- Учителю
- Пікірталас Жанұядағы зорлық жеке іс пе, әлде әлеуметтік мәселе ме?
Пікірталас Жанұядағы зорлық жеке іс пе, әлде әлеуметтік мәселе ме?
Жанұядағы зорлық жеке іс пе, әлде әлеуметтік мәселе ме?
Мақсаты: 1. Отбасының принципі - оның кез келген мүшесінің қауіпсіз өмір сүруі екендігін түсіндіру. Зорлық пен зорлық әрекеттерінің түрлері туралы және өзінің құқықтары туралы айту;
2. Жанұяда, мектепте, аулада балалар арасында туған дау-дамай, кикілжің мен зорлық-зомбылыққа педагогикалық тұрғыда көмек беріп, теріс бағыт алып кетуінен сақтандыру;
3. Балаларды үнемі ақжарқын, көңілді, мейірімді болуға және әркім өз тағдырына жауапты екенін айта отырып, өмір заңдылықтарына төзімді, шыдамды етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, слайдтар.
Қатысушылар: ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер.
Түрі: пікірталас.
Сабақ әдісі: әңгімелесу, талдау, ой толғау, сұрау пікір алмасу.
Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті балалар! Сіздер өз құқықтары мен міндеттерін білетін ХХІ ғасырдың бақытты ұрпақтарысыздар! Құрметті ата-аналар, мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
«Қадір-қасиет» жаттығуы
Әркім кезекпен өз есімін атап, есіміне қоса өзінің бойындағы қасиетін айтады. Қатысушылар өздеріне ұнаған қасиетті не үшін алғандары жөнінде әңгімелеп береді.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес «Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар»
Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы-еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп,күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл- адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы - «Адамнан-адам тәлім алады, ағаштан -ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.
Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға-тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде,біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық- зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық - өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
Психолог: Үйдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық нені білдіреді? - деп сұрақ қойды. Ата-аналардың, балалардың пікірлерін тыңдағаннан кейін өзі толықтырып кетті.
Оның түрлері көп, бірақ негізгі мақсаты: зорлаушы өзінің әріптесін қорқыныш арқылы бақылағысы келеді.
Тәндік зорлық жасау. Қол жұмсау, шапалақ, тебу, итеру, жұдырықпен ұру, ұрып-соғу.
Сөзбен зорлық жасау. Үнемі мін айту, қорлау, оған күлу, әңгімеде әмір бере сөйлеу, ұрысу, әңгіменің тақырыбын өзгерту.
Оңашалау. Балалардың, туған-туыстардың көзінше қысым жасайды, телефон әңгімелерін тыңдайды, поштаны тексереді.
Күштеу. Жәбірленушіні моральды түрде қыспаққа алады, балалармен айлалы әрекеттер жасайды, өзінің дұрыстығын үнемі дәлелдеп отырады, «жүріс-тұрыс» ережелерін белгілейді, оларды бұзғаны үшін жазалайды.
Келемеждеу. Аңдиды, көпшіліктің көзінше қорлайды, көпшіліктің алдында ыңғайсыз жағдайға қалдыруға тырысады, үнемі бақылап тыным бермейді.
Қаржы бақылауы. Есепшоттар бойынша төлеуден бас тартады, ақша бермейді, жұмыс істеуге рұқсат етпейді, өзі жұмыс істеп, жанұяны асыраудан бас тартады.
Сенімді теріс пайдалану. Өтірік айтады, берген сөзін орындамайды, маңызды мәліметтерді жасырады, негізсіз қызғанады, шаруасына көмектеспейді.
Қауіп төндіру және қорқыту. Жәбірленушіге, балаларға, үй жануарларына қатер төндіреді, қорқыту үшін тәндік күшін көрсетеді, айғайлайды, қару кезенеді.
Ортақ меншікке нұқсан келтіру. Жиһаздарды аудару, ыдыс сындыру, заттарды лақтыру.
Өзіне қатысты тәртіп бұзу. Есірткіні немесе алкогольді пайдаланып, өзіне өзі қол жұмсаумен қорқытады.