймайды,яғни ұзақ өмір сүрмейді.

2-ден,оны ит қаппайды,таяқ ұстап еңкейіп жүрген соң.

3-ден, үйіне ұры түспейді,өйткені ол күні-түні күркілдеп,жөтеліп жатады.

Бәрі бірге: Дені саудың жаны сау.

5. Студенттердің темекі туралы дайындаған деректеріне кезек беріледі.



1 студент

Европа халқы Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін темекімен танысты. Алғашқы саяхатщылар кепкен жапырақты шиыршықтап ауыздарына сорып жүрген түземдіктерді көріп,таң қалыпты. Түземдіктер оны «тобако» деп атап, саяхатшыларға сыйлайды. Егер қарсылық танытса, өздерін құрметтегендік деп қабылдаған. Осылай Испан теңізшілері темекі тартуды үйренген екен.

16 ғасырда Францияда темекі емдік қасиеті зор деген түсіністіктеп кеңінен тараған. Франция королевасы темекінің бас ауруының жазатын дәрі ретінде иіскеп жүрген, Бастапқыда Европада темекіні тек иіскейді,одан кейін жаппай тарта бастайды. Осыдан адамдар жие уланғандықтан кейбір елдердің үкіметі темекі тартуға тыйым сала бастайды. Мысалы, Англияда темекі тартқан адамды мойнына арқан салып,көшеге шығарып, денесіне дүре соққан. Осындай тыйым салуға темекі тарту Европаның барлық елдеріне жаппай тарайды.

2 студент.Ресейге темекіні 17 ғасырда алғашқы саудагер әкелді. Темекі тартуға қатаң тыйым салынып, темекіні сатқан саудагерлер айдауға жіберіледі. 1 Петр темекі сатуға рұқсат беріп Зиянды -әдет-темекі тарту кенінен тарайды. Әйтсе де 19 ғасырдың алғашқы жартысында қоғамдық орындарда, көшеде темекі тарту әдепсіздік деп танысып, тиым салынған. Ал қазіргі уақытта темекі тарту ең кең тараған зиянды әдет болып отыр.

3 студент.Темекі құрамындағы никотин денсаулыққа орасан зор зиян келтіреді, психикасына әсер етеді. Темекіден адам жиі уланады, басы айналады, қол аяғы әлсірейді, сілекей көп бөлінеді, құсады іші жүреді, қалтырайды.

4 студент.Темекі тарту ауыз қуысының, тамақтың өкпе мен кеңірдектін зиянды ісігінің пайда болуының басты себебі: Үнемі және ұзақ уақыт темекі тарту ерте қартаюға себеп болады. Ұлпаның оттегімен қоректенуі бұзылғаннан, майда тапырлардың қысылуының темекі тарту ерте қартаюға себеп болады. Ұлпанын оттегімен қоректенуі бұзылғаннан, майда тамырлардың қысылуының темекі тартатын адамнын көзінін аты мен терісі сарғаяды, ерте салты тартып қартаяды, ал тыныс алу жолының шырышты қабыршығының өзгерісі дауыс қарлығады, тембр төмендейді.

6. Ой жылдамдығына арналады. Денсаулық сөзінің әр әрпіне салауатты өмір салтын бейнелейтін сөздерді ойластыру қажет.

Д- дұрыс дем алу.

Е- ерінбеу керек.

Н- ниеттену.

С- спортпен айналысу.

А- ағзаны шынықтыру.

У- уақытты дұрыс ұйымдастыру.

Л- лайықты өмір сүру.

Ы- ынта-ықылас жетелейді.

Қ- қозғалыс ағзаны шынықтырады.

7. Көрініс: «У мен Дерт»

Қатысушылар: Темекі, есірткі, ішімдік, милиционер, дәрігер.

Жүргізуші.

Осы өлкеде өмір сүріп жатқан әзәзілдер. Темекі, есірткі, ішімдік үшеуі жасырын айтысқа түседі. Қазылар алқасы да жоқ, көрермен де жоқ, бұл айтыстың бас бәйгесі . Адам өмірі болатын әуелі сөзді емін-еркін ғұмыр кешіп үйренген Темекі ашады.

Темекі: Бөлініп кетсе-дағы жер екіге

Кезек бер жасы үлкен темекіге

Табылам езуінен сұлу қыздың

Бір гүлі ашылмаған он екіде

Айналып ермегіне балалардың

Қалтасын қоқым қылып қоғам әр күн

Күні түні күркілдетіп сарғайтқаным

Қаусаған кәрі тісін ағалардың.

Жүргізуші:

Темекінің кеуде соғып көргенін есірткі көріп отыра қалып өз әніне басады.

Есірткі:

Ежелден темекі едін,шылым едін

Ашылмай жатқан әлім ғылым едің,

Осылай айтарынды біліп едім

Жастардың ойында, бойында

Енді-енді індет болып кіріп едім

Кеңейтіп жемісіңді,өрісіңді

Мәз болып миығымнан күліп едім

Жүргізуші:

Осы сәтте топырақтай басып кісі аңқып керден-керден аттап ішімдік келеді.

Ішімдік:

Мен,мен едім,мен едім

Қай жердеде өр едім

Дастарханнан көңілден

Ылғи түспей келемін

Ыңжықтарды ысқылап

Бойына күш беремін

Арыстанға тышқанды

Сүйреп әкеп тең едім

Жүргізуші:

Үшеуі бәйгеге таласып тұрғанда сырттан дауыс естіледі

Милиционер кіреді де

-Шуламаңдар,түгел-деп үшеуін ұстайды.

Дәрігер келеді.

Дәрігер:

Сендердің мақсаттарың адам өміріне өрт көңіліне дерт салу болатын.Ал мен олардың қамқоршысымын дейді.Қалқа қауым қылжылдатқан асқазан жүрек лобын,асқа тәбет ашпаған.Шылым шегу денсаулыққа зиян.Азаматтар өзгеше бір бас қана меруерт тіс пен таңдайды ұстаған.Өкпені улап,көк жөтелді қыстаған. Шылымынды жолатпастан өмірде темекіні ақыл ойлы, таста адам.

8. Қорытынды:

Ал енді оқушылар темекі туралы біршама мағлұмат алдындар.Темекеге тәуелді болмай зиянды әдеттен аулақ болу үшін не істеу керек? Темекі тартудың зияны туралы дәлелдер,түсініктер ақпарат зиянды әдеттен бойды аулақ ұстауға көмектеседі.

«Білімділік зор ,білімсіздік сор»

Темекінің зияны

Темекісіз киімін,демін таза болады

Ең бастысы дені сау болады.

Салауатты өмір салтын қолдайық

Әдеттен жаман аманды аулақ болайық

Өз өмірін өз қолында ей жастар

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал