7


  • Учителю
  • Конспект Утренника кош келдин Улыс кун

Конспект Утренника кош келдин Улыс кун

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қош келдің Ұлыс күні Наурыз!»

Жүргізуші Зарина: Аманбысың,армысың халқым менің

Ақтарған кең даламның алтын кенін,

Мереке басы болсын берекенің

Ардақта Наурыз тойын,салтыңды елім!

Жүргізуші Мұханбетали: -Дәл осы күні біз сіздермен Б.Нысанбаев орта мектебінің 2 «е» сыныбында Наурыз мерекесін тойлауға2 ауыл болып жиналып отырмыз.Олар 2топ «Бәйшешек», «Қызғалдақ»

Зарина : Наурыз келсе,Құт келгені халайық

Есік ашып,шашу шашып ,

Ел боп қарсы алайық!-дегендей тойдың бәрі шашумен басталады емес пе!Ендеше «Шашу» жоралғысын Ортамыздың үлкені ардақты ---------------әжеге жолдаймыз.

(әже шашу шашып,өзінің ақ тілегін айтады)

Ортаға балалар шығып тақпақтарын айтады

Ақбота: Қиыры жоқ менің байтақ далама

Әсем,көркем ауылыма,қалама

Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді

Сырлы ініне құлақ түрмей бола ма

Наурыз қайтып оралды аты да аңыз

Сұрамаймыз алғыс та,ақы да біз

Үй-дастархан,даламыз-сахнамыз

Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз!

Бағытнұр: Қыс өтіп,қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын,Әз Наурыз!

Сержан: Жылдың басы Наурыз

Жылдың басы Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз

Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боялды

</ Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды

Асыланбек: Наурыз тойм,Наурыз тойым

Құтты болсын халайық!

Қане достар,қане достар

Шырқап Әнге салайы

Ерғанат: Қош келдің,Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітті арнапты

Жылда осылай келк берсін жасарып

Гүлге бөлеп,жырға бөлеп аймақты

Жүргізуші:Зарина

Қазақ халқында салт-дәстүрлеріміз бала тәрбиесіне байланысты: тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып 2-ге бөлінеді.Ендігі кезекте «Бәйшешек» ауылы дүниеге келген сәбиді «Бесікеке салу» дәстүрін,ал «Қызғалдақ» ауылы жаңа қадам басқан баланың «Тұсау кесу» тойынан көрініс көрсететін болады.

Екі топ ортаға шығып көріністер қояды.

Мұханбетали: Ал,халайық тұрмайық

Ортамызды ашайық

Думандатып би билеп,

Өнерден күмбез жасайық- дей отырып ортаға әр ауылдан келген биші қыздарымызды шақырайық.

Би «Қыздар биі»

Хор: «Қош келдің төрлет Наурызым!»

Ортаға оқушылар шығып тақпақтарын айтады

Бегемай:Наурыз тойы тамаша, Әр жүректен ән тарап

Наурыз тойы жаңаша Шаттанады шартарап

Табиғат та тамаша

Тамылжып тұр жараса

Наурыз тойы салтанат

Наурыз тойы мархаббат

Нұржайна:Тәуелсіз биік халқымның

Желбіреп туы шалқысын

Әз Наурыз келіп еліме

Жер-Ана бойы балқысын

Шапағат: Уа,ағайын халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық

Наурыз келді жеріме

Байлық,бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне

Қуанәлі: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің

Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың

Ұлыстың ұлы күні паш етейік

Белгісін Достық пенен Мәңгіліктің

Мирас: Бұл мұсылман Жаңа жылы

Қуануда даламыз

Бұл мұсылман жаңа жылы

Шырқап әнге саламыз

Альбина: Малдар төлдеп,қой қоздап

Сүттен бұлақ ағызған

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп Басталыпты Наурыздан!

Әміржан: Күн мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз

Наурыз бұл береке

Құтты болсын мереке

Әскербек:





Үміт:











Ботакөз:









Жүргізуші Мұханбетали:

Енді екі ауылдың ұлдары «Қазақ жігіттерінің биін» билейді.

Осы арада есіктен Тазша бала кіреді.

Тазша бала: Ассалаумағалейкүм көпшілік!Қош келдік пе ,кеш келдік пе!

Зарина:

Бізге Тазша бала қонаққа келіп қалыпты ғой.Сәлеметсіз бе Тазша Бала!

Тазша бала:

Мен бір үлкен мерекеге тап болған сияқтымын!

Мұханбетали: Дұрыс айтасың Тазша!Бұл жерде екі ауыл боп Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойланып жатыр.

Тазша бала:

Бәрекелді ,ендеше мен осы ауылдардың білімдерін сынап көрейін.

Мұханбетали:

Оны қалайша сынамақсың?

Тазша: Менің дорбамда сендерге арналған сұрақтар бар,мен соларды жасырамын.Кім жауабын тапса соған берер сыйлығым бар.

1-с : Жыл атауларын айтып беріңдер(тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,туық,ит,доңыз)

2-с: Сүттен жасалатын тағамдарды ата (айран,қымыз,шұбат,ірімшік,май,кілегей,сүзбе)

3-с: Ұлттық ойындарды ата(ақсүйек,алтыбақан,сақина салу,орамал тарту,қыз қуу,бәйге,теңге алу)

4-с :Еттен жасалатын тағамдар(жал-жая,қазы-қарта,қуырдақ,шұжық,бешбармақ,манты)

5-с: Жеті қазынаны ата(қазан,ат,ит,мылтық,қыран құс,кітап,диірмен)

Тазша:

-Оой,бұл ауылдың кішкентайлары сондай білімді екен.Өздері қазақ халқының салт-дәстүрін жақсы біледі.Жарайсыңдар,балалар!

-Ал енді осы ауылдың үлкендерін сынап көрейін.Дорбамда сіздерге де арналған сұрақтарым бар.Дұрыс жауап берсеңдер сыйлығымды аямаймын.

1-с: Киіз үй бөлшектерін атаңыздар?(шаңырақ,кереге,уық,ағаш,есік,түндік,үзік,туырлық)

2-с:Ұлттық киімдерді атаңыздар(сәукеле,кимешек,жаулық,тақия,бөрік,тымақ,шапан,кажекей)

3-с:Ұлттық саз аспаптарын ата(домбыра,қобыз,сыбызғы,жетіген,сазсырнай)

4-с:Наурыз көже қалай жасалады?(соғымнан қалған сүр ет,бидай,тары,сүт,тұз,пияз)

5-с:Жалғасын тап! Ата көрген оқ жонар(Ана көрген тон пішер)

6-с:Туған елдей ел болмас(Туған жердей жер болмас)

Тазша бала қоштасып кетеді.

Ән :»Наурызым» Орындайтын:Ақбота,Әскербек,Мерей

Мерей: Ұлыс күні кәрі жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа туған қозыдай

Жамырасып өріскен

Сақтай көр деп терістен

Кел,тез бақ,кел-десіп

Ием тілек бер десіп

Бабалар бата беріскен

Алина: Жыл аттары:Тышқан,сиыр,барыс,қоян

Деп орнына дұрыс қоям

Ұлу,жылқы,жылан,қой да,

Деп,сақтаймын мықтап ойда

Мешін тауық,ит пен доңыз

Дейміз бұны:Біткен болды іс!

Ерасыл :Наурызды халқымыз

Жыл басы санайды

Көнермей салтымыз

Көп елге тарайды

Әбігер жұрт неге

Деп бекер таңданба

Қайнатып құрт көже

Той қамын қамдауда

Жүргізуші Зарина:

Кел балалар,келіңдер,

Тамашаны көріңдер,

Бізде қызық ойын бар,

Ойынға әбден тойыңдар - келесі кезекті ұлттық ойындарымызға берейік.

Қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тартыс» және «Сақина жасыру» ойналады.



Жүргізушілер(бірге):

Ән қосылсын әніңе Аман-есен жетейік

Сән қосылсын сәніңе Келер Наурыз тойына! Осымен мерекелік шарамыз аяқталды.Көңіл

Ой қосылып ойыңа қойып тыңдағандарыңызға рахмет!Наурыз құтты болсын!

Бой қосылып бойыңа





















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал