- Учителю
- Сабақ жоспары Ас атасы - нан
Сабақ жоспары Ас атасы - нан
Сабақтың тақырыбы: «Ас атасы - нан».
Сабақтың мақсаты:
-
Дән тұқымымен таныстыру, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатынын, техникалардың аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық мақсаты:Балалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру. Өлең , мақал - мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру;
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру;
Білімділігі: Геометриялық денелер туралы ұғымдарын кеңейту, мүсіндеу арқылы қолмашықтарын жетілдіру. Еңбектерінің жемісін көру.
Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, қырман, масақ.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, оқу әңгімелесу, сұрақ - жауап арқылы сөздердің мағынасын түсіндіру, сергіту сәті.
Көрнекілік құралдар: «Нан қалай келеді?» - сериялық суреттер, атрибуттар, нан түрлері, ұн және масақ.
Сабақтың барысы:
-
Сәлеметсіздерме балалар. Біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр екен, қане қонақтармен амандасайық.
Психологиялық сәт:
-
Балалар сендердің көңіл күйлерің қалай?
-
Жақсы.
-
Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер? (қол шапалақтау)
-
Ренжігенде? (қабақ түйеміз)
-
Қорыққанда? (көздерін жұмады)
-
Таңқалғанда? (көздерін бақырайтады)
-
Қуанғанда? (күледі)
-
Ендеше біз бір - бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Күніміз жарқын болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Күніміз сәтті болсын,
Деніміз сау болсын.
-
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-
Күз мезгілі.
-
Бір жылда неше мезгіл бар?
-
4 мезгіл бар.
-
Кәне, атап шығайық.
-
Күз, қыс, көктем, жаз.
-
Күз мезгілдеріне қандай айлар жатады?
-
Қыркүйек, қазан, қараша.
-
Қазір қай ай?
-
Қазан айы.
-
Дұрыс, балалар, бүгін қазан айының (күні, апта аты)
-
Күз мезгілі берекелі, молшылығы көп мезгіл, бұл жыл мезгілінде жеміс - жидек пісіп, егін пісіп қамба астыққа толады.
Ғафу: «Ас атасы - нан,
Нан атасы - дән»
Мұстафа: «Жердің сәні - егін,
Ердің сәні - білім»
Нұрасыл: «Еңбек түбі - береке,
Көптің түбі - мереке»
«Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті»
Сергіту сәті:
Нан қиқымын шашпаңдар, (қолдарын бұлғайды)
Жерде жатса, баспаңдар. (2 рет)
Теріп алып қастарлеп, (Алақандарын жаяды)
Торғайларға тастаңдар. (Саусақтарының ұшымен себелеу қимылын жасайды)
Өлең оқып беру, мақал - мәтел айту.
Наргиз:
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Диана:
«Ас атасы - нан».
«Нан бар жерде ән бар»
«Нан - тіршілік көзі».
Ғафу:
Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды жерге тастама.
Ребус шешу.
Сабақты қорытындылау:
Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар.