- Учителю
- Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы: Ислам дінінің тарихы
Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы: Ислам дінінің тарихы
БҚО,Зеленов ауданы,Асан ауылы Асан жалпы орта білім беретің мектеп
Физика және информатика пәні мұғалімі: Жангирова Балсулу Изтелеуовна
Пәні: Тәрбие сағаты Сыныбы: 10
Білімділік мақсаты: Ислам дінінің тарихын, мәнін және адам өмірінен алатын орнын анықтау. Діннің жасампаздық пен бейбітшілікті сақтауда жаңа сапаға көшкендігін көрсету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды қазіргі танда қалыптасып жатқан діни ахуалдың күрделенуі жайлы пікірге тарта отырып, оларды діни секталық ұйымдардан аулақ болуға шақыру және діни сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, парасатылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Құдаймен сұхбат ( слайд шоу көрсету)
2. Слайд көмегімен төмендегі материалдарды көрсету
Ұлы ойшылдарымыз ислам туралы
Гете: «Біздер, Еуропа халықтары, мәдениетіміздің айрықша дамығанымен, хазіретті Мұхаммедтің ұлылығының ең бірінші сатысында ғана тұрмыз».
Бернард Шоу: «Мұхаммед адамзатты сақтап қалушы деп есптеуге болады. Егер ол секілді адам қазіргі заманды басқаруды өз қолына алса, әлемге қаншама мұқтаж тыныштық пен бақыт әкелу жолын сөзсіз табатынына мен сенемін»
Ламартин: «Ұлылардың ұлылығы немен өлшенсе өлшенсін, бірақ Мұхаммед хазіреттің ұлылығынан ұлы пенде жоқ»
И.А. Бунин: «Проклят тот,
Кто великого Корана не слышит
Проклят тот,
Кто угас для молитвы и битв, -
Кто для жизни не дышит,
Как бесплодный геджас».
"Маған рухани күш,яғни адамның ішкі жан
дүниесінің тазалығы мен діни -сенімі бір бірімен тығыз
байланысып,қатар жүретін сияқты бoлып көрінеді.Адам алдымен рухани
жағынан жетілуге қадам жасайды да,сoдан құдайды мoйындайды, oған
жақындай түседі.
Қай діннің бoлса да,өмір сүруге құқығы бар. Ал адамдарда oларды
таңдау құқығы, oждан бoстандығы бoлуы тиіс...Құдайға құлшылық ету
жас кезде де ,егде тартқанда да жарасады."
\Н.Ә.Назарбаев.\
3.Ислам діні нені зерттейді? Мақсаты туралы Теолог маман Арман Қуанышбаевтың дәрісін тыңдау.
4.Ұлдар мен қыздарға өсиет Арман Қуанышбаевтың дәрісін тыңдау.