- Учителю
- Мәңгілік ел аясында өткізілген сынып сағатының жоспары. Тақырыбы: Елім - менің!
Мәңгілік ел аясында өткізілген сынып сағатының жоспары. Тақырыбы: Елім - менің!
«Елім менің - Қазақстан!»
Мұғалім:Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Мемелекеттің құрылған, азаттық алған күні - әр елдің айтулы ең басты мерекесі. Осыдан тура 20 жыл бұрын Қазақстан өзінің тәуелсіз ел екенін барша әлемге паш етті.
Қазақстан - туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Бүгін сіздердің назарларыңызға «Елім менің - Қазақстан!» атты тәрбие сағатын ұсынамыз.
Тоқтар: Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар жерде, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Бексұлтан: Ал екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тілімен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсемде,
Қасиетті тілімнен түңілмедім..
Гүлжан : Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе Отан дер ем.
От сөнген жалғанда жан бар болса,
Ойланбай - ақ кел дағы от ал меннен
Көрініс ( Досжан - атасы, Мейрамбек - немересі)
Немересі: Ата астанамыз әлемдегі ең әдемі қала ғой
Атасы: Иә, балам
Немересі: Ата не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам атаң не ойламайды дейсің? Осы күнге жету үшін халқымыздың басынан қилы -қилы заман өтті ғой. Қаншама есіл ерлер осы тәуелсіздік жолында құрбан болды. Сенің болашағыңды, еліміздің өткен өмірі жайлы ойлаймын.
Немересі: Өткен өмір деген не?
Атасы: Өткен өмір деген сонау ежелгі ата - бабаларымыздың жүріп өткен жолы
Немересі: Ал өткен жол деген не?
Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атым,
Жинадым кісілерден тарих хатын.
Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Сондықтан балам сен де өз тарихыңды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде ата - бабаларымыз 29 қазақ руы қосылып, халық болып қалыптасуынан
Ел болды. Бұл - тарих. ( слайд)
Жүргізуші: ( Анаргүл) 1723 жылы. Ел жайлауға көшіп, қанен - қаперсіз күн көріп жатқан елімізге тұтқиылдан шабул жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрлікен ел шұбыра көшіп, тарихта аты қалған « ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталып кеткен қиын заман болды. Жұрт Алакөлге аяңдап, Қаратауды паналады.
Шыңғыс: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі өнерлі, өситетті,
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті киелі, қасиетті.
Ән: «Елім - ай» Айжан, Гүлжан, Гүлғайша, Анаргүл
Жүргізуші: ( Анаргүл) Қара таудың баурайында қалың қазақ бас қосты, елдің елдігін, ердің ерлігін соңғы сынайтын күн туды. Жұртты аман алып қалу үшін данышпан Ата төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырды.
Гүлғайша: Мен қазақпын - мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
« Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы
Өшпес мәңгі халқымның жүрегінен.
Жүргізуші: ( Анаргүл) 1925 - 1933 жылдардағы Голощекин «кіші октябрь» Қазақ халқының тең жартысы құрбан болды.
Еркебұлан: Қырылмаса аштықтан батырларың,
Жазықсыз құрбан қылып шыбын жанын.
Қазақ деген қандай ел болар едік,
Көркейткен байлығымен әлем санын.
Көрініс: Аштық туралы
Әжесі (Толқын), немересі ( Нұрдәулет)
Немересі: - Әже, нан берші. Нан жегім келеді!
Әжесі: Айналайын, соңғы үзім нанды бердім емеспе?
Немересі: Тағы да берші, жегім келеді!
Әжесі: Құлыным, шыда!
Немересі: Нан, нан, нан!
Әжесі: О, жаратқан ием! Бір үзім нанға зар болдық. Тігерге тұяғымыз қалған жоқ. Үй маңындағы сүйектерді қайнатып ішкенімізге бір жұма болды. Бүкіл ауылда немереміз екеуімізден басқа ешкім қалған жоқ. Бұған кім кінәлі? Заман ба, әлде адам ба? Ертеңгі күнді ойлауға қорқамын. Алда не күтіп тұрғаны белгісіз....
Гүлғайша: Мен қазақпын- мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Голощекин «Кіші октябрь» саясатын жүргізем деп,
Аштықтан 2 млн қазағым кетті өмірден.
Жүргізуші: ( Анаргүл) 1937-1338 жылдар.
Сталиндік репрессия жылдары жазықсыз жаланың құрбаны болған:
Шәкәрім Құдайбердіұлы, ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллиндерді тебірене еске алып, рухтарына бас иеміз.
Оқушылар портреттермен шығады.
Гүлғайша: Мен қазақпын - мың өліп, мың тірілген,
Не көрмедім бұған дейін бұл өмірден?
Халқының қамын жеген әз ұлдары
«Халық жауы» атанып атылып кеткен.
Жүргізуші: ( Анаргүл) 1941 -1945 жылдарда адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық адалдықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта халық қаһармандарына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ берілді.
Әнел: Бақытқа байтақ елді бөлегендер,
Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Төлегендер.
Солардың қаситетті ерлігімен,
Құлпырып, шешек атып көгерген жер.
Ақбаян: Қырғи қабақ соғыстың,
Соқтықпауын тілеймін.
Қорғасынды көк ұшқын,
Оқ шықпауын тілеймін.
Адамдардың әлемде,
Туыстығын тілеймін.
Шын достықтың әр елде
Тым ыстығын тілеймін.
Көрініс: (Қаншайым) мен 18 -ге толдым, бірақ өзімді ересек сезінемін. Себебі Ленинград балаларының өлімін, жолдастарымның төгілген қанын өз көзіммен көрдім. Енді фашист жыртқыштарын аулауға өзім шықтым. әне тағы да фашистер келе жатыр.
Бұларды Ленинград үшін, жолдастарым үшін, туған елім үшін о дүниеге аттандырамын. (атады)
Алияның сырт жағынан неміс офицері Әлияны атады. Оқ тиген Әлия тұрып қалады да
Әлия: - Алға! Алға! Алға!!!! Елім үшін жерім үшін алға деп жүгірп кетеді.
Ән: «Әлия» орындайтын Гүлғайша
Толқын: Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға
Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән-көрік
Жеңіс келді алақай
Тойып жейтін нан болып.
Гүлғайша: Мен қазақпын - мың өліп, мың тірілген,
Не көрмедім, не көрмедім бұл өмірден?
Фашистік Германия соғыс ашып,
Талай боздақ қоштасыпты бұл өмірмен.
Жамбыл ата- алыбымыз ақ батасын көп берген,
Бауыржандай ағамыз да рухын елдің көтерген.
Көрініс: Желтоқсан 1986 жылы
Оқушылар студентер кейіпінде: лозунгілермен бейбіт шеруге шығады. Милиционерлер оларды қуады.
-
«Норкаманы, идите отсюда! Все будете наказаны!»,
-
«Түрмеге жабамыз, тез тараңдар!»
Айжан: Желтоқсанда талай адам қыршынынан қиылды,
Мөлдір жастар жанарлардан құйылды.
Мұз жастанып дүрелерге жығылып,
Талай мүрде қара жерге бұйырды.
Жастардың арасынан екі милиционерлер Қайтартты алып шығады.
Қайрат: Қош болыңдар! Қош бол, жарық дүние! Бар бақытымды о дүниеден табармын.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген атым бар,
«Еркек тоқты - құрбандық»,
Атам десең атыңдар!
Қайратты сүйретіп әкетеді.
Гүлғайша: Жас арудың жанарында - Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында - Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да - Желтоқсан.
Жаңа - ғасыр бастағанда - Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуылып,
Абақтыға тастағанда - Желтоқсан
Жүргізуші: ( Анаргүл) Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған
Азаттық жолында қан төкті қанша адам.
Бодандықтың бұзып- жарып тас қамалын,
Мерт болды Қайраттай жас қыран.
Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен асанқызы Ләззаттың, Ерболдың, Cәбираның, Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды.
Әнел: Неткен мықты бұл қазақ!
20 -сыншы жылғы кәмпескеден,
30- ншы жылғы аштықтан және репрессиядан,
40- ншы жылғы алапат соғыстан,
50-нші жылғы Сталиндік бұғаудан,
70 жылға созылған мәңгүрттіктен қазақ халқы аман қалды.
Жүргізуші: Жарқырап шығып күніміз,
Тәуелсіз ел болды еліміз.
Тәуелсіздк таңымен оралды халқыма
Салт- дәстүр, дініміз, тіліміз, діліміз.
Мұғалім: Қазақтың маңдайына біткен ұлы, Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамыз достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың көк туын берік ұстап, тасқа тұяғын қашаған тұлпар мінген батырларша халқына тыныштық пен жігер беріп келеді.
Айжан: шықты тарап ой данадан
Бет қарады жұлдыз беті
өзі қалап, сайлап алған
Елімнің бар президенті
Шырақ етіп өмір нұрын
Алыс тарты алдағы жол
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым.
Құралай: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй
Қара шаңырақ - ел күні
Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы елдігі
Елдің тыныш тірлігі
Дамира: Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қойады
Көк аспанда- жас қыран
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан
Нұрдәулет: Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім- сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп,
Туымыздың көне күннің
Даламыздың байтақ үні.
Ол әні ғой жүрегімнің
Мың қайталап айтам мұны.
Толқын: «Тіл» Ойымды ана тілмен оюлаймын
Жүректе ана тілсіз құйылар мұң
Құдіретті тілімнің арқасында
Ешқашан жер бетінен, Жойылмаймын!
Сезімнің тілмен төгіп кестелерін
Ғасырдан ғасырларға көшті өнерім!
Ұлтымның ана тілі ғой! Ар таңбасы, тіл өшпесе
Менің де өшпегенім!
Немересі: Ата еліміздің басынан көп қиыншылық өтіпті ғой. Қазір еліміздің тәуелсіздік алып, әлемдегі дамыған елдер қатарына қосылып отырғаны, ата - бабаларымыздың біздерге әперген бостандығы екен ғой.
Атасы: Иә балам, бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы қасіретті күндер еді. Еліміздің тәуелсіздігі жолында Абылай, Қайрат, Бауыржан, Әлия, Мағжан, Сәкендер сынды мыңдаған азаматтарымыздың қаны төгілген, озбырлық пен өктемдік үстем еткен күндер еді. Қиын қыстау замандарды бастан кешіп қол жеткізген тәуелсіздігімізге 20 жыл толып отыр.
Немересі: Иә, ата түсіндім, мен елімді, жерімді мақтан тұтам. Біздер бақытты ұрпақпыз.
Атасы: Еліміздің болшағы жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сіздерге ұрпағым бата берейін, қолдарыңды жайыңдар!
Елбасымыз алсты көрсін,
Ел жұртымыз табысты болсын.
Қыздарымыз сұлу,
Балаларымыз намысты болсын!
Рудан өсіп ұлт өзін сыйлап,
Ала алсын асылын жинап,
Алаштың азаматтары бір ауызды болсын.
Мәдениетіміз мәнді болсын,
Тұрмысымыз сәнді болсын
Бәрін айт та бірін айт.
Дербестігіміз мәңгі болсын! Әмин!!
Анаргүл: Өзіңдікі - елің де
Өзіңдікі жеріңде
өзіңді өзің еткен бақ
тәуелсіздік төрінде.
Ән: Қазақ елім (хормен)
Мұғалім: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, еліміздің мерейі үстем болсын!!!!!!!!!!!
Назарларыңызға рахмет!