7


Тәрбие сағаты. 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Ассамблея - татулық Темірқазығы»

Мақсаты: Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.

Көрнекілігі: шаңырақ, қанатты сөздер, видеопроектор, слайдтар, ұлттық киімдер

жүргізуші:

Таңы атты шындықты қолдайтұғын,

Басымызға бақ - дәулет орнайтұғын.

Қазақ деген елім бар құшақ жайған,

Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын

Міне осындай бар менің Республикам!

Кеш жарық! Қаламыздың ақжаулық

аналары мен ардақты азаматтары!

жүргізуші:

Армысыздар қадірменді көрермендер!

Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. 23 жыл ішінде Қазақстанды 120 - дан астам ел танып, 130 - дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату - тәтті өмір сүруде!

жүргізуші: Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес.

жүргізуші: Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады деп, бүгінгі Ассамблеяның 20 жылдығына орайластыра өткелі отырған

«Ассамблея - татулық Темірқазығы» атты фестивалімізді ашық деп жариялаймыз. /Әнұран орындалады/

Бүгінгі мерекемізді құттықтау сөз бен ақ тілектен бастаймыз. Құттықтау сөзді мектеп директоры - Жұмагелдиева Гүлдариха апайға береміз.

Келесі құттықтау сөзді ______________________________ мырзаға беріледі.

жүргізуші: Ассамблея.

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»деген тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІІ сессиясын өткізген болатын. Қазақстан халқына бақ болып қонған келісім мен бірлік «Бір ел - бір тағдыр» ұстанымына сүйене отырып, Қазақстанның барша азаматын Елбасының ел тұрғындарына жолдаған «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Жолдауындағы міндеттерді іске асыру жолында бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмылуға шақырды.

Ассамблеяның ХXІІ сессиясының қатысушылары Қазақстан халқының ұлттық рухы - дәстүр, отансүйгіштік, жаңару мен жеңіс рухын нығайтуға шақырды.

Біз, ел азаматтары, Ұлт көшбасшысы Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бірлесе отырып, күшті, ырыс - ынтымағы тасыған, өркені дамыған Тәуелсіз Қазақстанды құратынымызға сенеміз!

жүргізуші:

Елді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен - бірі туысқан.

Қол ұстасқан ел жатыр

Қырғыз, қазақ, Өзбектер

Армян, түрік, грузин.

Орыс пенен Украин

Терезесі тең жатыр,

Алатау Кавказ ұласып

Баурайы бұйрат кең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап

Құлаққа даусы кеп жатыр - деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату - тәтті, достық қарым - қатынаста.

жүргізуші:

Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан, Тәуелсіз еліміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерін ортамызға шақырамыз. Қырғыздар, Молдавандар, Армяндар, Тәжіктер, Грузиндер, Азербайжандар, Түркімендер, Орыстар, Өзбектер, Украиндар өз өнерлерін ортаға салып, баптарын сынау үшін қонақтарын қарсы алайық. Біз өзіміздің салт - дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек. Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір. Олай болса осындай бірлігі жарасқан, өз жеріміздегі әр ұлт өкілдерінің өнерлерін тамашалап, бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Әділқазылар алқасы әр елдің өнерін бастауыш, ортаңғы, жоғары буын бойынша бағасын береді.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

жүргізуші: Фестиваліміздің бағдарламасында әр ұлт өкілдері өз елін таныстырып, 10 минут аралығында өз елінің салты жайында айтып мың бұрала биін билейді.

Осы 7 - 10 минуттық бағдарлама аралығында әр ұлт өкілдерінің таныстыру мәнерлерін, сахнада өздерін ұстау, би элементтерінің бір - бірімен жалғасуы, сарапқа салып, жоғары ұпай - 5 деген балдық жүйемен есептелінеді.

Сонымен бірге бүгінгі фестивалімізде «Үздік би», номинациясы бойынша марапатталады.

жүргізуші:

Қазақ жері достықтың гүлстаны

Дархан өлкем - мерейлі ырыс - бағы

Күрестерде, еңбекте, мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады

- деп «Ассамблея - татулық Темірқазығы» атты фестивалімізді бастаймыз.



жүргізуші:

Ортамызға Қырғыз - Қазақ

бір туған дегендей, өз өнерлерін ортаға

салу үшін айыр қалпақты қырғыз ұлтының

өкілдері келіп отыр. Қырғыз ұлтын сахна

төріне шақырамыз!



жүргізуші:

Молдова бау мен бақша, жүзім елі,

Қысы жұмсақ, шұрайлы туған жері.

Халқы Молдован мен гагауыздар,

Орыс, украин, словян - ата тегі.

- деп молдавандарды ортаға шақырамыз.



жүргізуші:

Биік Памир тауын ел:

«Жер шатыры» деседі.

Төрі - қары қалың бел,

Етекте гүл өседі.

Күн қыздырып жүзіңді,

Мұнда өзендер ағады.

Шабдалы мен жүзімді

Суарады, бағады.

- деп Қазақстанмен достық қарым - қатынастағы Тәжік ұлтын ортаға шақырайық.

жүргізуші:

Грузия - тау елі,

Әлемге әнін шалқытқан

Гүлге тұнған бау, белі

Жұпар иісін аңқытқан.

Мұнда келген біледі

Дәстүрлерді түрлі ескі:

Грузиндер сүйеді

Би мен ойын, күресті. - деп ортамызға грузиндердің өнерлеріне тәнті боласыздар. Қолпаштап қолдап отырыңыздар.



жүргізуші:

Шығарады барлығы

Су астынан «жер майын»,

Бұл өлкенің байлығы -

Азербайжан мұнайын.

Сан ғимарат тас үйдің

Көп ескі де жаңасы.

Жағасында Каспийдің

Порт Баку - бас қаласы. - деп ортамызға азербайжан ұлтын шақырамыз.



жүргізуші:

Әнге қосып жатады.

Құстар таңда сайраған:

Мақта,

Жүзім алқабын,

Жасыл бақты жайнаған.

Қарабұғаз тұзынан

Шымыр шыны жасалар.

Ұқсап ұл мен қызына,

Жылда Ашхабад жасарар. - деп сахна төріне түрікмен халқын өз өнерлерін салуға шақырамыз.



жүргізуші:

Әр уақытта аялар ардағымсың

Төріме шық!

Ең жақын қонағымсың - дегендей Қазақстанмен ең қуатты әлеуметтік, мәдени байланыс орнатқан - Ресей елі. Сондықтан көршілес ел болғандықтан еліміздің халық санының тең жартысы орыс ұлты. Ортамызға қошеметпен орыс ұлтын шақырамыз.



жүргізуші:

Дүние жүзіне танымал ғалым, дәрігер болған Ибн Синаның отаны.

Ғ: Дініміз - бір, тіліміз бар өз ағамды,

Тақиялы, киген ала шапанды.

Өрік - мейіз, жаулаған шығыс базары

Алдымызға шақырдым Өзбек акамды. - сахна төрінде өзбек ағайындар.



жүргізуші:

Сәлеміміз жетсін саған ер халық.

Жүректердің махаббатын ірге алып

Бұл махаббат Днепрдей мөп - мөлдір

Бұл махаббат жұлдыздардай тұр жанып.



Көп байлықты үйіп берген құдайым,

Қазақпенен дос боп келген лайым.

Қарабұтаққа келген жазушы, ақын, суретші

/екеуміз бірге/ Алдымызда Тарас елі - Украин.



  • Тәуелсіздігіміздің 20 жыл ішінде құрылған біздің ОРТАҚ ҮЙІМІЗ - туған Қазақстанымыздың ең басты мерекелерінің бірі.

  • Біздің елдің берік қабырғасы тұрғызылды.

  • Біздің шаңырағымыз көкке көтерілді.

  • Біздің тереземіз мөлдір.

  • Біздің үйіміздің есіктері бүкіл әлемдегі барлық достар үшін кеңінен ашық!

Олай болса ынтымағы жарасқан елімізде тату - тәтті өмір сүріп жатырған барлық ұлт өкілдерін ортамызға шақырамыз.



Әділқазылар алқасы бүгінгі кешіміздің қорытындысын шығарып, марапаттау қағаздарын әзірлегенше әсем ән жолдаймыз.

ӘН: ________________ орындайтын Мушкалова Злиха

жүргізуші:

Достық екен ең керегі өмірдегі

Достық болып дүние дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос деп толқып

Қанымыздай жүгірді жүректегі.



Фестивалға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салған әр ұлт өкілдерін марапаттау үшін әділ - қазылар алқасын сахнаға шақырамыз.

Егер демеуші боламыз деген көрермендер болса сөз береміз.

жүргізуші:

Жанға қымбат тамырлас, ғұрыпты елмен

Жалғасқанбыз достықпен үміттермен

Аман болсын елімнің кең даласы

Адамдарға бауырластық рух берген. - деп бүгінгі ұлтаралық фестивалімізге ат салысып қатысқан оқушыларды жүлделерімен құттықтаймыз. Өнерлерін - өрлей берсін деп белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.

жүргізуші:

Оқушыларды дайындап, қадағалаған сынып жетекшілеріне, көмектерін аямаған мектеп жастарына, сонымен қатар әр ұлттың киімін дайындап көмектескені үшін ата - аналар қауымына, кешімізді саралап, бағалаған қазылар алқасына, алғысымызды білдіреміз.

Бүгінгі мерекелік кешіміздің қадірменді көрермендері уақыттарыңызды бөліп, балаларыңыздың қуанышын бөліскендеріңіз үшін көп - көп рахмет.

Осымен «Ассамблея - татулық Темірқазығы» - атты ұлтаралық фестиваліміз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет.

Байрағың биікте желбірей жайнасын,

Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын...

Уа, халқым, қуаныш құтты боп жасай бер

Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын.

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз - тәуелсіздік, тілегіміз - тұрақтылық, білегіміз - бірлік! - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай

Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз мәңгі болсын.

Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал