7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты тақырыбы Нөлдік төзімділік

Тәрбие сағаты тақырыбы Нөлдік төзімділік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Тақырыбы: «Нөлдік төзімділік»

Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, оқушыларды Елбасымыздың "Қазақстан - 2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауында қоғамдық тәртіпсіздіктерге нөлдік төзімділікті қалыптастыру идеясының мағынасын түсіндіру, мәдениеттілікке тәрбиелей отырып құқықтық тәрбие ортасын құру.



Көрнекілігі: тақырыптық суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Барысы:

І Ұйымдастыру

А) амандасу

Ә) түгендеу

Б) сабаққа әзірлікті тексеру.

ІІ. Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі: "Нөлдік төзімділік" дегеніміз не? "Нөлдік төзімділіктің" мақсаты қандай? Біз оны қалай түсінеміз? Қай-қайсысымыздың болмасын түйсігіміз осы сөздерді бірден қабылдамауы да ықтимал.

Елбасымыздың "Қазақстан - 2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауында қоғамдық тәртіпсіздіктерге нөлдік төзімділікті қалыптастыру, кез келген ұсақ құқық бұзушылықтардың жазасыз қалмауына, мәдениетсіздік пен бассыздыққа жол бермеуге баса мән берілуі керектігін айта келіп,"біз тіпті ұсақ-түйек құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке төзбеуге тиіспіз, себебі, бұл қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді" деген-ді. Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің қоғамда құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидасын қалыптастыру аясында бекітілген жұмыстың жоспар-жобасы да бар

"Нөлдік төзімділік" дегені-міз не? Оны көп жағдайда құқық саласының мамандары түсінуі мүмкін.. - Ол, сөзіңіз рас. Енді қарапайым тілмен айтсақ, нөлдік төзімділік дегеніміз бұл кәдуілгі күнделікті тіршілігімізде болып жататын ұсақ-түйекті, бірлі-жарымды кішігірім бұзақылық, қоқысты жол бойына шығару, белгіленбеген жерде шылым шегу, алкогольді сусындарды ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі көңіл көтеру мекемелерінде болуы. Сонымен бірге осы "Нөлдік төзімділіктің" ең негізігі мақсаты қоғамды белсендіру яғни қай-қайсысымыз болмасын кез-келген құқық бұзушылыққа жайбарақат қарамауымыз керек. Біз кейде оны құқыққорғау органдарының жұмысы деп білеміз.



2. Топтастыру. Мәдениетті болу









қоқыс тастамау Қылмыстық әрекетке бармау









Бұзақылық жасамау



3. Суретпен жұмыс





Тәрбие сағаты тақырыбы Нөлдік төзімділік Тәрбие сағаты тақырыбы Нөлдік төзімділікТәрбие сағаты тақырыбы Нөлдік төзімділік



Сергіту сәті

Қырағы көз қамқоршы,

Бұл полицей ағасы

Тыныштықты күзетіп

Ел алдында тік тұрып

Қызмет қылар қарашы.

Рефлексия

Оқушылар пікірін суретпен бейнелеу.

Қорытынды:

Кез келген құқық бұзушылыққа қарсы "нөлдік төзімділікті" тәрбиелеу жұмыстарын өскелең оқушы сізбен бірге атқарсақ қоғамымызда әрқашан тыныштық орнап, бейбіт өмір сүреріміз хақ.













«Курчатов қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ









Сынып сағатының тақырыбы:

Нөлдік төзімділік





Тәрбие сағаты тақырыбы Нөлдік төзімділік





Бастауыш сынып мұғалімі: Тлекова Г.Т.

















Курчатов қаласы

2016-2017 оқу жылы







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал