- Учителю
- Сыныптан тыс шара Ұрпағы білсін қадірін, қазақтың ұлы Қадырдың! 8- сынып
Сыныптан тыс шара Ұрпағы білсін қадірін, қазақтың ұлы Қадырдың! 8- сынып
Ұрпағы білсін қадірін, қазақтың ұлы Қадырдың!
Құрметті қонақтар, ұстаздар,оқушылар. Талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Ұрпағы білсін қадірін, қазақтың ұлы Қадырдың!» атты әдеби кешке қош келдіңіздер.
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.
Мырзалының
Үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз ұлы кіндік мен.
Жүз демейін-
Түсінеді жөнді ұққан.
Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан.
Жалғыз едім өспей қойған атадан.
Жоғалуға қақым жоқ-ты сондықтан!
Ағайын жоқ ертелі кеш аңыздар,
Бар аздаған ойнамайтын балдыздар.
Бар аздаған жолдастарым.
Достарым.
Олар да сол: Мен секілді жалғыздар.
Әлі айтпақшы.
Жарқылдаған жарым бар,
Үш балам бар,
Құдай берген дарын бар.
Момын да емен көне кетер қорлыққа,
Асау да емен ала қашып арындар.
Өлең жаздым тоғыз тарау,
Жеті өрім.
Сездім соның жүректерге жетерін.
Жалғызбын деп
Жанға некер болмадым,
Өзімнің де болған емес нөкерім.
Сөйледім бе,
Сөйлемейтін бекерге,
Ақылымды алмасын деп кетерде.
Жағаласпай тыныш жүрсем,
Әлі де
Жаман жүрек жарап қалар лекерге!
Жас алып тұрып көзіме,
Жырлаймын, жерім, құп алсаң.
Түсемін тамып өзіңе,
Тола алмай тұрған көл болсаң.
Алысқа тағдыр әкетіп,
Амал жоқ егер шет қонсам,
Тиемін саған лап етіп,
Тұтанбай тұрған от болсаң-ақын өмірден өтіп бара жатқанын сезгендей тірі кезінде ақын осылай деп жырлаған екен. Келесі кезекті осы кешті әрі қарай жалғастыратын біздің жүргізушілерімізге берелік.
1-жүргізуші:
Ақын дарындылық, ақындылық туралы былай дейді: «Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы, өз үйі өз қара шаңырағынан басталады.
Өйткені, ақын да кәдімгі бала болған.Ал, ата-ана өздерінің ойда жоқта айрықша азамат, ұлы перзент әкелгеніне ә дегеннен сене алмайды. Басқа-басқа, құдай қосқан қосағы да жарының қандай ірі тұлға, қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп, елден естіп біледі, бірақ сене қоймайды, өтпелі дүние деп есептейді. Талантты алдымен танитын да табынатын да оқырман қауым, қалың ел халық!»
2-жүргізуші:
Иә қын жүрегінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадірдің қадірін оқырман қауым бірден ұғынды.Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды.
1-жүргізуші:
Халқымыздың әнұранына айналып кеткен Сөзі: Қ.Мырзалиевтікі, Әні: Ескендір Хасанғалиев ағамыз жазған, сүйікті әніміз «Атамекенді» бәріміз бірге айтып осы кешті ары қарай жалғастырамыз.
2-жүргізуші:
Қазір сіздердің алдарыңызда қазақ әнінің қадірі жерлесіміз Қадыр Мырзалиевтің Өмір жолына тоқталып баяндайтын 9 сынып оқушысы Шугепова Гүлдария
1-жүргізуші
Тілімнің көзі едің, бұлағы едің,
Сөз қоржынға асылын жияры едің!
Жастың да, кәрінің де тілін тапқан,
Өзіңдей ұлды қашан туады елің?- Тілдің туы 9 сынып оқушысы Куаншалиева Еркінгүл.
Тілдің туы
Тілсіз келген білімнің
Түбі нағыз қиғылық.
Көсегесін тілімнің
Көтеремін ту қылып.
Дәулет деген-Ұғындар!-
Кеше болса,бүгін жоқ.
Тілің болса-күнің бар,
Тіл болмаса-түгің жоқ!
Тілім- шипам дәрім де.
Мәңгүрт болып кен көрмен.
Абыройдың бәрін де
Маған осы тіл берген.
Тілсіз ақын жеңді ме
Айтысқанда мықтымен?!
Отанды да Елді де
Тіл арқылы ұқтым мен.
Жырға қосып алауын
Жалындаған от қыздың.
Жүректің де қалауын
Тіл арқылы жеткіздім.
Келер пәле басыңа
Кемел сөзге мін тақсаң.
Қастың өзі досыңа
Айналады тіл тапсаң!
Тілсіз келген білімнің
Түбі шаттық қиғылық.
Көсегесін тілімнің
Көтеремін ту қылып.
Диқан жаңбыр тілемес
Жатқанда астық қырманда.
Басқа қамың түк емес
Тілдің қамы тұрғанда!
Ақын көзі жұмылмас,
Жырдың кқзі жұмылмай
Елдің туы жығылмас
Тілдің туы жығылмай.!
2-жүргізуші:
Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көрмейтін қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі. Келесі кезекті бастауыш сынып оқушыларына береміз
Хайрова Арай Күз
Жайып салып алдыңа қалағанды,
Жемісті күз кезінде келе қалды.
Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,
Жаратпайды бірақ ол тонағанды
Күтіп жүр ек біз оны әуел баста- ақ,
Жәрмеңкені жібердік дереу бастап.
Астық, мақта, миясын- бар байлығын,
Алып қалдық еңбекке айыр бастап
Салімгереев Милат Ағаның ақылы
Айтайын сыр саған мен:
Дойбы ойнап бір ағаммен,
Үш-төрт рет қалдырдым,
Құмарымды қалдырдым.
-Жақсы ойнадың,інішек,
Біз де бір кез білгіш ек!-
Деді ол түйіп қабағын!
Нашар бірақ сабағың!
Көп ойнайсың дойбыны,
Зияны мол,
Қой мұны!
Гайнулиева Гүлдана Диктант
Кеше біздің класта
Диктант жаздық отырып.
Көшірдім мен Күләштан,
Бір парақты толтырып.
Үзілісте мен іште,
Асыр салып ойнадым.
Құрығанда бір «үшке»
Жаздым-ау деп ойладым.
Сөйтсем мойны ұп-ұзын
«Бір» алыппын, құрысын!
Дәптер беті қып-қызыл,-
Ұялған ғой мен үшін.
Маматов Қадырхан Бөпем
Бөпеме ызам келеді
Бір жыласа көнбейді.
Тек мамасын емеді,
Тамақ берсе жемейді.
Мен алтыға толғалы
Бәрін жақсы дей берем
Тамақ болса болғаны
Тәттіні де жей берем.
Алжекенова Жангүлім Күшігім
Кұшігім бар.
Күшігім
Кереметтей сақ құлақ.
Күзетіп үй есігін.
Көңілді жү шапқылап.
Құмары бір қанады.
Құрбыларым келгенде,
Бірден танып қалады
Бөгде жанды көргенде
Үріп тұрып жөнімен,
Қызық оның қашқаны.
Қорқып үріп,
Сонымен
Қорқытады ол басқаны.
Аманкелдиева Айша Тазалық
Сыпырғыш ап сыбанып
Шаң -тозаңды қудым кеп
Шүберек ап,су алып,
Сырлы еденді жудым кеп
Бір дақ таппай бөлмеден
Әне күліп тұр әпкем
Жалтырайды сырлы еден,
Сырлағандай лакпен
Бір жалған жоқ сөзімде
Еден айна сияқты.
Үйге енді өзімде,
Сүртіп кірем аяқты.
Сайлауов Диас Қыс
Әдемі әнші құстар кеп қонатын
Ауылдың айналасы бақ болатын.
Қыс өзі бүрсеңдеген бала талған,
Кигізді үстіндегі ақ халатын.
Алқаптан бір де қара дақ көрінбей,
Ақшақар төңіректі жапты ерінбей,
Әлі де із түспеген аппақ дала,
Басталмаған оқушының дәптеріндей.
Айдынгалиева Дана Ара
Қызғалдақтың қасына,
Қойып едім қондырмай.
Бізін сұғып басыма,
Шақты ара ондырмай.
Енді тимен мен оған
Ісіп кетті бас шекем
Балы тәтті болған мен
Тілі өзінің ащы екен!
1-жүргізуші:
Қадыр Мырза Әли 200-ге жуық ән мәтіндерін жазған. Оның әндері халық арасында кең тараған.Өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұргиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев сынды қазақтың дарынды сазгерлері әндер жазған
Ән: «Апам үшін» 3-сынып оқушылары Хайырова Арай және Гайнулиева Гүлдана
1-жүргізуші:
Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың,жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді. Қысқасы, басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттың асыл қасиеттерімен қаруланасың. Бастауыш сынып оқушылары
Тілегенов Жанарыс
Тағдырдың өзін табалап
Тындырсам бір іс келелі
Сол күні үйге «Мама-лап!»
Күлімдеп кіргім келеді
Қол созып күнге анаға
Көктейді жырдың тірегі
Мендей бір мәңгі балаға
Мәңгілік ана керегі.
Молдағалиев Әділет Бұлт пен қаңбақ
Күзгі дала көріксіз,
Құйын соғып есірді.
Қаңбақтарды еріксіз
Қуалады, көшірді.
Бірі жлда шалқайып,
Боз аспанға қарады.
Қанаттарын кең жайып,
Бұлттар көшіп барады.
Қаңбақ өзі ілгері,
Қалбаң қақты, бұлттарды
Қарап жүрмей тілдеді
«Қанғыбас!» -деп бұлттарды.
Алипкалиева Албина Асып-сасып
Бүгін қатты ұйықтаппын,
Бір кез шошып ояндым
Сағат сегіз боп қапты,
Қар басыпты үй алдын.
Татқам да жоқ тамақтан
Асып-сасып киіндім
Кешіктім деп сабақтан
Өз -өзімнен күйіндім
Біраз жер бар мектепке
Біздің одан үй алыс
Аптығыппын мен текке
Жетіп келсем -демалыс!
Есалиев Ермахан Кәмпит
Азу тісім ауырды,
Жатып қалдым бүк түсіп.
Тауыстым бар сабырды,
Бір жақ ұртым кетті ісіп.
Қарындасым монтиған,
Мұны анықтап көрмейді
-Ұртыңдағы томпиған
Кәмпитіңнен бер!- дейді.
Атантаев Асылхан Сабын жыры
Сабынмын,
Сабынмын,
Тазаға табындым.
Адамның еңбекқор
Қолына бағындым
Сабынмын,
Сабынмын,
Жастық тыс,
Жабындық
Кірлесе
Ақ көбік
Болып мен сабылдым.
Сабынмын,
Сабынмын,
Досың боп танылдым.
Кірменнен күресте
Қасыңнан табылдым!
Куаншалиев Ернұр Күз
Күз де келді, күз де келді:
Күдерін жаз үзген-ді.
Күз де келді, күз де келді:
Көкте бұлттар жүзді енді
Күз де келді, күз де келді:
Құстар мекен ізденді
Күз де келді, күз де келді:
Қондырмады түзге елді.
Күз де келді, күз де келді:
Керек оқу бізге енді.
Хамидуллина Аружан Ағамның жауабы
Өзімше бір мақтанып,
Хат жазғанмын ағама.
«Аға» қазір хат танып,
Жарап жүрмін бағаға.
Сұрақтарға кідірмей
Бере аламын жауапты
Диктант, болса мүдірмей,
Жаза аламын сауатты
Ағам жауап жлдапты,
Жетіп келді бес күнде
Оқып шығып ол хатты,
Көрсетпедім ешкімге!
Бекмағамбетов марат Сағыныш
Алғаннан соң демалыс
Алаңдамай өңгеге,
Қаладағы ең алыс,
Кеттім аға-жеңгеме.
Бәрі қызық балаға
Бар қызықты қармадым.
Көшелерді кей-кейде
Кезіп жүрдім жалғыз -ақ.
Асыр салып күнгейде
Алып жедім балмұздақ
Көлеңкелеп шынарын,
Күнде сүрттім терімді
Басылғанша құмарым,
Бәрі қызық көрінді.
Бір айдан соң жүрдім шақ
Қайтамын деп жыландым
Атамды да
Ұрыншақ
Достарды да сағындым
Жуманиязова Элмира Бірінші бестік
Бүгін үлкен қуаныш-
Беске бесті қоса алдым.
Былай қалып жаман «үш»,
Бірінші рет «бес» алдым.
Жайда бергім келмейтін,
Күнделікті ұсындам.
Оқытушым күлмейтін,
Күлді содан қысылдым.
Қояры бір «бес» еді,
Оқытушым ондырды:
«Екімді» де кешегі
Күнделікке қондырды.
1-жүргізуші
Жайлауың болар жеріміз.
Төсегің болар төріміз
Білгіңіз келсе қазақты
Қонағы болып көріңіз.
Төгілген қан мен теріміз
Туыстық бізде еріміз.
Білгіңіз келсе қазақты
Тегіне тиіп көріңіз.- дегендей 6-сынып оқушысы Тлегенов Бекарыстың орындауында «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін тамашалайық.
Тлегенов Бекзат Қазақ пен қонақ
Жігіттің қапалысын,
Азалысын
Жырменнен жұбатпасаң-
Жазалысың.
Қонақсыз,
Той думансыз өткен өмір
Өмірге саналмайды қазақ үшін.
Осындай қазақ інің,
Қазақ ағаң.
О бастан аңсағаны таза қоғам
Адамдар арасында ғұмыр кешіп,
Адаммен араласпау
Азап оған
О бастан жомарт қазақ топырағы
Ол қашан дастсрқансыз тоқырады.
Мейманға нәрін беріп,
Барын беріп
Қонақтан қалғанын жеп отырады.
Баласы батаменен ауызданған,
Бабамнан мәрттік жайлы аңыз қалған
Болмаса өз қонағы
Көршісінің
Қонағын бірер күнге қарызға алған.
Арудың қапалысын,Азалысын
Күйменен жұбатасын,жазалысын,
Қонақсыз той-думансыз өткен өмір
Өмірге саналмайды қазақ үшін.
2-Жүргізуші
Қадыр ақын асыл анасына өз-өлең жолдарымен өшпес ескерткіш орнатқан. Қазақ әлеміндегі біртуар азаматтың сүйіспеншілігіне бөленген Мағыраш апа
Екі дүниеде де арманы жоқ бақытты ана.Ақын анасынан жырақта жүргеніне қайта-қайта толғанып, анаға деген ыстық ықыласы мен махаббатын өлең жолдарымен жеткізеді.
Ихсанова Айжан Ана
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады:
Сен деп жаздым алғаш өлең -дастанды.
Қуандым ба?
Өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба?
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады:
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем,
Бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба?
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм-ол да сендік сүт еді.
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сеннен басталып,
Жауларыма жеткен жерден бітеді!
«Жалқаубек» Аманкелдиева Айша
Имашева Айжан
Жұртқа келген қайғыны
Жігіт едің ұғатын.
Әке,бірақ,
Әйгілі
Ақын деген жоқ атың.
Жымысқылар қан аңсап,
Жүргенде елді ықтырып,
Досқа дос боп қала алсаң,
Ол да,сірә мықтылық!
Су жүректер сақтықты
Ұстағанда шатыр ғып,
Сақтай білу пәктікті
Ол да, сірә батырлық!
Көңіліңді өртенген
Көміп кетпей ішкілік.
Сене білсең ертеңге,
Ол да,сірә күштілік!
Сендер көрген көгеннің.
Сырын естіп көрдік қой.
Өмір сүру дегеннің
Өзі дағы ерлік қой
Қажғалиева Жаңылсын
Адам күліп тумайды,туа сала күлмейді.
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, Жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі,өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда-жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде-жақсылар бар қимайтын.
Сайлауов Салауат
Уа,дала! Сен болмасаң гүл шығар ма еді!
Ат мініп, көкпар тартып құлшынар ма ек!
Құдайда храм болса ойлаймын мен,
Ол- мына шетсіз-шексіз сен шығар деп.
Жаз болса сағым атты ағыс басып,
Жатады көл -көсір боп табыс тасып.
Ол дағы сенің арқаң жақындасса,
Көкжиек көкжиекпен туыстасып.
Уа далам! Кеңдігіңе тамсандым кеп,
Айта алман бәрін жазып тауыса алдым деп.
Сен -алып пластинка дөнгеленген,
Инең боп тұрады ылғи ән салғым кеп!
Букенбаева Жанна
Бабамыздың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы - тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы-қимаған даланы кең.
Бір жаманы-жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы-тілге ерік берген екен.
Бір жаманы-кетпегенорашолақ,
Бір жақсысы -найзагер,мерген екен.
Бір жаманы -кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы-күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы-қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы-сүйгенін алып қашқан.
Бір жаманы -шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы-қулықпен жанды ұтпаған,
Бір жаманы-үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы-жесірін қаңғытпаған.
Тату тәтті көршілер шыр бұзбаған
Бірге тоңып суықта, бір мздаған.
Бір жаманы-сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы- абақты тұрғызбаған!...
Саржан Елжан
Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы.
Маған ыстық елімнің күні түгел қырауы!
Мен жеріме байланғам сағынышты арқан ғып,
Көкейімде тұрады ылғи да бір дарқандық.
Әлсін-әлсін еске сап, ұмыттырмай жыр-дана,
Көмейімде тұрады ылғи да сол қыр -дала!
Көңілімде бір ғана,көкіректе бір ғана
Қайран дала-сыр дала,
Қайран дала-нұр дала.
Қайда жүрсем далама асығамын тасып қан,
Ботақандай інгеннің бауырына асыққан!
Тілеккабулова Айшагүл Бір үзім нан
Бүгін көңіл семірді ғой,
Семірді!
Бітік егін жауып кетті өңірді.
Бір жүз грамм арақ емес,
Бір кезде
Бір үзім нан алып қалған өмірді:
Бір үзім нан-қолда кетпен ойнатқан,
Бір үзім нан-шымға соқа бойлатқан.
Бір үзім нан-нулы көлде шөп шауып,
Бір үзім нан-қу далада қой баққан.
Бір үзім нан-жүк көтерген бір батпан,
Бір үзім нан-би билеткен жырлатқан.
Бір үзім нан-кірпігіңді сулаған,
Бір үзім нан-омырауды құрғатқан.
1-Жүргізуші
Сонымен қатар Қадыр ағамыз қазақтың киелі домырасында жырға қосқан
Аманкелдиева Гүлдария Айнамкөз
Домбыра
Екі ішектін бірін қатты,бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ-нағыз қазақ емес,
Нағыз-Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды,содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре,одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Жалған сөйлеп көрген емес бірақ соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кзінде.
Бір ішегінде биіктік бар,бір ішегінде тереңдік.
Ол мақауды сөйлетеді, жылатады кереңді.
Көкірекке толған кезде бар қуаныш,бар бақыт,
Сандуғаш боп,бұлбыл болып сайрайды ол әр уақыт.
Көкірекке толған кезде бар қасірет,бар қайғы,
Бозінген боп боздайды ол, бозінген боп сарнайды.
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре,одан асқан жоқ дана.
Екі ішектің бірін қатты,бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ-нағыз қазақ емес.
Нағыз қазақ домбыра!
1-Жүргізуші
«Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың... Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.Өзін білмесе де сөзін біледі.Мұндай даусыз даңқ,татаусыз танымалдықтың сыры- Қадыр талантының қарапайымдылығында»
Кітапханашы
«Жырлары жалын атады,
Шиыршық атып жасындай
Ұрпағы білсін қадірін,
Қазақтың ұлы Қадырдың»,- дегендей, ақиық ақынымыз Қадырдың есімі өзіміздің ұрпағымызбен бірге жасайды. Қазақ әдебиетіне өшпестей із қалдырған, есімі алтын әріптермен жазылған ақын мұрасы мәңгі жасамақ. Біздің бүгінгі кешіміз бүгінде арамызда жоқ ақынның рухына арналады.
Иә, «Жақсының жақсысын айт нұры тассын» және «жақсының хаты мәңгі сақталар» дегендей, Қадырдың өлеңдері иесі қазақ баласының мерейін өсіріп, мәртебесін көтеріп рухтандарары сөзсіз.
Ендеше, ақын рухына тағзым етіп, жырларын жаттап болашаққа қарыштаңдар дегім келеді.
2-Жүргізуші
Қадыр елі,Қадыр жері -Қадыр жырларын ешқашан ұмытпаймыз. Мұнан кейін Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнімен кешімізді жабамыз.