7


Ана өмірдің-шуағы (1-4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты:

  1. 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

  2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

  3. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақи қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Құрметті аналар,әжелер ,апалар ,ұстаздар Көктем айының алғашқы мейрамы 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз, зор денсаулық, бақыт тілейміз. Біздің мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші Той тойлап даламен қалаларым

Мерекең құтты болсын аналарым

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін

Құттықтап жатыр міне балаларың-

дей отыра бүгінгі мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға руқсат етіңіздер!

Ендеше алғаш концертіміздің шымылдығын Халамхан Мұраттың аналарға арналған өлең жолдарымен бастаймыз.

1-жүргізуші: Орасақ та жәннат ішік, құндызға

Баласақ та айға,күнге,жұлдызға

Ана соның бәріненде ардақты

Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға

-дей отырып келесі тамаша ән сіздерге арналады.

Ән: «Ару ана» әнімен Жансая мен Жаңылсынды ортаға шақырамыз.



2-жүргізуші: Әлпештеген анамыз

Біз бақытты баламыз

Оқып білім аламыз

Жұлдыз болып жанамыз

Өнерлі болып өсеміз

Өмір сырын шешеміз

Өсіріп ой-сананы

Қуантамыз ананы-деп ортаға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз.

1.Шарипов Адиль:

Аналар өмір жүрегі

Балалар оның тірегі





2.Мұрат Нұрсая: Үлкенмін ғой мен енді

Жудым бүгін еденді

Аналарға арналған

Жаттап алдым өлеңді.

Өлең айтып беремін.

Нан да алып келемін.

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін.

Бүгін бестік баға алдым

Тағы -тағы алармын.

Үздік оқу тартуым

Мейрамына маманың.



3.Тұрымтай Айдын: «Бала,бала,бала» деп

Бізді өсірген анашым

Гүлге толып құшағың

Бақытты бол анашым



4.Хумарбек Бекбол: Ана біздің күніміз.

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.



5. Мерей Ақжол: Қамымды ойлар күні-түні

Анам менің көктемім

Ақтай алсам үмітін

Арманыма жеткенім



6.Хуухээ Жангелді: Мамаларды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.



Ән: «Анашым» Халамхан Мұрат

Би: «Sha-Sha» тобын ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Анажан мені әлпештеп аяладың

Бойдағы ізгілікті аямадың

Анажан өзіңсің ғой сүйенішім

Анажан өзіңсің ғой саябағым-дей отырып аяулы аналарға арналған балабақша бүлдіршіндердің өнерін тамашалайық.



Ән : хор «Ақ мамам»

2-жүргізуші; Ақ анашым, әппағым

Өзің жайлы тақпағым

Арналады сіздерге

Бар баланың тақпағы.



1.Нұрбақыт Шұғыла: Айналайын анашым

Әлемдегі жан асыл

Болса маған не керек

Бәрін іздеп табасың



2.Мәулет Бекарыс: Құшағыңа кірген де

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де



3.Тұрымтай Айдана: Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен



4.Хуантхан Нұртілеу: Мейірімді апалар

Балалар кеп бата алар

Қалтасына кәмпит сап

Немереге апарар



5.Құрметбек Қарақат: Бейнетімнен қашпаған

Еңбегі үлкен басқадан

Ол өзімнің анашым

Жүрегі кең жақсы адам



6. Тілеуберді Нұрсұлтан: Біз үшін тыным таппаған

Айналайын ақ мамам



7.Мұрат Самал: Айналайын анашым

Асқар таудай панасың

Күн көзіндей күлімдеп

Құшағыңа аласың



8. Караев Дархан: Бәрімізге панасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын мамашым



Ән: «Анашым» Булатова Аружан



1-жүргізуші:Біздің балалардың аналарына арнаған кішкентай сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

2-жүргзуші: Ата-аналарымен «биле-биле» ойыны жүргізіледі.

Ойынның шарттары: екі топқа бөлінген аналар бимен жарысады. Жеңген топ үлкен сыйлыққа ие болады.

1-жүргізуші: Өнер жасты талғамас ендеше ортаға болашағыннан зор үміт күттірер дарынды ұлдарыңыз Тілеуберді Нұрсұлтанды «Шоқ қыздар» әнімен ортаға шақырайық.





2-жүргізуші: Ортаға тотыдайын таранған

Аққудайын сыланған бишілерімізді «Қара жорға» биімен шақырамыз.



1-жүргізуші: Дайындық тобының оқушыларының өнерін тамашалайық.

1.Ашимова Нұрай: Құдіреттен жаралған

Көңілімді таба алған

Ең ақылды адамда

Ол өзімнің жан анам



2.Тілеуберді Аяулым: Мейіріміңе қанбаймын

Ең қымбатты жандаймын

Ақ мамама ешкімді

Теңестіре алмаймын



3.Мұрат Күнсауле: Қабағыма қараған

Көңілімді таба алған

Ең ақылды адамда

Ол өзімнің жан анам



4. Құрметбек Айтолқын: Кір түсірмей жағама

Шашымды да тарайсың

Мектебіме барар да

Мейірлене қарайсың



5.Ербол Тілек: Әлпештеген баласын

Ана-бақыт ана-күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын



6. Тұрымтай Айбол : Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Анамызға сыйлаймыз



2-жүргізуші : хор ән « Аналардың тілегі»

1-жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың аясындай гүлбақтың

  • деп келесі сөз кезегін ақ тілектерге берейік.

Ән: «Әлемнің жарығы» 6-7-сынып оқушылары



2-жүргізуші: Аяулысың бұл өмірдің асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сендер үшін әнменен күй

Өлең мен би

деп ортаға бишілерді шақырамыз. «Жұмыр қылыш» биімен ұлдар



1-жүргізуші: Бәрі де ана бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды

Қуансамда, өзің бар деп қуандым-

дей отыра оқушылардың аналарына арналған өлең жолдарына кезекті берейік. 5-6-7 сынып оқушылары



2-жүргізуші: Аналардың құрметіне арналған тағы бір әнге кезек берейік.

« »

1-жүргізуші: Аналарға арналған арнау сөз.

Ән: «Анаға парыз» Ербол Шұғыла

2-жүргізуші: Мектеп меңгерушісіне сөз.

1-жүргізуші: Бүгінгі мерекеміз осымен аяқталды. Дендеріңзге саулық тілейміз. Хор « Анаға сәлем»

















Бекітемін:

Мектеп директоры: Аскер Н:













Новокаменка негізгі мектебі.





















Мерекелік кеш.









Өткізген : Хайруллина А А













07.03.2016 жыл.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал