7


Бала тілі бал 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі









































Бала тілі бал 2 сыныпБала тілі бал 2 сынып





Өткізген: Қосжанова М





















</ Кентау 2015 жыл

Бала тілі - бал

Мақсаты: Балалардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға тест сұрақтары арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Әдіс - тәсілдер:Сұрақ - жауап

Көрнекілігі:проектор, бейнесюжет, слайд - шоу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу

Қымбатты әріптестер, қонақтар және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз! «Бала тілі - бал» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызға 3 топ қатысқалы отыр. «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар»- дегендей ортаға сайыскер топтарымызды шақырып алсақ.

топтарды ортағы шақырып таныстырамыз

Сайысты бастамас бұрын сендерге баға беретін әділқазылармен таныс болайық. Төрт құбыламыз тең болған сияқты, олай болса сайысымызды бастайық.

Балақайлар ең алдымен сайыс ережесімен таныстырайын:

Сайыс 3 айналымнан тұрады:

1. Ширату,

2. Ойлан тап,

3. Боямақ

Ендеше 1 - ші бөлімге кезек берейік. «Ширату»

Ойынның шарты: Балақайлар мен сендерге ойынның ережесін түсіндіріп өтейін. Сендерге теледидардан кішкентай бүлдіршіндер бір зат атаулысын суреттеп, сипаттап айтып береді сендер соның қандай зат екенін табуларын керек. Ойынның шарты түсінікті ме?

1 - ші бейне сұрақ: Сәукеле

2 - ші сұрақ: Әпке

3 - ші сұрақ: Қал

4 - ші сұрақ: Сәбіз

5 - ші сұрақ: Балық

6 - ші сұрақ: Сабын

Ұпай санарын қорытындыласақ.

Ендеше 2 - ші бөлімге кезек берейік. «Ойлан, тап»

Мен сендерге тест сұрақтарын жасырамын. Ол сұрақтар сендердің өткен оқу іс-әрекеттеріңдегі тақырыптарға байланысты болмақ. Сұраққа бірінші жауап беру үшін, алдарыңызда тұрған әуенді ойыншықтың тетігін басасыңдар. Дұрыс жауапқа үш ұпай, жауап бермеген жағдайда ұпай берілмейді.

1 - сұрақ: Неге жапырақтар күзде сарғаяды?

А) күн суытады

Ә) желдің әсерінен

Б) күнге күйіп кетеді

В) бұл табиғат заңдылығы

2 сұрақ: Бір жарым балық бір жарым теңге тұрады. Бес балық қанша тұрады?

А) бір теңге

Ә) бір жарым теңге

Б) 3 теңге

В) бес теңге

3 сұрақ: Тасымалданбайтын 1 дыбысты буыны бар 2 буынды сөзді тап?

А) оқ

Ә) киік

Б) елік

В) тоқ

4 сұрақ: Үстел үстінде бес майшам жанып тұр еді. Еркін оның төртеуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше майшам қалды?

А) бір майшам

Ә) үш майшам

Б) төрт майшам

В) бес майшам

Екіінші бөлімнің ұпай сандарына кезек берсек....

Балақайлар көзді ашып жұмғанша 3 - ші бөлімге де келіп жеттік.

Үшінші бөлім: «Боямақ»

Ойынның шарты мынадай бұл бөлімді жүргізу үшін маған көмекші керек. Мына конверттің ішінде қандай ертегі кейіпкері жасырынған табуларың керек. Ал мен көмекшім екеуміз өзара сұрақ қою арқылы сендерге бағыт береміз.

Өгей шешесі 2 әпкесі бар. Жұмысты көп істейді. Оны әкесі жақсы кореді.

Үшінші бөлімді де аяқтадық, енді ұпай сандарымен таныс болайық. Жарайсыңдар балақайлар, қандай тапқыр едіңдер! Үш бөлімде де өздеріңді жақсы көрсетіп шықтыңдар! Осымен «Бала тілі - бал» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Жарыс болған соң жеңімпаз болуы тиіс. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Балаларды мадақтау, марапатттау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал