- Учителю
- Қараой әңгімесі. Тәкен Әлімқұлов
Қараой әңгімесі. Тәкен Әлімқұлов
Қысқа мерзімді сабақ жоспары9 "а"
Сабақтың тақырыбы:
Тәкен Әлімқұловтың "Қараой" әңгімесі
Жалпы мақсаты:
Сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, әңгіменің мазмұнымен танысу, тақырыбы мен идеясын ашу; топтық жұмыс арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру; білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдану.
Сілтеме:
Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығынан слайд (Уикипедия); 9-сынып әдебиет оқулығы, хрестоматиясы, ғаламтор материалдары.
Оқу нәтижесі:
Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді; өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.
Қолданылатын материалдар:
АКТ , үлестірмелері материалдар, постер, фломастерлер, Уикипедия мәліметтері, "Махамбеттің тағдыры" - Б.Аманшин, Т.Әлімқұлов шығармалары, газет-журнал материалдары
Оқыту әдістері:
Топпен жұмыс , "Ойлан, топтас, талқыла", "БББ" стратегиясы, "Мадақтау сэнгвичі";
Сабақ барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2 минут
6 минут
15 минут
15 минут
5 минут
2 минут
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды жасырын сөздерге байланысты 3 топқа бөлемін.
1)"Махамбет" - тобы.2) "Исатай" - тобы.3)"Қараой" - тобы.
"Көршіңді бағала". Оқушылардың барлығына бағалау бетшелерін таратамын. Яғни әр оқушы көршісін бағалайды.Оқушының аты
Сұраққа жауап беруі
Әңгіме мазмұнын меңгеруі
Топтық жұмысқа қатынасуы
Қорытынды ұпай
Өте жақсы - 5 ұпай, орташа - 4 ұпай, қанағаттанарлық - 3 ұпай, төмен деңгейде - 2 ұпай, сабаққа мүлдем қатынаспаса - 0 ұпай.
"5"- 18-20. "4"-15-17. "3" -5-10
Үй тапсырмасын тексеру. Ілия Есенберлиннің өмірі мен "Көшпенділер" романы бойынша топтарға ашық және жабық сұрақтарды слайд арқылы ұсынамын:
І топқа:
-І.Есенберлиннің "Қаһар" атты кітабында қандай тарихи оқиға бейнеленеді?
- Тарихи роман деген не?
- "Алмас қылыш" романында қандай тарихи оқиғалар баяндалады?
ІІ топқа:
- "Алмас қылыш" романының негізгі идеясы не деп ойлайсың?
- Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы неше кітаптан тұрады және қандай?
- "Жанталас" романының бірінші бөлімінде қандай оқиғалар баяндалады?
ІІІ топқа:
-"Жанталас" романындағы неғұрлым айқын, толық көрінген тұлға кім?
- "Жанталас" романының екінші бөлімінде қандай оқиғалар суреттеледі?
- Ілияс Есенберлиннің басқа қандай шығармаларын білесіздер?
Дұрыс жауап беріп отырған оқушыларды "смайликтермен" марапаттаймын.
Жаңа сабақ.
* Қызығушылықты ояту. Махамбеттің тағдыры туралы бейнебаян көрсету.
(Күннің жадысы мен сабақтың тақырыбын тақтаға жазамын).
Ұлттық әдебиетіміздегі Махамбет ақынның қазасына байланысты айтулы бір туынды Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі екендігін айта отырып, қазақ әдебиетіндегі Махамбеттің тағдырына байланысты жазылған еңбектерге тоқталамын.
Алдымен шығарма авторы Тәкен Әлімқұлов туралы Айымгүлдің дайындаған материалына назар аударайық.
(Слайд қорғайды).
Қазақстан тарихы пәнінен сіздер 1836-1838 жылдары Бөкей хандығында болған ірі халық-азаттық көтеріліс туралы өткен едіңдер. Көтерілістің басты себебі не еді? Ұлт азаттық көтерілісті бастаушылар кімдер? Олардың мақсаты не еді?
Оқушылардың жауабы.
Махамбеттің өмірі мен заманы туралы көркем шығармалардың ішінде Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» атты туындысы айрықша дара тұрады.
(Тезистик жоспарға сай қысқаша мазмұнына шолу).
"Қараой" әңгімесі бойынша тезистік жоспар:
-
Махамбеттің Қараойда жалғыз үй отыруы;
-
Батый туралы аңыз;
-
Жары Әуестің Махамбетті үйге шақыруы;
-
Баласын жұмсауы;
-
Ықыластың кешіккеніне қобалжуы;
-
Ықылысқа деген күдігі;
-
Баймағамбеттің Махамбеттің басына 1000 тігуі;
-
Күдіктен айырылмауы;
-
Исатайдан айырылып, жалғыздық кешуі;
-
Махамбеттің жары Әуестің ерін қолдауы;
-
Балаларының тағдыры;
-
"Қайда барса да қорқыттың көрі";
-
Жұмбақ жолаушылар;
-
Жаңаберген мен Төлепберген;
-
Келген қонақтарға сенбеуі;
-
Жаңабергеннің ұсынысы;
-
Махамбеттің шекпенін шештіруі;
-
Жаңабергеннің іштей өз ойымен алысуы;
-
Махамбеттің шешімі;
-
Махамбеттің ақтық үні;
-
Қараойда қалған қаралы үй.
Бұл туынды көтеретін, арқау ететін әлеуметтік-қоғамдық шындық, осы арнадағы суреттелетін оқиғалар ағымының ауқымдылығы тұрғысынан келсек, осы шығарманың бір өзі Махамбет тағдырының барлық кезеңін қамтып өтеді.
Қараой - жер атауы. Махамбетке жасалған соңғы қастандықтың да осы жерде өткендігіне автор айрықша мән береді. Сондықтан да осы қасіретке бастаған қаралы оқиға тарихы жазушы суреттеуінің басты көркемдік нысанасына алынған.
«Қараой» әңгімесіне халқымыздың қайталанбас,біртуар ақыны Махамбет өмірінің ең бір традегиялық тұсы арқау болған.Азаттық жолында ешкімге бас имеген қайсар жан,қайран ақынның өр тұлғасы сомдалған.Ағайынның алауыздығы,сүйекке сінген күндестік ұлт қасіреті деңгейінде көрсетілген. Жазушы қанды қол жендеттердің қасиетті ақын шаңырағын қас-қағым сәтте ойрандап, ортасына түсіріп, бір үйлі жанды сорлатып кеткенін көзбен көріп, қолымен ұстағандай етіп алдымызға жайып салады. Әңгімеде Махамбет өмірінің соңғы сәттері сөз болады. Ең бастысы, мұнда қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы асқақ көрінеді. Ешқашан, керек болса хан, сұлтан алдында да төмендемеген, аласармаған ар-намысы соңына түскен көп тобырдың қолы жетпес биікте қалады.
Бекіту. (Махамбеттің "Жұмыр қылыш" күйін жіберіп қоямын).
"Ойлан, топтас, талқыла" әдісі арқылы 3 топқа 3 түрлі тапсырма беріледі:
1-топ: Композициялық құрылымына талдау.
2-топ: Әңгімеге СКТ.
3-топ: Әңгімедегі Махамбеттің образы.
Топтық жұмыста белсенді қатынасып отырған оқушыларды "смайликтер" беріп марапаттаймын.
Топтық жұмысты қорғау үшін әр топқа 3 минут уақыт беріледі.
Қорытынды. "БББ" стратегиясы.
Әр топтан 2 оқушыдан сұрау.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Бағалау.
Бағалау өлшемдері арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. Жиынтық баға қоямын.
Кері байланыс
1 бөлік - позитивті комментарий, не ұнады;
2 бөлік - сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3 бөлік - келешекке арналған комментарий: маған ұнады, Бірақ келесі жолы …
Үйге тапсырма. Әңгімені оқу, автор туралы іздену.
Оқушылар еркін қозғалыста.
Топ мүшелері бағалау өлшемдерімен танысады.
Оқушылар
өтілген тақырып бойынша білімдерін еске түсіреді.
Топ мүшелері сұраққа белсенді жауап береді.
Назарларын бейнебаянға аударады.
Ынтымақтастықта белсенді жұмыс істейді. Әңгіме мазмұны, Махамбеттің образы, көркемдегіш тәсілдердің қолдануына талдау жасайды.
Оқушылар бүгінгі сабаққа дейін Махамбет туралы білетіндерін, жаңа сабақтан үйренгендерін, алдағы уақытта білгілері келетінін жазады.
Топ басшылары сабақ басында таратылған бағалау өлшемі бойынша топ мүшелерін бағалайды.
"Мадақтау сэнгвичі" әдісі арқылы оқушылармен кері байланысу.