7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс іс- шара «Бәйге ойыны» 5-8 сынып

Сыныптан тыс іс- шара «Бәйге ойыны» 5-8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныптан тыс шара "Бәйге" ойының мақсаты:

Бұл ойын арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Қазақ тілі сабағында алған білімдерін қайталай келіп, әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, шығармашылыққа баулу, танымдық қабілеттерін арттыру. Қазақ халқының салт-дәстүріне, өнеріне оқушылардың қызығушылық мен сүйіспеншілігін арттыру, құрметтеу.

Түрі:Топпен жүмыс.(сайыс)

Көрнекілігі: «Бәйге» алаңы, сөзжұмбақтар,әріптер жазылған табақшалар, «Бүлінген факс».



Барысы:

-Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін біздің мектепте «Бәйге» ойыны өтеді. Балалар, кім айтады, «Бәйге»деген қандай ойын? (Скачки-Ат жарыс).Балалар, сендер тағы қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер? («Теңге алу», «Ақ сүйек», «Орамал тастау», «Көкпар», «Арқан тарту» , асық ойындары т.б.)

-Ал бүгінгі «Бәйге» ойынында сендер, балалар, өздеріңнің қаншалықты қазақ тілін меңгергендеріңді көрсетесіңдер.

Ойынның шарты:

Ойын «Құлагер» және «Тұлпар» топтары арасыңда өтеді.

Міне,партаның үстінде кесте жатыр. Кесте 8 тор көзге бөлінген. Әр тор көзде сайыс түрлері жазылған.Сендер асық иіру арқылы қай тақырып бойынша сайысатындарыңды таңдап аласыңдар. Бұл сайыстар бәйге алаңында өтеді. Алаңда екі жол бар. Бірінші жол «Құлагердікі», екіншісі- «Тұлпардікі». Әр сайыста жеңіске жеткен топтың сәйгүлігі мәреге біршама жақындай түседі. Егер, балалар, байқасаңдар-алаң түрлі түсті жолақтарға боялған. 8 сайыс түрі- 8 жолақ. Мысалы, «Құлагер» тобы 1- тапсырманы дүрыс орындаса, ол топтың сәйгүлігін 1-қызыл жолаққа жылжытамыз. Ал егер «Түлпар» тобы жауап бере алмаса, ол топтың сәйгүлігі орнында қала береді. Сонымен қай топтың сәйгүлігі бірінші болып мәреге жетсе, сол топ жеңіске жетеді. Ойынымызды бастамақ бұрын, әділ-қазылар алқасын таныстыра кетейін.

1.Қазақ тілі мен әдебиеті мүғалімі Нүртазина Б.Е.

2.10-сынып оқушысы Рыблер Мадина.

-Алдымен топтардың сәлемдесуін тыңдайық.

«Құлагер» тобы:

Гүлденіп жалын атқан бүгін таңда,

Достықтың туын тігіп біз ортаға



Жігерленіп сайысқа біз де жеттік Құлагерден Тұлпарға сәлем бердік.

«Тұлпар» тобы:

Достармыз бірге жүрген біз талайдан,

Бәйгеде кездестік біз орайдан Сәлеміңді,Құлагер, қабыл алдық

Біз де жауап береміз Тұлпардан

Екі топ бірге «Кузнечик» әнімен

Кел, балалар, ойнайық

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық

Кел, балалар, кел, балалар,

Шешпей оны қоймайық.

Ал кәнекей, тыңдайық

Асығыстық қылмайық

Асықпайық дегенге

Бөгеліп те тұрмайық.

Ал,кәнекей, ал кәнекей Бөгеліп те тұрмайық.

-Өте жақсы, балалар. Жарайсыңдар. Орындарыңа отырыңдар. Ойынымызды бастайық! Ортага бір ойыншыны асық иіруге шақырамыз. (Кестеде берілген тапсырмаларды әр топтан 1 оқушы шығып, асық иіру арқылы қандай тапсырма орындайтындарын таңдап алады)

Тапсырмаларсұрақтары

1 .Сөзжұмбақ шешу 8.Қонақ сұрақтары 5.Өнер сайысы З.Әрі ойын,әрі оқу

4.Мәтін құрастыру 2.Мақал-мәтел 7.Бүлінген факс 6.Табақшадағы әріптер

сайысы





1 .Сөзжұмбақ шешу



Екі топ сөз жұмбақтарды шешкенше, біз 2-сынып оқушылары Бекболат Бекжан мен Көкежан Есболаттың қызықты әңгімелерін тыңдайық.

1)Әке мен баланың әңгімесі:

-Әке, сені біздің мұғалім өте ұнатып қалыпты -Оны қайдан білдің?

-Ол кісінің сені тағы көргісі келеді

2)Қожанасыр мен жолаушы.

-Қожеке, айтыңызшы, ертең жаңбыр жауа ма, жаумай ма? (Қожеке аспанға бір қарап, жерге бір қарап)

-Жауар жаумасын ертең айтайын.



2.Мақал- мәтелдер сайысы.

Топтар мақал-мэтелдер айтып жарысады. Қай топ мақал-мәтелдер көп айтса, сол топ мәреге біршама жақындай түседі.

-Қазір ойыншыларымыз мақал-мәтелдерді естеріне түсіргенше, 4-сынып оқушылары Мешалкина Юлия мен Реджепова Натальяның айтатын әңгімелеріне назар аударайық.



Ана мен баланың кешкі ас үстіндегі әңгімесі.

-Коля, сен көршінің үйіне тағы бардың ба? Сен күнде ол үйге барасың. Менің білуімше, олар сенен жалыққан шығар.

-Жоға. Мен бүгін ол үйге кіре бергенде,олар маған:

- Сен ғана жетіспедің!-деді.

-Ал енді сөз кезегін «Құлагер» мен «Тұлпарға» берейік.



3)Әрі ойын, әрі оқу.

-Балалар, асық «Әрі ойын, әрі оқу» деген тор көзге түсті. Сендер бұл ойынның шартын білесіңдер.Мен сендерге естеріңе түсірейін.

Мысалы: ложка-қасық, кошка-мысық Ендеше сайысымызды бастайық.

Қай топ осындай мысалдарды көп қүрастырады, сол топтың сәйгүлігін алға қарай жылжытамыз.

-Ал қазір, құрметті қонақтар, ойыншыларымыз мысал құрастырғанша, 2-сынып оқушысы Көкежан Есболат бізге ағайынды Марат пен Мұраттың арасындағы болған оқига туралы айтып беремін дейді.



Түс.

Марат түс көреді. Ол түсінде інісі Мұратқа көп кәмпит беріп жатыр екен. Ертеңіне олар ойнап жүріп ұрысып қалады. Сонда Марат:

-Әй, Марат,-деді ыза болып. Түндегі кәмпитерімді қайтарып бер,-дейді Мұрат Маратқа.

4) Мәтін қүрастыру.

«Құлагер» тобы -«Дос» тақырыбы,«Тұлпар» тобы «Мектеп» тақырыбы бойынша әңгіме құрастырады. Әр ойыншы бір сөйлемнен айтады.



Топтар мәтін құрастырғанша, 2-сынып оқушысы Ғалымов Бүркіттің әңгімесіне назар аударайық.



Балабақшада.

Әкесі баласын балабақшадан алып кетуге келеді.

Тәрбиеші:

-Қайсы сіздің балаңыз,-деп сұрапты.

-Бәрібір емес пе, ертең қайтадан осында әкеп тастаймын ғой,-депті баланың әкесі



5)Өнер сайысы. (үй тапсырмасы.)

1 .»Құлагер» тобынан Фариза мен Каринаның өнерін тамашалайық(би).

2.«Тұлпар» тобынан Холухоева Эсет «Аппақ гүлдер» әнін ұсынады.



6)Табақшадағы әріптер.

-Балалар, әр топқа мен мынадай әдемі табақшалар беремін. Табақшада әріптер жазылған. Осы әріптерді пайдаланып сөздер құрастырасыңдар. Қай топ коп сөз құрастырса, сол топ бұл сайыста жеңіп шығады.



7)Бүлінген факс.

-Біздің мектепке факс келіпті. Бірақ факс бүлінген екен. Сендер бұл факсті шешуге көмектесіңдер.

Тұлпарға: «Бүлінген факс»

Зіб стіктүсол заққатанс дасынлыоб мызратұ. Дебіз пөк тарұлт утат рімө ідерүс.

Құлагерге: «Бүлінген факс»

Діңбіз ныотамыз-зақстанқа.

Мызкалипубрес кенүл, тығабита шамата, ріеж ңек ріә айб.

Қонақтарға: «Бүлінген факс»

Тіқұрмерт дартазұс!

Дердісіз гебәй наныойы мызрақыша.



8)Қонақ сұрақтары.

(біреу есік тақылдатады) Қожанасыр есікті ашып:

-Пески орта мектебі осы бола ма?

Маған мынадай шақыру билеті келіпті.(оқиды) «Қожанасыр ата! Сізді Пески орта мектебіне «Бәйге» ойынына шақырамыз»

5-6 сынып оқушылары жіберіпті.

Оқушы: - Біз сізді күтіп отыр едік, келгеніңіз жақсы болды. Төрлетіңіз. Қожанасыр ата:- Рақмет, қалқам. Құрметті балалар! Мен де сендердің қазақ тілін қаншалықты меңгергендеріңді көргім келеді. Мен сендерге сұрақтар қойғым келеді. Жауап беруге дайынсыңдар ма?

Ал «Құлагер» тобы тыңдаңдар.

1 .Бір аптада неше күн бар?

2.16-желтоқсан қандай күн?

3.Аударыңдар. С праздником!

4.Подарок за радостную весть.

5.Аударыңдар :Приятного аппетита!

6. Доброе утро!

7.Как строится генологическое древо (т.е назовите жеті ата)

8.Назовите каз. нац. муз. инструменты

9.-тан-қандай буын?

10.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?



«Тұлпар» тобына сұрақтар.

1. Жыл мезгілдерін атаңдар.

2.7-мамыр қандай мейрам?

3.Аударыңдар: С днем рождения!

4.Аударыңдар: Спокойной ночи!

5.Добрый день!

б.Это каз. нац. муз. инструмент. Его называют казахскими гуслями. О каком инструменте говорится?

7.-пі-қандай буын?

8.Қазақ тілінде неше септік бар?

9.Рад нашему знакомству. (Аударыңдар)

10.Это можно увидеть на любых праздниках,когда пожилые женщины с пожеланьями счастья и добра рассыпают конфеты, курт, монеты. Как называется этот обычай?



Ойынды қорытындылаймыз.

-Балалар, сендерге ойын ұнады ма?

«Тұлпар» тобына сөз берейік.

-Маған бүгінгі ойын өте ұнады. Мен қазақ тілін бірінші сыныптан бастап үйреніп жүрмін. Менің мақсатым-мектеп қабырғасынан шыққанда қазақ тілінде еркін сөйлеу.

«Құлагер» тобы:

-Маған да бұл ойын өте үнады. Мен Қазақстан азаматымын. Сондықтан қазақ тілін игеру-менің ізгілікті борышым деп санаймын.

Мұғалім: -Қожанасыр ата, бүгінгі ойын жайында сіз не дейсіз?

Қожанасыр ата:

- Айналайын балалар. Жарайсыңдар! Мен бүгін осында келгеніме өте қуаныштымын. Маған бәрі ұнады: шырқаған әндерің де, қазақша сөйлегендерің де. Мен сендерге, балалар, қазақ тілін үйренуде үлкен табыстар тілеймін. Қазақстанның үлкен азаматтары болыңдар. Мен бүгінгі мейрамға құр қол келген жоқпын. Қоржынымда әкелген сыйлықтарым бар. Келіңдер, балалар, алыңдар.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал