7


  • Учителю
  • 1ден - 5ке дейінгі цифрлар. Цифрды заттың саннымен сәйкестендіру.

1ден - 5ке дейінгі цифрлар. Цифрды заттың саннымен сәйкестендіру.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным».

Ұйымдастырылған оқу әрекеті: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар. Цифрды заттың санымен сәйкестендіру. Логикалық тапсырма. Жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта.

Мақсаты: Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; кеңістіктегі қарым-қатынастар (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде) туралы түсінік қалыптастыру; заттар әртүрлі арақашықтықта орналасқан жағдайда топтарды теңестіру; балаларды 5 заттың арасынағы сәйкестікті табуға, оларды бес-бестен топтастыруға үйрету.

Сөздік жұмысы: Бір - один, Екі - два, Үш - три, Төрт - четыри, Пять - бес.

Көрнекіліктер: 1-5-ке дейінгі сандар қатары.

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғалушылық

«Цифрды тап» д/ж.

Педагог 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды үстелге орналастырады. Содаң соң балаларды кезек-кезек шақырып, кез келген бір цифрды алуын және сол туралы тақпақ айтып беруін сұрайды.

Балалар цифрлар туралы тақпақтар оқиды.







1-тапсырма.

Педагог балалардан: «Сендер қандай цифрларды білесіңдер?» деп сұрайды.

Содан соң суретпен танысып, тек қана цифрларды бояуға тапсырма береді.

-Сендер қандай цифрларды боядыңдар?

«Гүлдесте жасаймыз» ойыны

2-тапсырма.

Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

-Балалар, далада өсіп тұрған түймедақтарға қараедаршы. Келіңдер, бәріміз бес-бес гүлден алып, гүлдесте жасайық та, достарымызға сыйлайық.

«Түрлі жіпті ...» Сергіту минуты.

Түрлі жіпті көп тауып,

Кесте тікті ақ тауық,

Кауындықта ақ қораз

Дайындады қақ біраз.

Балалар сұраққа жауап және тапсырманы орындайды.















Бір, екі,үш, төрт, бес.







Балалар бес гүлден қоршап, оларды бір топқа біріктіреді.









Балалар мәтін бойынша жаттығу жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

3-тапсырма.

Педагог жұмбақ жасырады:

Бір аяғы, қалқиған қалпағы бар,

Ағаш түбінде тұрағы бар.

-Балалар, суретке қарасаңдар, заттар саны біртіндеп көбейіп отырады. Заттарды санының өсуіне қарай бағыт сызығымен сызып көрсетіңдер.

4-тапсырма.

Педагог балалардан суретке мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

-Сол жақтағы жоғарғы суретте ненің суреті салынған?

-Оң жақтағы суретте ненің суреті?

- Сол жақтағы төменгі суретті ше?

-Шаршылардың қасындағы заттарды мұқият қарап шығындар және жетпей тұрған фигураны бояңдар.

-Кәне, балалар, нені боядыңдар?

Балалар жұмбақтың шешуін табады: саңырауқұлақ:

Балалар 1-ші саңырауқұлақтан бастап екіншіге, т.с.с. ретімен сызып көрсетеді.















Балалар сұрақтарға жауап береді.



Алма.



Шырша бүрінің суретін боядық.





Рефлекциялық-

түзетушілік







Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балаларды мадақтайды.







Балалар өз жұмысын педагогтің үлгісімен салыстырады.



Күтілетін нәтиже:

Қолдана алады: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды;

Түсінеді: цифрды заттың санымен сәйкестіндіруді; заттарды топтастыруды:

Жаңғырта алады: кеңістіктегі қарым-қатынастар (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде) туралы түсінкті.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал