- Учителю
- «Тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік пен жасампаздықтың және келісімнің 20 жылы» 5 сынып
«Тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік пен жасампаздықтың және келісімнің 20 жылы» 5 сынып
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу
Тәрбие сағатының көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі:
Тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан - ғайыр жерді мекен еткен ата - бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.
Тарихқа көз жүгіртсек,қазақ-нағыз батыр халық екенін мойындайсың.Жүгі нарда,қазаны теңде болып,көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.Ол-ел мен жері және ана тілі.Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды
.Бүгінде ата-баба аманат етіп қалдырған сол үш бойтұмарды сақтап,егемен ел атанғанымызға 20 жыл толған дүбірлі тойды тойлағалы отырмыз.Ендеше алдарыңызда 5 а сынып оқушыларының дайындаған «Тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік пен жасампаздықтың және келісімнің 20 жылы» атты ашық сынып сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
ҚР -ның Әнұраны орындалады
1-жүргізуші: Тасқын
Армысыздар жаны жайсаң қазақ елі!
Ò
2-жүргізуші:Назерке:
Қайырлы күн, қарыштаған Қазақстан!Ò Асқақтаған Алматы.Ò Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
1-жүргізуші:Тасқын
Қазақстан республикасы - біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.
Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
2-жүргізуші:Назерке
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Халықтың енді, міне, жетілгені,
Құрыштың білінбейді кетілгені,
Аталып Қазақстан ел боп туып,
Үй тігіп, ірге қалап бекігені
Тасқын:
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Назерке:
Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
Тасқын:
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Бұл жыл тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды.
Аруна:
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Мұқағали:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер,жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі-сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр,салт-санасы,тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба аламған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана-тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес-ұлылардың ұлысы!
Тасқын:
Бүгінде еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін мемлекеттік Рәміздеріміз төрден орын алған.
Назерке:
Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Тасқын:
Келесі кезекті әсем әнге берсек,ортада Жексекова Жұлдызайдың орындауында «Алматы»
әні
Тасқын:
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Назерке:
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді,бірақ ешқашан мойымады,күресе білді.Азаттық таңы туатынына кәміл сенді.Енді осы бір тарихи оқиғаларды еске түсірейік.
Көрініс.
Тасқын:
Жоңғар хан ордасы
Уәзір: Ләппай тақсыр! Қазақтар келіп тұр
Хан: Кірсін
Хан:ия, қазақтар! Неменеге келдіңдер?Айтатындарыңды айтыңдар да үйлеріңе
Қайтыңдар
Қазыбек би:
Біз -қазақ, мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп,найзаға үкі таққан елміз.Досымызды сақтай білген елміз,дәм-тұзды ақтай білген елміз.Сен қалмақ та біз қазақ қарпысқалы келгенбіз.Табысуға көнбесең,шабысқалы келгенбіз.Тұтқыр сары желімсіз жабысқалы келгенбіз.Сен темір де біз көмір,еріткелі келгенбіз.Берсең жөндеп бітіміңді айт,не тұратын жеріңді айт!
Хан:Балам,атың кім?
Қазыбек би:Атым-Қазыбек,әкем-Келдібек би,ұлтым-қазақ,руым-Қаракесек.
Хан:
Ендеше,даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен,есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын.
Хан шапалақтап ұрады.
Уәзір:Ләппай тақсыр!
Хан:Қамаудағы қазақтарды босатыңдар!
Тасқын:
Биші қыз әсем билеп мың бұралған
Мен едім өнеріңе шын құмар жан-дей отырып,келесі кезекті биге береміз.Қазақ биі
Тамир:
Қазақстан-тәуелсіздік бесігі
Басқалардың тимесінші кесірі.
Елдің көшін өрге бастап барады,
Нұрағаңмен егіз болар есімі.
Қазақстан-тәуелсіздік бесігі
Бесігімде тербеледі дос үні.
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық,ұлықтайық осыны.
Тасқын:
Отаным-Қазақстан,туған жерім,
Мұнай мен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім.
Мен қазақпын,ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін,егеменмін,озатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпын
Жансая:
Бостандық құтты болсын ерікті ел
Айдын көл,көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып,тәу еткен жер.
Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы,білім ал елің үшін
Еңбек ет,тыным таппай жан аяма
Аруна:
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Халқымның мақтанышы-алып тұлға,
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек-көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма
Назерке: Осы тұста еліміздің Ақ Ордасына арналған «Астана» әніне кезек береміз.Мухамбетова Дина
Тасқын: Қыздарымыздың орындауында би.Қабыл алыңыздар
Назерке:
Желбірейді шарықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап
Қанат қағып барады
Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға
Мұғалім: Балалар,өткенге шолу жасайықшы!Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есте қалды? Ойымызды ортаға салайықшы
Ортаға 1991-2011-жылға дейінгінің бәрі өз деріне қатысты ерекшеліктерді айтып шығады
Назерке
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы.
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке.
Әдия:
Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бостандық пен бейбітшілік-жыр-әнім.
Самғап жүрсек бостандықта,биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О,Тәңірім! Бізді баққа жолықтыр!
Бүгін,міне тәуелсіздік,ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Назерке:
Ертеңіміз ол біздің
Еркіндіктің әр күні.
Бақ аялап мәңгі елді,
Алтын арай таң келді.
Көтереміз туларды,
Шырқатамыз әндерді
Ән Хор «Атамекен»
Тасқын:
Тәуелсіздік-тірегім,алмас үнді
Тәтті үміті халқымның сан ғасырғы.
Көк байрақты,кемеңгер кемел ойлы
Келбетіңнен көремін жалғасымды.
Назерке:
Бір ата,бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда-тірлік бар деген бабам»
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!
Мұғалім:Қорытынды
Міне ,егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.
Тәуелсіз Қазақстан - ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! - деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!
Мұғалім сөзі:
Тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан - ғайыр жерді мекен еткен ата - бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.
Тарихқа көз жүгіртсек,қазақ-нағыз батыр халық екенін мойындайсың.Жүгі нарда,қазаны теңде болып,көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.Ол-ел мен жері және ана тілі.Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды
.Бүгінде ата-баба аманат етіп қалдырған сол үш бойтұмарды сақтап,егемен ел атанғанымызға 20 жыл толған дүбірлі тойды тойлағалы отырмыз.Ендеше алдарыңызда 5 а сынып оқушыларының дайындаған «Тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік пен жасампаздықтың және келісімнің 20 жылы» атты ашық сынып сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
</
Мұғалім:Қорытынды
Міне ,егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.
Тәуелсіз Қазақстан - ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! - деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!