7


  • Учителю
  • Қимылды ойындар /Әдістемелік құрал/

Қимылды ойындар /Әдістемелік құрал/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Аңшылар мен қасқырлар

Ойыншылар «аңшылар мен қасқырлар» болып екі топқа бөлінеді. «Қасқырлар» диаметрі 4 метрдей шағын шеңбердің ішінде, «аңшылар» сыртында тұрады. Ойын бастауға белгі бергенде « аңшылар» кезекпен тұрған орындарынан шеңбер шіндегі «қасқырларды» волейбол доптарымен атқылай бастайды.Қасқарлар да тұрған орындарынан жылжымайды. Еңкейіп, шалқайып, бір жағына қисайып әр түрлі қимылдар жасап, допты денесіне дарытпауға тырысады. «Аңшылар» допты түгел тигізгеннен кейін, «қасқырлармен» орын ауыстырады.

Бес тас

Ойын үшін әрқайсысы жұмыртұасына бес тас қажет. Ойынды бастау кезегіне ие болған бала бес тасты уыстап, жоғары лақтырып жібереді де алақанымен тосып алады.

Ойынды тәрбиеші басқарады. Ол балаларды орындыққа отырғызып болған соң, мына өлеңді айтып шығады.

Бала, бала, балақан,

Кәне, қайсы алақан!

Саусақтарың әйбат,

Былай, былай ойнат.

Балалар орындарынан тұрып, артқа жасырған қолдарын жоғары бұлғап көрсетеді:

Саусағымыз әйбат,

Би билейміз ойнап.

Балалар орындарынан тұрып, бір-бірден айналып шығады да, орындарына қайта отырады.

Тәрбиеші балаларға екі-екіден жалау үлестіріп береді. Сөйтіп, мынадай өлең айтады:

Күндей жайнап алаулар,

Қолымызда жалау бар.

Тәрбиеші:

Жалауымыз жайнап,

Би билейміз ойнап.

Жетекші:

Топ-топ, топ-топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса, жаса, жарқын күн,

Жаса, жаса алтын күн.

Осы шумақты қайталап айта жүріп, балалар шеңберге тұрады. Сөйтіп, жалауларын желбіретіп күн жасайды.





Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өтеді. Көп бала сыятындай етіліп төртбұрыш сызылады.Бір топ ішке, бір топ сыртта қалады. Ойын басталған соң сырттағылар іштегілерді доппен қуалайды. Доп тиген ойыншы сыртқа шығады.егер лақтырған допты денесіне тигізбей немесе жерге түсірмей қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін қайта кіргізіп алады.Сызықтың ішінде жалғыз ойыншы қалса, ол ұтқан топтың бұйыруы бойынша 10-20рет айналуға тиіс.Сыннан өтсе, сызықтан шыққан топтастарын түгел қайтадан кіргізіп алады. Егер айнала алмай құлап қалса, өзі де сыртқа шығады. Бұл-топтың ұтылғаны.









Он есім

Мен төрешің боламын,

Сен аттайсың он адым

Әр аттарда бір есім

Айтып, тез-тез жүресін

Бір аттарда мысалы

Айт есіңа ап Мұсаны

Және атта да-Жанат де

Және атта да Самат де.

Жаңылмай сен он есім

Айта білсең, жеңесің

Қателессең сен жолда,

Адымдаймын мен онда.





Аңшылар мен қояндар

Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнауға болады. Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады. Екі жерге бір-бірінен қашықтығы 20-30 адымдай шеңбер сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің біріне «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың «інін тықырлатып сыза бастайды. Сол кезде қояндар өз інінен шығып, екінші інге-шеңбңрге қарай қашады. Екінші шеңберге жеткенше оққа ұшқан қоян ойыннан шығып қалады. Барлық қояндар аңшылар атып біткенше тоқтамайды.

Орамал тастау

«Орамал тастау» ойынына қатысушылар араласа шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған, ұруға ыңғайлы болады. Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда, бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына орамалын тастап кетеді. Егерн қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт жағындағы орамалды байқамаса, басқарушы лны орамалмен ұрғылайды. Ал егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса, бастаушыны қууға тиіс. Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы босап қалған орына келіп отырады.

Сақина жасыру

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерінен көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырынғаннан кейің ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: Саұинам кімде? - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп т.б өнер көрсетеді де, өз қызметін атқарады.

Жігіт ойыны

Бұл өте қызық ойын. Алдымен қарлы беткейден сырғанақ жол жасап алынады. Мұнан кейін жолдың екі жағына кішкентай жалаушалар қадалады. Енді дөң басынан төмен шанамен түскен бала екі қапталдағы жалаушыларды іліп алып кетулері керек.

Почта

Бұл ойында ромбик тәрізді қағазға нөмірлер жазып, ойыншыларға үлестіріледі. Бір адам хат тасушы болады. Адамдар бір-біріне нөмір арқылы хат жазысады. Ойынның мақсаты- көпшілікті зеріктірмеу, бір-бірімен таныстыру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал