- Учителю
- Кітап рухани құндылық сабақ
Кітап рухани құндылық сабақ
Кітап - рухани құндылық.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға "Кітап - сарқылмас қазына" екенін білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оған деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың барысы:Кіріспе. Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін, - деп М.Әлімбаев жырлағанындай, әдеби кітаптар мен оқулықтар - білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.
1-оқушы: Кітап - рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.
1-оқушы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді.
2-оқушы: Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.
1. Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы, өмір көркі.
2. Саған білім жемісін,
Оқулығын береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді,
3. Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
4. Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
5. Заводтарда күн-түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
6. Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
7. Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
8. Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
9. Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
10. Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің - ау, еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
11. Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Мұғалім: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітап бізге ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге берді.
1. Көрініс. "Кітап емханасы".
Мұғалім: Балалар, бүгін бізге дәрігер келіп отыр.
Дәрігер: Адамдар мен жан - жануарлар сияқты, кітаптар да ауырады.
Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптар да ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін ережелерді білу керек. Ережелерлі оқу.
2. Нақыл сөздер.
1. Артық ғылым кітапта,ерінбе оқып көруге.
2. Кітап - асып-таспайтын досымыз.
3. Жақсы кітап, ақылды адамның әңгімесімен бірдей.
4. Кітап - ақылды қуаттандыратын құрал.
5. Кітап - әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.
3. Қорытынды. Балалар, бүгінгі өнеге сағатымыздан біз көп нәрсе үйрендік. Кітап балаларға білім, жан - жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан "Кітап - білім бұлағы" деп бекер айтылмаған.Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу-білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
</<font face="Times New Roman, serif"> Сияменен бояп қойма.
ШҚО,Семей,Знаменка ауылы, Машенова А.А.-кітапханашы