7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара Ұланымын- мынау елдің тәуелсіз

Сыныптан тыс шара Ұланымын- мынау елдің тәуелсіз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: «Ұланымын- мынау елдің тәуелсіз!»

Мақсаты: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өту.



Мұғалім: Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы - Тәуелсіздік күнін атап өтуде

1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасы пайда болды.

Бұл мереке - ұлы мереке, шын мәнінде ұлы мереке. Ежелден қазақтын ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Мұнан 24 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы - Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.



Бүгінгі шарамыз ҚР Тәуелсіздік күніне арналған. 3 команда арасында сайыс болады.

1 топ - Жұлдыз ( )

2 топ - Достық ( )

3 топ - Бірлік ( )

Осы үш топқа әділ баға беріп бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Уразгалиева Б.Б.

2. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Балтабаева И.

3. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Муханбетова Г.Ж.



Ойынның шарты: Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады (слайд) Топтың жауабы 1 баллмен есептеледі. Әрине, көп балл жинаған топ жеңімпаз!

Ал енді сайысымызды бастайық.

1 кезең «Бәйге»

2 кезең «Төртіншісі артық»

3 кезең «Кім жүйрік»

І-тур «БӘЙГЕ» . Әр топқа сұрақтар қойылады. Сұраққа 1 минутта жауап беруі тиіс.



1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

2. Шоқанның шың аты

3. Сенің ана тілің қай тіл?

4. Киіз үй неден жасалады (киізден)

5. Қазақстан қандай мемлекет?

6. Абай кім? (

7. "Мен" қай сөз табы (есімдік)

8. Қазақстан туы қандай түсті? (

9. Қазақстанда неше облыс бар? (14)

10. Табыс септігінің жалғауы?

11. Қазақстанның президенті кім?

12. Сіз қай облыста тұрасыз?

13. Қазақстан Республикасының қандай рәміздері бар?

14. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

15. "Төрт" сөзінде неше буын бар?

16. Тудың авторы кім?

17. Тудың түсі қандай?

18. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында нелер бейнеленген?

19. Әнұранның сөзін жазған кімдер?

20. Әнұранның музыкасын жазған кім?

21. Конституция күні қашан тойланады?

22. Наурыз мерекесі қашан тойланады?

23. Қазақстан жері қандай?

24. Әнұран неше шумақтан тұрады?

25. Парижде ән салған тұңғыш қазақ кім?

26. Қазақтың батыр қыздары кімдер?

27. Мәншүк Мәметова кім болған?

28. Қазақ хандығында қандай жүздер болған?

29. Шәкен Айманов кім?

30. Қазақ тілінде неше септік бар?

31. «Тәуелсіз, егеменді мемлекет» орысша қалай болады?

32. ҚР Тәуелсіздік күні қашан?

33. Бір жылда неше ай бар?

34. Қазақстанның астанасы қай қала?

35. Сен қай қалада тұрасың?

36. Облыстың орталығы қай қала?

37. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

38. Зат есімнің сұрақтары?

39. Мақалды толықтыр: «Отансыз адам .............»

40. Қыс айларын ата?



2 кезең «Төртіншісі артық». Ойынға қатысушылар тақтада берілген сөзден артық сөзді табуы керек. Қай топ алдымен, дұрыс жауап берсе, сол топ ұпай алады.

1. Аудан, қала, тау, ауыл

2. Өзен, облыс, көл, теңіз

3. Қазақ, пәтер, орыс, өзбек

4. Ту, мәдениет, елтаңба, әнұран

5. Қоян, қасқыр, аю, жолбарыс

6. Сиыр, түлкі, ат, ешкі

7. Семей, Алматы, Риддер, Өскемен

8. Дүкен, асхана, мектеп, пәтер

9. Тұрады, аталады, орналасқан, кездеседі

10. Орман, халық, әдемі, жер

3 кезең «Кім жүйрік». 1 минут ішінде осы тақырыпта әңгіме құрастыру қажет.

Менің Отаным - Қазақстан

Сызба бойынша өз Отаның туралы әңгімеле

табиғаты Республика



жер көлемі Менің Отаным мемлекет



ұлт өкілдері астанасы



облыс мемлекеттік тілі

рәміздері Елбасы

Сонымен әділқазылар алқасына сөз береміз. Қане, қай топ жеңіске жетті екен



Қорытынды.

Тәуелсіздік күні - қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғанан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі етті. Бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын. Тәуелсіздік күнінің қарсанында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айырықша мерекемен құттықтаймыз.









































Талпын жалпы орта білім беретін мектебі





















Сыныптан тыс шара Ұланымын- мынау елдің тәуелсіз









Тәлімгер: Надирова С.А.









































2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал