7


  • Учителю
  • Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі тәрбие сағаты

Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі.



Мұғалім: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз күні де келіп жетті. Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

  • Бүгінгі біздің мерекеміз екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімді әже-аналарына арналған ән мен тақпақтарға , ал

екінші бөлімді « Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» атты сайысымызға береміз.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып,

Шуағын бізге шашады, - демекші Хордың орындауында «Көктем» әнін тамашалаңыздар.

Мұғалім: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ,

Тақпақтар: Жасұлан, Аңсаған, Алема, Айым,

Хор: «Көктем әні»

Аймалайды «Күнім»деп,

Мейірімді жүзі күлім деп.

«Тәтті-ақ» дейді немере,

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім? (әже)

Тақпақтар: Анель А, Малика, Адия, Гүлназ

Келесі тыңдайтын әніңіз «Ажем-анам»(хор)

Көрініс: «Бәрінен де жақсы»











Мұғалім:Ана осы бір жалғыз ауыз сөзде талай сыр талай терең мағына жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі ақ тілегі сәби үшін қаншама қиындықты төтеп беретін төзімділікті бәрі тек сөзге сыйып тұрғандай!

Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әншіде күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім.

Хор: «Мама»





Екінші бөлім.



Мұғалім: « Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» атты сайысымызды бастамыз.

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық.



Біздің бұл сайысымызға 3 топ қатысады.

1 топ: «Қызғалдақтар»

2 топ: «Раушангүлдер»

3 топ: «Бәшешектер»

Бұл жарыс: 1. Таныстыру

2. Көңілді аспазшы

3. Ине мен жіп

4. Шаш үлгісі

5. Өнер

6. Мерекелік салат сияқты кезеңдерінен тұрады.

I кезең.Таныстыру

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстырыңдар өзіңді.

ІІ кезең. Көңілді аспазшы.

Әр топ 1минуттың ішінде тағам түрлерін (атауын) жазу керек. Қай топ тағам түрін көбірек жазса, сол топ жоғары ұпай санын алады.

ІІІ кезең. Ине мен жіп.

Әр топтың ішінен қыздардың бірі ине мен жіпті пайдалана отырып, түйме қадауы тапсырылады. Қадалған түйме эстетикалық жағынан таза әрі әсем, көрнікті болуы керек.

Қыздар түйме қадағанша аналармен бірге ойын ойнайық. Алдымен бір жұмбақты шешіп көрейік: Алқапта бар биiк тау,

Алды тiк жар қиық тау.

Қос үңгiрi желдетiп,

Ауа жұтар селдетiп. (Мұрын)

  • Ендеше «Кімнің мұрны ең күшті?» деген ойын ойнаймыз. 1-2 ана шығып, олардың көздері байланады. Сіздердің мұрныңыздың алдына көкөніс, не жеміс қойылады, ал сіз мұрныңызбен иіскеп, оның атауын дұрыс табу керексіз. (лавр жапырағы, қара бұрыш, пияз, сарымсақ, алма, апельсин, қияр және т.б.)

Ойын: «Жұмбақ қаптама» . 1-2 ана шығып, олардың көздері байланады. Сіздердің қолыңызға жұмбақ қаптаманы береді, сол қаптаманың ішінде не бар екенін шешу керексіз . (кептер, шынашқы, үгкүш, ожау).

Мұғалім: Қазақ қызы десе , беті ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Қазіргі қыздарға тән ұзын шаш жойылып кеткен жоқ, қайта көбейіп келеді. Бұрым меніңше әсемдік, әдемілік қатарына кіреді.

Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін ?

ІҮ кезең. Шаш үлгісі. Аналары қыздарына үйден шаштарын жинап, өріп, шаш үлгісін жасады. Сол жасаған шаш үлгісін қорғауға ортаға шақырамыз.

Мұғалім: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреулер ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға

Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

Ү кезең. Өнер сайысы. Әр топ өзінің дайындаған өнерін көрсетеді.

1 топ: «Қызғалдақтар» Үнді биі

2 топ: «Раушангүлдер» Ән:

3 топ: «Бәшешектер» Қаражорға биі

ҮІ. Кезең. Мерекелік салат .

Әр топтың дайындаған өзінің мерекелік салаттары бар. Әр мерекелік салаттың атын, дайындаған кезеңін, құрамын айтып беруі тиіс.

Әділ қазылар өз қорытындысын шығарғанша, көріністі тамашалаңыздар.

Ойын: «Картоп аршу». Екі ана шығып, алдындағы картопты жұқалап, үзбей қабығын аршуы керек.

Әділ қазылардың қорытынды сөздері, мадақтау.



Ұлдардан аналарға сыйлық ретінде «Вальс» биін ұсынады.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды











































Бағалау парағы



Таныс

тыру

Көңілді аспазшы

Ине, жіп

(түйме қадау)

Шаш үлгісі

Өнер

Мерекелік салат

Қоры-

тынды

1

Қызғалдақтар

















2

Раушангүлдер

















3

Бәйшешектер



















Ең жоғары ұпай саны - 10.







Бағалау парағы



Таныс

тыру

Көңілді аспазшы

Ине, жіп

(түйме қадау)

Шаш үлгісі

Өнер

Мерекелік салат

Қоры-

тынды

1

Қызғалдақтар

















2

Раушангүлдер

















3

Бәйшешектер



















Ең жоғары ұпай саны - 10.









Бағалау парағы



Таныс

тыру

Көңілді аспазшы

Ине, жіп

(түйме қадау)

Шаш үлгісі

Өнер

Мерекелік салат

Қоры-

тынды

1

Қызғалдақтар

















2

Раушангүлдер

















3

Бәйшешектер



















Ең жоғары ұпай саны - 10.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал