7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Тақырыбы: Қасиетті Мерғалым ата

Тәрбие сағаты Тақырыбы: Қасиетті Мерғалым ата

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Дос және достық

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.

Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, түсіндіру, хатқа жауап беру, пікіралмасу,

Көрнекі құралдар: бейнетаспалар., слайд, мәуелі ағаш, 5 саусақты қағаз қолғап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

/Әнұран орындау/.

ІІ. Тақырыпты ашу.

Тақырыпты бейнетаспа арқылы ашып алу (слайд)

1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?

2. Досың бар ма? Ол кім?

3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

4. Достық жасқа байланысты ма?

5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

8. Дос қандай болу керек?

  • Бүгінгі тақырыбымызды ары қарай шегіне жеткізіп, түсіну үшін топттық жұмыстар жасаймыз.

1-топ. «Талап» тобы «Нағыз дос» атты ағашқа, досқа тән қасиеттерді жапырақтар түрінде теріп ілу (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік, өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау)

2-топ. «Еңбек» тобы. Ертегіні оқып, тапсырманы орындау.

Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке:

-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт:

- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.

Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? - депті жігіт. Қарт күліп:

- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.

-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі - адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі».

3-топ. «Жомарт» тобы.

«Достық» ережелерін құрастыру

4-топ. «Қанағат» тобы.

«Дос болу» қағидаларын құрастыру.

5-топ. «Рақым» Хат қоржын. Асан атты балаға ақыл қосу.

Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым... Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар?

  • Топта жұмыс істеп, спикерлер қорғайды. Әр топтың жұмысына топтар баға беріп отырады. Бағдаршам түсі бойынша.



  • Бейнетаспа көру. Осы көрген бейнетаспадан ой түйіндеу мақсатында әр топқа жағдаяттар ұсыну.



1-топ. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты...

- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

2-топ. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты...

- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?

3-топ. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың сағатын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

4-топ. Бесінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Талғатты ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Талғат саббаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.

- Талғаттың бұл ісіне көзқарастарың қандай?

5-топ. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

Қорытынды:

• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

• Досыңды алдамай, оған адал бол.

• Досыңды қорлама.

• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

• Досыңның кемшілігін кешіре біл.

- Тақтадағы смайлді көріп тұрмыз. Алдарыңдағы бес саусақты қолғаптарыңа өздеріңнің достарыңа тілек жазып смайлге жағалай ілеміз.

  • Енді жақсы көғіл күймен сабағымызды аяқтау үшін қыздардың орындауында «Туған» жер өлеңін қабыл алыңыздар.























































№36 мектеп - лицейі







Тәрбие сағаты



Дос және достық



Тәрбие сағаты Тақырыбы: Қасиетті Мерғалым ата

















Өткізген: 4 «А» сынып жетекшісі

Альжанова Ж.Н







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал