- Учителю
- Открытые уроки для второй младшей группы дошкольного образования
Открытые уроки для второй младшей группы дошкольного образования
Өскемен қаласы әкімдігінің « №42 орта мектебі» КММ
2 сәбилер тобына арналған Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудан ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті.
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Орындаған: Ахметжанова Н.Н.
</<br>
Өскемен қаласы
2016ж
Күні ____________
2 сәбилер тобына арналған оқу жұмыстарын ұйымдастырудың техналогиялық картасы
Білім беру аймағы: «Таным»
Бөлімдері: Қарапайым матеметикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Мақсаты: : Балаларға өздеріне таныс дөнгелек, шаршы және ұшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір бірінен ажырата білуге үйрету.
Білімділік: Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Айырмашылығын және ұқсастығын ажырата білуге үйрету. Ой қабылеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Мұқияттылықты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер
Әдіс тәсілі: көрсету, түсіндіру, үйрету, ойын, сұрақ жауап.
Сөздік жұмыс: Пішіндер-фигурыТәрбиеші: Кәне ,балалар, шаттық шеңберге тұрамыз
Армысын, алтын күн!
Армысын, көк аспан!
Армысын , жер ана!
Армысын, жан досым!
Балалар шеңбер құрып, қимылдарымен орындайды.
Ұйымдастыру ізденушілік
-Балалар, бір бірімізге «Сәлем» дейміз Қонаққа Боди келеді.
Боди: -Сәлем, балалар, қалдарын қалай?
Тәрбиеші:-Сәлеметсінбе,Боди. Бізде бәрі жақсы.Өзін қалайсын?
Боди:-Менде бәрі жақсы.Міне осы сендерге қонаққа келдім. Бірақ бос қол келген жоқпын. Дара менен сендерге сәлемдеме беріп жіберді.
Тәрбиеші:-Кәне көрейік, ол қандай сәлемдеме болды екен. Балалар, бұл хат екен, ол хатта не жазылып тұр екен оқыйқ.
«Сәлеметсіндерме , балалар. Қалдарын қалай? Мен сендерге бір неше тапсырмаларды жібердім. Өзім сол тапсырмаларды шеше алмай ғой дым. Маған көмектесіндерші.Дара.»
Тәрбиеші:-Балалар, Дара көмектесемізбе?(Иә)
Балалар, міне дөнгелек. Ол неге ұқсайды?(Допқа)
Дұрыс, допқа ұқсайды және көліктін доңғалағына. Қарандаршы : дөңгелек домалайды.
-Ал мынау ұшбұрыш. Ұшбұрыш неге ұқсайды? ( Пирамидаға, үйдің шатырына).
Балалар, сендер білесіндерме ,Үшбұрышты неге үшбұрыш деп атаған? Үшбұрыштың үш бұрышы бар.
Кәне санаймыз: бір,екі,үш.Үшбұрыш домалай алмайды, өйткені бұрыштар бөгет жасайды.
-Ал мынау пішін : шаршы .Терезеге немесе үйге ұқсайды. Шаршының төрт бұрышы бар. Олда домалай алмайды, өйткені шаршының да бұрыштары бөгет жасайды.
-Жақсы, балалар, ал енді екінші тапсырма.
-Балалар, менде бірнеше суреттер бар. Олар қандай пішіндерге ұқсайтының табу керек.
Тақтаға пішіндердін суреттері ілінеді. Балалар бір суреттен алып пішіндердін астына жабыстырады.
Ғажайып сәт:
Мысалы:алма -дөңгелектін астына, ал пирамиданы- ұшбұрыштың астына.
-Жарайсындар, балалар.
-Балалар шаршаған шығарсындар, ендіше бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәт:
-Жақсы, балалар, жарайсындар. Бізде тағы бір тапсырма бар. Біз қазір ойын ойнаймыз.
Амандасады.
Рефлексивтік - түзетушілік.
Дидактикалық ойын: «Орамалды жамау»
Тақтаға екі орамал (көк және қызыл түсті картон).Балалар қажет жамауды алып орамалдарды жамайды.
-Жақсы, балалар, жарайсындар. Тапсырмаларды жақсы орындап шықтындар.
Боди: - Балалар, қандай кереметсіндер.Көп рахмет. Дараға көп көмектерін тиді.Ал ендіше мен кетейін. тапсырмалардын жауаптарын Дараға жеткізейін. Сау болындар!
- Сау бол, Боди.
- Балалар, бізге бүгін кім келді? (Боди)
- Тапсырмаларды кім беріп жіберді? (Дара)
- Дөнгелекке не ұқсайды? (алма, доп)
- Ұшбұрышқа ше? (пирамида)
- Шаршыға ше? (Терезе)
- Бұл барлығы геометриялық пішіндер. Жақсы, балалар, жарайсындар. Ал енді айтындаршы, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? (Иә)
- Ал енді менде сендерге кішкене ғана сыйлығым бар
- Бұл геометриялық пішіндер. Оларға қарап сендер пішіндерді ұмытпағайсындар.
(Қонақтарға сыйлықтарды таратып беру және балаларға)
-Балалар, қонақтпрға «сау болыңыздар» деп айтамыз.
- Сау болыңыздар
Балалар қимылдарымен жасап сергіп қалады.
Балалар бір бірінің жұмыстарын бағалайды.
Хормен әндерін айтады.
Күтілітін нәтиже:
Нені біледі: Пішіндерді атай алады.
Талапты болу: Ойындардың шартын бұзбай ойнайды.
Қолынан келеді: Пішіндерге ұқсас заттарды атай алады.