7


  • Учителю
  • Мектепішілік шара Жер күні мерекесі

Мектепішілік шара Жер күні мерекесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Шараның тақырыбы: Тіршіліктің тірегі сен -Жер ана.



Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Көрнекі құралдар: табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, қабырға газеті, гүлдер, суреттер, шарлар, жалаушалар.

1-Жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, құрметті, қадірменді қонақтар !

Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің география, биология, химия пәндері бірлестігінің 22-сәуір Халықаралық Жер күніне орай ұйымдастырылған, «Табиғаттың тірегі сен -жер ана» атты мерекелік іс - шараға хош келіпсіздер.

2- жүргізуші: 1971 жылы 21 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімен жарияланған бұл атаулы күн бүгінде дүниежүзінің 167 мемлекеттінде атап өтіледі. Дүниежүзілік Жер күні де сәуірдің 22-інде атап өтіледі. Бұл атаулы күн алғаш рет 1990 жылы халықаралық мейрам ретінде атап өтілді.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Жасыл ел» атты мемлекеттік бағдарламасы да жастарды, студенттерді жұмыспен қамти отырып, қоғамдық маңызы бар бірқатар іс-шараларды қолға алып, жүзеге асырғаны шындық. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздеген бағдарлама өз жалғасын тапқаны айдан анық.

2- Жүргізуші:

Қоғамдық өндірісті, экономиканы игеру мен дамыту барысында табиғатты тоздырып жібергенімізді байқамай қалдық. Табиғи байлықты игеріп, оның дүлей күшін жеңдік деп жүріп, өзімізге қастаңдық жасадық.

Семейді полигонға айналдырдық, Аралды апатқа ұшыраттық, тың жерлерді эрозияға душар еттік, өзендерді жойдық, көлдерді құрғаттық. Осыған кім кінәлі?

1- жүргізуші : Иә, республикамыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда жағдай қиын деп туған мекенді, Отанымызды тастап кетпейміз. Ендеше, ауыр табиғат жағдайына қарсы күресу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Туған жерді көркейту біздің борышымыз болып саналады.

2-жүргізуші: Бүгінгі шарамызға ауылымыздың экономикасына, көркейуіне, гүлденуіне үлес қосқан, саналы ғұмырының жалындаған жастық шағын арнаған ауыл қонақтары, жер жыртып, егін еккен диқаншылар, тылда еңбек еткен еңбек ардагерлері, техниканың тілін тапқан механизаторлар, комбайншылар шақырылып отыр. Саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне ардагер ұстаздарды шақыруды да ұмытқан жоқпыз. Себебі, олар жас ұрпақты еңбек етуге, жерді, елді сүюге, туған жерді мақтан етуге оқытып, тәрбиеледі емес пе?!.

Осы қонақтарды ортамыздан көргенімізге өте қуаныштымыз.

1-жүргізуші: Олар: (есімдері аталып өтеді).

  1. Ұзақ жылдар ауыл шаруашылығында еңбек еткен механизаторлар, комбаиншылар, егін салып, жер жыртуға ат салысқан ардақты азаматтар:

Маулетов Хамидолла - озат комбайнер

Үмбетов Жәдігер- озат тракторшы

Қоштаев Жамбыл - тракторшы

Адиев Сағыналы- тракторшы

Губашев Зайдолла - тракторшы

Дуйсенбаев Жасталап- тракторшы

Мендыгулов Шайқымалы - тракторшы

Негметжанов Асылбек - тракторшы

Есеналиев Ескендір - балғашы

  1. Совхоз директоры болған Ильясов Тасқали

«Сыралы» егіс бригадасының агрономы Кенжалиев Есім

«Қурайлы» егіс бригадасының агрономы Байымбетов Нурлан, Атуллин Айбар

  1. Тың игеруде үлес қосқан азаматшалар:

Мұхамбетжанова Магрипа

Туллина Насиха

Елеугалиева Патиха

Габдуллина Катима

Аймукашева Роза

Ахметсафина Қантай

Султанова Орын әжелерді ерекше атап өтеміз.

  1. Егіс бригадасында К-700 маркалы тракторын жүргізген механизаторлар:

Даутов Орынгали

Алипкалиев Кали

Кадеров Маханбет

  1. Казіргі кезде шаруа қожалық жетекшілері, кезінде ауылшаруашылығында қызмет атқарған азаматтар:

Ғазезов Қазбек «Нұрбек» шаруа қожалығы жетекшісі

Науханов Қазиолла «Достық» шаруа қожалығы жетекшісі

Ибатов Есенгелді «Наурыз-97» шаруа қожалығы жетекшісі

Ешанов Саттар «Атамекен» шаруа қожалығы жетекшісі

Айтасов Исатай «Еламан» шаруа қожалығы жетекшісі

  1. Мал шаруашылығында қызмет атқарған азаматтар:

Шодаев Ақболат

Құсайынов Асқар

Бекжанов Сегізбай

Бекжанов Егізбай

Досқалиев Хамза

  1. Егіс бригадасында егін салуға, дән тасуда үлес қосқан автокөлік жүргізушілері

Айболатов Жамбыл

Тасболатов Қадыржан

Губашев Тыныштық

Букенбаев Марат ағалардың есімдерін мақтанышпен атап өтеміз.

  1. Ардагер ұстаздар:

Жапақов Серікбай

Сапарғалиева Шәрбану

Сарсенгалиева Зура

Жумагалиева Гулжан

Хайырова Гулжан

Шынтемирова Гулбану

Катима

Абуова Аксулу

Айболатова Жамила

Рамазанова Жания

Шалманбетова Уабила













Атты ардагер ұстаздар ел мақтанышы.

2-жүргізуші: Сіздерге мың тағзым етеміз! (Әуен ойнап, нан ұсынылады, гүл шоқтарын сыйлайды.)

1-Жүргізуші: Сіздердің еңбектеріңізді біз әркез мақтанышпен айтып жүреміз! Сіздердің маңдай теріңіз бен теңдессіз еңбегіңіз бізге, жас ұрпаққа үлгі-өнеге!

Алғы сөз сөйлеу құрметі мектеп директоры Ақылбек Аполченұлына беріледі.

2- жүргізушіТабиғаттан бабамыз ала берген секілді,

дарқандыққа қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,

мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді - деп ............................................. орындауындағы «....................» әнін сіздерге тарту етеміз.

Жамбылов (4 б сынып) : Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.

Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.

Биік -биік шыңдарым да әдемі.



Айдын көлде аққу қандай әдемі

Сұңқар құстың самғағаны әдемі

Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі

Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі



Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі

Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.

Сары түске боялған күзім қандай әдемі.



Осылайша табиғатқа бір қарап

Табиғатпен сырласуда әдемі.

Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен

Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!

Касым Перизат: Ойлау керек Арал жайын , ел жайын,

Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.

Өзімізді асыраушы табиғаттай -Ананы

Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!

Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа .

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ ,

Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз

Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз.

Баршаңызға бейбіт өмір тілейміз.

Азиз: Табиғат біздің анамыз,

Жер-Ана біздің панамыз.

Таза болса табиғат

Біз де аман боламыз.

Мен жерімді сүйемін

Мен жерімді сүйемін,

Жеріме дән себемін.

Ауа таза болсын деп,

Жылда ағаш егемін.

Бұтақтарды сындырмай,

Тазалықты сақтайық.

Гүл өсіріп, су құйып,

Табиғатты қорғайық.

1-жүргізуші: Мектепішілік «Екі жүлдыз» жобасының бас жүлде иегері, 11 сынып оқушысы Қали Бақдаулеттің орындауында «....................................» әнін қабыл алыңыздар.

2 - Жүргізуші:

Табиғат - адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-қалды суреттеуге ұлы Абай атамызда көптеген өлеңдері арналған және бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан - жақты жырлаған ақын болған емес. Жылдың 4 мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады.

6 сынып оқушысы Ескендиров Даниил М.Мақатаев поэзиясынан сыр шертеді.

1-жүргізуші: Ән «Туған жер» Орындайтын 10 сынып оқушысы Салимова Айзада

2-жүргізуші: 7 сынып оқушысы Жасқайратов Айдынбек Қалқаман Сариннің өлеңін оқып береді.

1-жүргізуші: О,адамдар!

Таза ауаны түтін менен құпаңдар,

Есірткінің есігін құлыптаңдар,

Хиросима тағдырын ұмытпаңдар.

Тыныш жатсын құстар да ұясында әр

Күрсінбесін қария,қастаспай достасып ақ

Барлығың да төсіме сиясыңдар!

«Балбырауын» биі. Орындайтындар: 9 сынып оқушысы Айтасова Алтынғаным мен 10 сынып оқушысы Жасқайратова Гүлсезім.

2- жүргізуші :Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл

адамға ортақ қазына.Жер,Табиғат,Отан,Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес

әрі мағыналас.Ондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу,қорғай білу,

қастерлей білу-бәріміздің борышымыз.Табиғатымыз аман болсын! Табиғатты түсіне білейік!

Хор: «Атамекен» . Жетекшісі: саз пәні мұғалімі Утегалиева Гүлсайран.

1-жүргізуші: Құрметті шақырулы қонақтар! Сіздерге арналған мерекелік концерттік бағдарламамыз аяқталды. Ендігі кезекте

«Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік, бір тал ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз, таза ауа үшін терімізді төгейік» -деген ұранмен мектеп ауласының көркейуіне өз үлестіңізді қосып, ағаш егуге шақырамыз. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын деген» сіздің қолыңызбен егілген әр тал ағашқа қарап, біз сізді әркез ұмытпаймыз.





































































Мектепішілік шара Жер күні мерекесіМектепішілік шара Жер күні мерекесі

</<br>








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал