7


  • Учителю
  • Тәрбие жұмысының әзірлемесі Салауатты өмір салтын ұстанайық! 1-сынып

Тәрбие жұмысының әзірлемесі Салауатты өмір салтын ұстанайық! 1-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Салауатты өмір салтын ұстанайық!»

Мақсаты: Даму мүмкіндігі шектелген оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс

Көрнекілігі: жіп, доп, түрлі түсті қағаз

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Кіріспе сөз.

3.Спорттық жарыс.

4.Қорытынды.

II .Мұғалім сөзі:

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Чемпион болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалай да.



1- жүргізуші :

Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25жылдық мерейтойына орай өтілгелі отырған «Салауатты өмір ұстанамыз !» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Спортшы балаларды шақырамыз.



2-жүргізуші :

Қарсы алыңыздар.

«Тұлпар» тобы.

Топ басшысы:

Топ ұстанымы: Жүзден жүйрік танылады сайыста,

Ұмтыламыз біз ешкімнен қалыспай.





1-жүргізуші:

«Жас қыран» тобы.

Топ басшысы.

Топ ұстанымы: Қыран болып самғаймыз,

Жарыстан еш қалмаймыз.

Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.

Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

III. Сайыстың бағдарламасы.

1 «Кенгуру»

2. «Секірмек»

3. «Шеңбер ішінде тіресу»

4. «Қай команда алысқа секіре алады?»

5. «Кім жылдам»

Сонымен бірінші ойынымыз

1. «Кенгуру» допты аяқ арасына қыстыра отырып, секіру арқылы белгілі мәреге барып, кері қайтады. Ең соңғы ойыншы ойынды аяқтайды.

2. «Секірмек». Қатысушы топтар скакалкамен жүгіреді. .

3.«Шеңбер ішінде тіресу»

Шеңбер сызылады, ішінде екі топтан бір-бір баладан, бір аяқпен екі қолды артқа ұстап тұрады. Белгі берілген соң екі бала шеңбер ішінде тіреседі, шеңберден шығып қалған топ баласы жеңіледі, шеңбер ішінде қалған топ баласы жеңіске жетеді.

4.«Қай команда алысқа секіре алады?» ойыны

Ойыншылар 5 командаға бөлініп, бірінің соңынан бірі тізіліп, сапқа тұрады. Төреші командаларды бір-бірден секіртіп, нәтижесін есептейді. Алдыңғы ойыншының секіріп түскен жері сызықпен белгіленеді де, келесіт ойыншы әлгі сызықтан ары қарай жалғастырып секіреді. Барлық командалар түгел секіріп болған соң қорытындысы шығарылады. Қай команда алысқа секірсе, сол команда жеңіске жетеді.

5.«Кім жылдам». сайыскерлердің қолдарына жіңішке таяқша мен үрленген шар беріледі. Шарды жерге түсірмей, тек қана таяқшамен итермелеп, алдарында қойылған кеглиді айналып өтіп, орындарыңызға қайту керексіздер. Дайынсыңдар ма?

Оқушылардың орындауында «Менің елім» әні.

IV.Марапаттау.

V. Қорытынды.

Құрметті оқушылар! Сіздерді иеленген орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар.





Абикеева Назигуль Кайркеновна

Тәрбиеші

«Дамуы шектелген балаларға арналған

облыстық №3 арнаиы мектеп -интернаты» КММ







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал