7


  • Учителю
  • 9-мамыр Жеңіс кұніне арналған ертеңгілік

9-мамыр Жеңіс кұніне арналған ертеңгілік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ән: «Оқуда озат боламын»



Оқуда озат боламын,

Білімім тасып толамын

Мектепке барып күн сайын

Тек қана бестік аламын.

қайырмасы:

Оқуда озат боламын,

Қашанда таудай талабым.

Тәртіпті бала атанып,

Бәріне үлгі боламын.

Оқуда озат боламын,

Білімім тасып толамын.

Әр сөзін тыңдап ұстаздың,

Санама құйып аламын



Рахмет саған балабақша!



Алғаш рет қадамымды бастадым

Тәрбиені берген бағбаным.

Білім атты әлемге аштың жол,

Рахмет саған, балабақша, қош сау бол.



Достарым, достарым

Арналады бүгін жыр саған

Ақботвам, Ақботам

Алғысымыз шексіз бір саған.



Жақсылықтың бастау өзіңнен

Бәрін біліп үйрендім бір сеннен

Ең алғашқы білімді алдық мол,

Рахмет саған, балабақша,

Қош сау бол.













Соңғы қоңырау



1.Балғын шақ пәк күндер,

Бұлдырап сағымдай.

Қоштасар сәттің де,

Жақындап қағаны-ай.

Қайырмасы:

Балдаурен көктемім,

Өткен шақ аралы.

Сүйікті Ақботам,

Қиялмай қарадым.

Жас толы жанары,

Гүл толы омырау.

Сыңғырлап барады,

Ең соңғы қоңырау.

Сыңғырлап барады,

Ең соңғы, ең соңғы, ең соңғы қоңырау.

2.Алғысым көп менің,

Аяулы ұстаздар.

Мәңгілік өтемін,

Бұл күнде қарыздар.







Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні қорымен орындалады:



1.Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,

Оқ даусы мәңгілік жойылсын.

Бомбаның орнын тегістеген,

Күректер музейге қойылсын.

Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым.

Көтеріп жаңғырық!

Данасын дала, баласын ана,

Жоқтамасын мәңгілік!

2.Көктесін жас ағаш одан әрі,

Өткен күн қайтадан жанбайды.

Сұлудың кестелі орамалы,

Сүртсін, тек тершіген маңдайды.

Қайырмасы:

Қайғыны білмесін ана жаны,

Қазіргі адамда арман сол.

Әлемнің бар сәби балалары,

Оянсын ұйқысы қанған соң.



«Жеңістің жаңғырығы - ерліктің мәңгілігі»

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп,Ұлы Отан соғысын басынан өткерген ардагерлерге құрмет көрсету.

Оқушылардың Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.

Көрнекілігі: Сахнада «Ұлы Жеңіске - 65 жыл» жазуы жазылады. «Жеңістің жаңғырығы - ерліктің мәңгілігі», «Ешкім де ұмытылмайды, Еш нәрсе де ұмыт қалмайды», «Жеңістің тойы, жаса мәңгі!» «Бейбітшілік - ел тілегі» жазулары ілініп, шарлармен безендіріледі. Мәңгі алау қойылып, слайд қолданылады.

Барысы.

«Жеңіс күні» әнінің әуенімен екі жүргізуші сахнаның ортасына шығады.

1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі «Жеңістің жаңғырығы - ерліктің мәңгілігі» атты кешке жиналған қауым!

2-жүргізуші: Қайырлы күн кештің қадірлі қонақтары, ұстаздар және оқушылар!

1-жүргізуші:

Жеңістің жырын айтсын тіл-көмей,

Абзал досым, мүгедектері жүр демей!

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.

Ұлы Отан соғысы миллиондаған аданың өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады. Солардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру - баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.

Ендеше, барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.

Рахмет,отырыңыздар!

Енді Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, осы соғыстың куәгерлеріне, Ауған соғысының ардегерлері және мектеп ұжымына мәңгі алауға гүл шоқтарын қоюға рұқсат етеміз.

2-жүргізуші:

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,

Көктем, шуақ - Тоғызыншы май күні.

Айтшы, қане, біздің Жеңіс шешуі

Кездейсоқ па көктемге сай келуі?

Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы Тоғызыншы май күні

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Ән. Орындайтын Көшкінбаева Айдана.

1-жүргізуші:

Сойыпқыран солдаттары соғыстың,

Ардагерлер - атамекен айбыны.

Сақтады олар елін, жерін, намысын,

Ақтады олар азаматтық борышын.

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерлерге, майдангерлерге

Барлық жерде басымызды иейік.

2-жүргізуші:

Мақтанбаймын қалайша марқанбаймын?

Уақыт бізге ғажап сыр айтар дәйім.

Барлығы да сыйлапты адамзатқа,

Ынтымақты, Жеңісті дархан Майым.

Күш-қайраттың бойында тасқыны бар,

Мұқалмайтын төзімді достығы бар.

Талай тарих таңғалып, куә болған,

Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.

Көркемсөз. Оқитын Қуандықов Азамат.

Адамзатым, ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген - болған емес тегін іс.

Соғыс деген - қиылған жан, аққан қан,

Соғыс деген - екі жаққа жеңіліс.

Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,

Жастық күйреп, халық сиреп көнерді.

Жарақат алғандардың күшіменен,

Өркендеттік өмір менен өнерді.

Жиырма миллион тірлік демін доғарды,

Қанша қала күлге айналып, тоналды.

Тап қазіргі Қазақстан халқындай

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

1-жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Ерліктің қос қанаты деп білемін,

Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

2-жүргізуші:

Есіңде ме, туған Отан,

«Сен» деп неше жан қиылды?

Қорғағанда өзіңді.

Жау еңсесін басып төмен

Қуған оны жатыр ізі.

Есіңде ме «Әлия» деген

Қазақтың жас батыр қызы.

Көрініс.

Сахнада атасы мен немересі әңгімелесіп отырады.

Немересі:

Айтшы, ата, сонда сезіп пе ең,

Қара бұлттың төнгенін?

Ұйтқи соққан дауылдан

Бақыт шамы сөнгенін?

Естідің бе сонда сен,

Нөсер үшін селдеткен,

Үрейді алып өрекпіп,

Сұрапыл соғыс көлдеткен,

Сан мың адам қан төккен...

Ана жесір, бала жас,

Жетімдіктен көрді өктем.

Атасы:

Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем,

Әлсіреді ел күшті дауыл тезінен...

Ел қорғайтын ұл-қыздарым тұрғанда,

Бейбіт өмір болатынын сезіп ем.

Сахнаға әскери киім киген Әлия шығады.

1-жүргізуші (сахна сыртынан):

Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ қызы Әлияның ерлікке толы өмірі қалай тебірентпесін.

Әлия:

Біз сол кезде жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елгем бақыт тіледім.

Отан-ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Отан-ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

«Отан» деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін таппадық.

Атасы (немересіне және қос аруға қарап):

- Шығысымның қос шынары, қос алауы сен де Әлия, Мәншүк те өмірден ерте кеткендеріңмен, ерліктерің қалды. Біз сендерді ұмытпаймыз.Жер-Ана сендердің ерліктеріңді мәңгі ұмытпайды.

Ән. Орындайтын Энгельсова Сәнімзия.



Көркемсөз. Оқитын Намазова Айдана.

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міні!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

Бүгін жайнап, жасарсын ана біткен,

Асыр салып, қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын көңілі жақсы үмітпен.

Балалардың тілейміз күлгендерін,

Жер бетінде ешбір дақ тұрмасын деп.

Планета ең ғажап гүлдеп жерім,

Мәңгі үстінде Бейбіт күн орнасын деп.

1-жүргізуші:

Халық легі куәсіндей елдіктің,

Көптен бері осы күнді сағынған.

Ардагерлер осында отыр ерліктің,

Медальдарын, ордендерін тағынған.

2-жүргізуші:

Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен марапатталғандардың ішінде 96638 қазақ жауынгері бар. Қымбатты Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлері, Сіздерді өмірлеріңіздегі ең қымбатты мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Бүгінгі кешке қатысып отырған Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлерімен танысып өтейік:

Қалмағанбетова Сәлима апай, Берниязова Зинаида апай, Оралбаев Саламат ағай және Жұбантыров Өтеген ағай.

1-жүргізуші:

Ардагерлер еске алар өткендерді,

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал, бүгін мақтан етер ұрпақтары,

Жеңіс алып, еліне жеткендерді,-

Қымбатты ардагерлерімізге сөз беріледі.

Ән. Орындайтын Көшкінбаева Айдана.

1-жүргізуші:

Ашу мен кек оятты ел намысын,

Отан үшін жан пида болды үлкен сын.

Ер азамат жауменен арпалыста,

Әйелдер терін төкті майдан үшін.

Аналар қоштасқанда асылымен,

Арулар қош айтысты ғашығымен.

2-жүргізуші:

Балалықтың базарын ерте жауып,

Талай жұмыс істедібала-өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы-мұңды,

Төрт жыл өтті соғыс әлі бітпей қойды.

Кемпір-шал, әйел-бала ауылдағы,

Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Көрініс.

(Арнайы дайындалған орынға отырған екі қарт майдан жаңалығы туралы әңгіме-дүкен құрады. Қастарында екі-үш бала тыңдап отырады).

1-қарт: Әбеке-ау! Біздің армия жайлы, майдан жайлы қандай хабарың бар, айта отыр! Бізге қарағанда сауаттысың ғой.

2-қарт: Ой, құдайға шүкір, біздікілер гермдан деріне басыбайлы кіріп фашист жауызыңды ойсыратып жеңіп жатқанға ұқсайды.

1-қарт: Әп, бәрекелді. Арам қатқырларға, иттерге де керегі сол. Ей, балам-ау, су әперіп жіберші. Тамағы құрғыр кепті-ау.

(Отырған баланың бірі су әпереді.)

Бала: - Ата, осы фашист деген деген ит қандай екен?

1-қарт: Әбеке, мына баланың сауалына жауапты өзің берерсің.

2-қарт: Балам-ау, «фашист» деген кәззап қой. Басына кішкене қазанды төңкере киген, үстіне бүкіл жер бетіндегі темір-терсік атаулыны, мата біткенді жамыла салған. Қолына шолақ мылтық ұстаған сайтанның сапалағы секілді. Өздері адам да емес, жануар да емес аяғы қисық бірдеңе. Әркімнің жерін жаулап аламыз деп еді, енді ауыздарына құм құйылыпты ғой.

Бала: - Пошташы Наурызбай атам келе жатыр.

1-қарт: - Ей, мына пошташы Наурызбай ақсақалдың жүрісі өзгеріп кетіпті ғой.

2-қарт: - Мына кісіге не болған? Бұлай қатты жүрмеуші еді ғой!!!

Пошташы Наурызбай: - Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңілгендерін мойындапты. ЖЕҢІС!ЖЕҢІС! Біз ЖЕҢДІК!

1-қарт: О, жасаған! Аузыңа май, шыныменен қарғыс атқан соғыстың біткені ме?

2-қарт: Ақсарбасһ! Ақсарбас! Шынымен, тәңірім, көз жасымызды көргеніме!!!

(Бәрі бірін-бірі құттықтап, сүйіп жатады.)

1-жүргізуші:

Күткен ЖЕҢІС жарқ етті сәуле шашып,

Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.

Жауды жойып, батырлар елге оралды,

Ата-анамен қауышты құшақ ашып.

Мамыр келді, ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды, күні жарық.

«Шүкір» деп әжелер жүр ақжаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,

Қара күндер қайғысын ұмыттырды!

Ән. Орындайтын Әбуғалиев Шархан.

1-жүргізуші:

Ескеріп келіпсіздер сіздер бізге,

Өнерді аянбадық мына біз де.

Осымен ойымызды тәмамдадық,

РАХМЕТ сыйлап келген мына сізге!!!

2-жүргізуші:

Құрметті кештің қонақтары, аяулы ұстаздар және оқушылар ! Бүгінгі Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңістің жаңғырығы - ерліктің мәңгілігі» атты кешіміз аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Қош, сау болыңыздар! («Жеңіс күні» әуені жүріп тұрады).



Көрініс: Ортаға киіз басуға жиналған аналар шығады. Бір-біріне Салимаштың үйіне киіз басуға баратындарын айтып, Салимаштың үйіне келеді. Аналар ән айтып, әңгімелесіп отырып киіз басады. Осы кезде соғыстың басталғаны туралы радиодан дауыс естіледі.

Радиодағы дауыс:

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс,соғыс басталды, Неміс басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасады.» Аналар жаман хабарды естіп, залдан шуласып шығып кетеді. (таспадан шулаған, жылаған әйелдер мен балалардың дыбыстары естіліп тұрады)

Соғысқа аттануға дайындалған солдаттар (ересек тобының бүлдіршіндері) музыка әуенімен сап түзеп, залға кіреді: Командирі (тәрбиеші) солдаттарды дайындық жаттығулар жасауға тұрғызады.

  1. Саппен жүру.

  2. Бірінші әскери топ алға шығып еңбектеу.

  3. Екіші әскери топ жүрелеп жүру.

  4. Қаруларын ұстау тәсілдерін үйрену.

  5. Ұранмен соғысқа аттану.

Ұран: Отанды біз қорғаймыз

Жаудың алдын ораймыз.

Командир: Отан үшін алға!

Солдаттар: Ура,ура,ура!

Солдаттар залдан саппен жүріп шығып кетеді.

Слаидтан кино фильмнен үзінді көрсетіледі.

Ортада тылдағы әйелдер диірмен тартқан, келі түйген, тоқыма тоқып отырған аналар көрінісі көрсетіледі.

Ана сөзі: Е, бұл соғыс бірімізді де есеңгіретіп жіберді-ау. Осы кезде таспадан почташы қыздың келе жатқаны хабарланады. Почташы қыз жүгіріп келеді. Почташы қыз: Сүйіші, сүйінші хат келді. Аналар дабырласып хаттың кімге келгенін білуге асығады. Почташы қыз Күләйша апаның баласына келген хатты беріп, басқада ауылға хат апарып беретінін айтып қоштасып кетеді.

Ана баласынан келген хатты ашып оқиды. Майданнан келген хат таспадан тыңдалып , аналар қуанып, қауқылдасып тұрады. Сол қуаныш артынан радиодан соғыстың біткені хабарланады. Радиодағы дыбыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1945 жыл 8 май Совет армиясы неміс басқыншыларын кері шегіндірді. Жауынгерлеріміз елге оралады, залға соғыстан келген солдаттар кіреді. Алдарынан гүл шоқтарын ұстаған қыздар шығады. Аналар өз балаларын құшақтап, музыка әунімен барлығы билеп залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Жеңіс, жеңіс-желісі дастанымның.

Жырым бөлек сырым да басқа бүгін.

Туғандар 45-тің көктемінде.

Немере көріп сүйер жаста бүгін.

Тұрғандай болғанда өмір сең үстінде.

Хабары жеткен жұртқа «Жеңіс» деген.

Шаттық үні шарықтаған ел үстіне.

Сіздерді өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың халқымыздың шексіз қаһармандығымен мұқалмас қажыр-қайратының мерекесі Ұлы Жеңістің 69 жылдығымен құттықтаймын. Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты. Жауынгер- майдангерлер өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске деген мұқалмас ерлік-жігер таныта білді.

Жүргізуші: Талай жанды қиды ажал балтасы.

Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.

Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз.

Ел қорғаған батырлардың арқасы.

Би: «Сарбаздар»

Ересек тобының «бишілер» тобы

Жүргізуші: Жігіт жастан қан майданға кеттің бе?

Сағындырдың көз ілдірмей көп түнде.

Зарықтырған Жеңіс туым-Жауынгер.

Байтақ елге аман-есен жеттің бе?

Би: «Айжан қыз» Ортаңғы «Ботақан» топ бүлдіршіндерінің орындауында

Қан майданда қаза тапқан боздақтар қаһармандығын мәңгі есте сақтап, ерлігіне бас иіп, батырлар суреттерінің жанына гүл шоқтарын қояды.

Жүргізуші: Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді қалама,

Келді ауылға сән көрдік.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

Ортаңғы топ бүлдіршіні О.Дидар

Ерлігі естен кетпес ел есінде

Теңің жоқ тектілікке теңдесуге,

Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың

Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

Ортаңғы «Ботақан» топ бүлдіршіндерінің орындауында «Катюша» биі.

Жүргізуші: Жау жеңілді ақыры

Атты бейбіт таң күліп,

Әлия мен Мәншүкті

Ұмытпайды ел мәңгілік.

Қайсарлық пен өшпес ерлік көрсеткен қазақтың қаһарманы Әлия мен Мәншүкті біз ешқашан ұмытпаймыз. Өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске мұқалмас ерлік-жігер танытқан қос қарлығаш біздің міңгілік жүрегімізде сақталады.

Әлия мен Мәншүкке тағзым жасау.

Жүргізуші: Алаулап гүл жарады.

Туған жер құлпырады

Балалар болады аман

Аналар болады аман

Бейбітшілік болса.

Би: «Құстар биі» ортаңғы «Балбөбек» тобының бүлдіршіндері.

Айқастың арқалаған ауыр жолын

Ағындат ақ боз атпен Бауыржаным

Қиында қара нардай қайыспас ер

Қашанда саған риза бауырларың.

Хор: «Жауынгер жыры» ересек топ бүлдіршіндеренің орындауында қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Жеңіс келді артта қалды зор қайғы.

Адам асыл арманда алға жолдайды.

Бейбіт күнін аталардың әкелген.

Бүгін міне ұрпақтары жолдайды.

Би: «Жеңіс биі» ортаңғы «Балбөбек» топ бишілері.

Сұм соғыс қайтіп болмасын

Бәйшешектер солмасын

Еліміз бейбіт күн кешіп,

Бір Алла өзі қолдасын.

Бірлікпен күн кешіп,

Бейбітшілік орнасын.

-Осымен 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ер есімі-ел есінде» атты ертеңгіліміз аяақталды. Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Сау саламат болыңыздар.





Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

І жүрг:

Ұлы кешке сенген күн,

Фашистерді женген күн.

Ағаларға ерген күн,

Бақыт гүлін терген күн - деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.

(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).

Немересі:

- Аттан! - деді,

Ол қазір аттанады.

Жауынгердің ролін атқарады.

Неге бізге үмітсіз тесілесің?

Аттан, әке,

Жолыңнан кешігесің.

Кудесінде жаны бар пақырларың,

Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі:

- (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)

Тыңда балам, тыңда күнім,

Болуға жара қолқанат.

Кәрі анам, сәби інің,

Барлығы саған аманат.

Әжесі:

- Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Келің-ау көздей қалтаға

Топырақ салып беріп жібер.

Келін:

- (қалтаға салынған топырақты берген келін)

Кебін киген өледі,

Кебенк киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)

Документальный фильм

І жүрг.: Отан ана жылағанда шер сеніп,

Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.

IІ жүрг.: Бұлт торлады аспанды,

Қара жер қанға ластанды.

Зеңбірек атып жан-жақтан,

Осылай соғыс басталды.

Монтаж: 1 - оқушы:

Соғыс деген қайдан шықты,

Авторы кім алғашқы?

Есіл адам, есі кетіп,

Оған несін жармасты?!

Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің, құлдың да,

Соғыс деген - төккен ары ұлдың және қыздыі да.

Соғыс деген - Сотқарлардың қолындағы найзасы,

Соғыс деген - соғыс деген - зұлымдықтың айнасы.

2 - оқушы: Қиылды,

Қанаты тәтті арманның.

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.

Әлемде еі сұмдық күн ана үшін -

Майданға азаматтар аттанған күн.

Бұлт басты,

Ашық сәні қашты аспанның.

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте -

Боздап кеп,

Боздағымен қоштасқан күн.

Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,

Жеткізді жерге дейін қайың басын.

3 - оқушы:

Жабаады,

Дала төсін нала, қайғы.

Шын қайға жас кәріге қарамайды.

Қып-қызыл көлдің бетін

Сұңқылдаған,

Аққулар қанатымен сабалайды.

Долданып,

Лайланып тасқын әні

Сай-сайды тастарымен бастырады.

Селкілдеп,

Желкілдеген қамыс құрақ.

Өкіріп,

Өзен басын тасқа ұрады.

4 - оқушы:

Күннің де жүзі қызыл күндегіден,

Иттердің ұлуы көп үргенінен.

Қаншапшып, қауызыннан райханның,

Еменнің жас тамып тұр дінгегінен.

Жас бала дір-дір етті мұны көріп,

Жіберді төгіп, мұңын өрік.

Қоштасу,

Жылау,

Тілеу,

Қайрат беру...

Дүние кетті бір сәт күңіреніп.

5 - оқушы:

Найзағай жиі-жиі шақпақталып,

Майданға азаматтар жатты аттанып.

Ежелден біздің елдің рухы асқақ,

Сенімін қалды сонда сақтап халық.

«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».

Шығамыз

Соңғы күшпен,

Соңғы айбынмен.

Қорғаймыз байтақ елді,

Өйткені оны

Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Хор

1 жүрг.: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 - атқыштар полкі 4 - ротасының 2 - взводы тұрған бекініс жаудың 30 - танкісі шабул жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

2 жүрг.: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

І жүрг.: Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.

IІ жүрг.: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан көннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.

Оқушы:

Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар таптады.

Қасиетті жер үшін

Қастерлеп батыр ел үшін.

Әлия, Мәншүк, Төлеген,

Жаулардың көзін жойды олар.

Ән «Әлия»

І жүрг.: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

І жүрг.: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен - Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр - Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

IІ жүрг.: Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне - 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде - 70 жыл.

70 жыл - бейбір көктем таі атқалы,

70 жыл - шуақты күн таратты әнін.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

70 жыл - жауыздықтың ажал оғы,

Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Ән «Ақ көгершін»

Қазақ биі

Шашу шашылады.

І жүрг.:

Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай берғ Ұлы Отаным - қазақ елім.

IІ жүрг.:

Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,

Не жетсін жөні келіп жарасқанға.

Сен менің құдіретім, кием-дағы,

Айбардың айтсын сөзді адасқанға.

Ән: «Қазақстаным»











Біз Жеңістің ұрпақтарымыз

Сабақтың тақырыбы: «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз».



Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Пайдаланылған оқулықтар: « Жеңіс нұры» - жыр жинағы Алматы «Жазушы» 1985ж; «Өмір - бақыт» Есет Әукебаев «Жазушы» баспасы Алматы-1983ж. «Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары», аудандық «Толқын» газеті.

Қолданылған көрнекіліктер;мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.



Барысы:

1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,

Көктем шуақ-9май күні.

Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,

Кездейсоқ па көктемге сай келуі.



2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы 9 май күні,

Алмастырған қуанышқа қайғыны.



1жүргізуші:Бүгінгі күн - көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 65- көктемі де келіп жетті.

65 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,

65 жыл - шуақты күн таратты әнін.

65 рет - көктемде сонан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.



2-жүргізуші:Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді.Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Сол сұрапыл соғысқа біздің ауданнан 11 мың адам аттанып, 6 мыңы майдан даласында ерліктің үлгісін көрсетіп қаза болды. Ұлы Жеңістің 60 жылдығында 6 мың боздақтың, 2 мың кеңес Одағының Батыры, 16 Еңбек Ерінің есімдері алтын әріппен жазылды . Осыдан бес жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев Аралға келгенде «Тағзым» алаңын ашып, алғаш гүл шоғын қойды. Жеңістің 61 жылдығында «Алып анаға» арналған ескерткіш тұғырына «Ұлы Жеңістің 100 жылдығында болашақ ұрпақ ашып оқысын» деген мақсатта хат жазып қалдырылған. Бұдан бес жыл бұрын Ұлы Отан соғысының ардагерлері 200 болса, бүгінгі таңда ауданымызда 50-і, қалада 21-і қалып отыр.



Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.



Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»

21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет радиодан:»тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»

1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»

2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»

1 азамат:

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер

Ер басына күн туса, етігімен су кешер - деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?

Бәрі: Отан үшін аттанайық!



1 жүргізуші:

Уа, халқым!

Күн туды сенің басыңа,

Жау кірді сенің жеріңе,

Сұм фашистен қорғауға,

Аттан, халқым майданға!



Берқайыр Аманшин «Сақ болыңдар, тірілер!» атты өлең оқылады.



1 жүргізуші:

Солдаттың көкірегі толы арманы,

Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,

Отан мен анасы үшін «Алға» деді

Амал не,

Көпшілігі оралмады.



«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,

Шығамыз

Соңғы күшпен,

Соңғы айбынмен,

Қорғаймыз байтақ елді,

Өйткені оны

Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.



Көрініс: «Соғыста». Екі жауынгер солдаттың келе жатқан танкіні жарып, өздері жараланып, ерлік көрсеткендері бейнеленеді.



2 жүргізуші:

Жабады дала төсін нала, қайғы,

Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,

Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған

Аққулар қанатымен сабалайды



Би: «Катюша»

1 жүргізуші:

Ашу менен кек оятты ел намысын,

Отан үшін жан пида болды үлкен сын.

Ер азамат жауменен арпалысса,

Әйелдер терін төкті майдан үшін



Аналар қоштасқанда асылымен,

Арулар қош айтысты ғашығымен

Балалықтың базарын ерте жауып,

Талай жұмыс істеді бала өркен.



Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,

Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,

Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,

Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.



Көрініс: «Тылда». Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді.



Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!»

1Жүргізуші:Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.



Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»



Көрініс: «Жеңіс»

Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!



Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.

«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»



Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,

Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,

Жауды жойып батырлар елге оралды,

Ата-анамен қауышты құшақ жайып.



Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды күні жарық.

«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып.



Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.



Ән: «День Победы»



Көрініс: «Жеңіске 65 жыл»

Оқушылар қарт майдангерді қарсы алады, гүл шоқтарын мәңгілік алауға қояды. Жастарға батасын береді.



Ән: «Көгершін»

Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.









І. Еске алып туған жер, ана жарын

Биік ұстап абырой, намыс, арын.

Отан үшін аянбай соғысты олар

Кеудесінен ұрса да отты жалын.



ІІ. Қан кешкенде майданда бабаларым

«Қан көрмесін ұрпағым, бабаларым»

Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай

Тауып алып қан - жаса жараларын.



І. Батырлықтың қашанда тұрағы - елі

Жүрегінде батырдың тұрады елі.

Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның

Біз боламыз әркезде мұрагері.



Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,

Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,

Жауды жойып батырлар елге оралды,

Ата-анамен қауышты құшақ жайып.



Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды күні жарық.

«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып.



Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды



Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Аты аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі.

Әр жүректе тұр күліп,

Әлия атты батыр қыз.



Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз!



Қайтпаған жауыннан

Қаһарман Бауыржан

Қан ішер фашисті

Қырды ол мыңдаған.

Ерлігі әрқашан

Есімде сақталады

Ұрпағы ұмытпайды.

Өмірінен үлгі алады.























































Желбіре, Жеңіс жалауы

Жарияланды 4-01-2013, 22:27 Категориясы: Бала-бақша</<font color="#000000">

Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы

Тәрбиеші: Бүгін жеңіс күні -адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Иә, содан бері 67 бейбіт жыл артта қалды. Бүгінгі мерекеге балалар өздерінің өлең жолдарын арнайды.

Аңсар: Алақай -ай! Әйгілі!

Тоғызыншы май бүгін

Алғаш күні шаттықтың

Соңғы күні қайғының



Анель: Жеңіс келді далама

Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға

Ануар: Жеңіс келді ән болып

Келді ауылға сән болып

Жеңіс келді, алақай!

Тоя жейтін нан болып

Алан: Әлем бізді ұққан күн

Жауды ініне тыққан күн

Батыр атам алдынан

Әжем күліп шыққан күн

Тәрбиеші: Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.



Ән: «Солдат болам мен ертең»

Тақпақтар:

Расул: Баламын мен бүгінде

Кіп-кішкентай баламын

Ертең менде өскенде

Ел қорғауға барамын

Жібек: Туған жердің әр тасы

Маған ыстық қашаннан

Бұйраланған аршасы

Қорғайтын -ер боламын!



Малик: Елін жерін сүйетін

Ертеңі үшін күйетін

Рухы биік ұланбыз

Болашаққа сенетін!



Тәрбиеші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?

-Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б.Момышұлы, Н. Әбдіров т.б

- Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер -азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық. (1 минут үнсіздік)

Тәрбиеші: Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Халқымыздың біртуар ұлы ержүрек қолбасшы, жазушы, батыр, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері ерлікке толы және патриоттыққа тәрбиелеуде көптеген мақал -мәтелдер қалдырған.



Олжас: Отанда -опасызға орын жоқ

Дана: Ерлік -бірлікте емес жүректе

Лиза: Ерлік -тәрбиеден туады

Сағыныш: Үлкенді ізетте

Кішіні күзетте көр

Тәрбиеші: Балалар жер шары балаларының тілегі не?

- Бейбітшілік болсын!

- Соғыс болмасын!

- Достық болсын!

- Адамдар бір -бірімен тату, дос болсын!

- Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен. Ендеше, балалардың тілегіне би ұсынамыз.



Би: «Катюша» «Вальс»



Тәрбиеші: Отаным еркелеймін енді кімге

Өзіңмен нені болса көрем бірге

Қалайша қабырғама батпас менің

Басына қатер болды төнген күнге - дей отырып келесі өлең жырларына берейін.

Ақерке: Ағалар саптан шықпасын

Аналар қабақ шытпасын

Бақытқа жетіп бар адам

Сәбилер тыныш ұйықтасын



Жанель: Тыныштық! Жаса тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық

Көркейе берсін еліміз

Көркейе берсін ырыс -құт!

Бекзат: Жер бетінде тыныштық

Баянды бақыт адамға

Орнатуға далаға

Сәбилік таза көңілмен

Ант етеміз!



Тәрбиеші: Әрқашан еліміз, тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын! -деп «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындаймыз.























Әліппе: Рахмет балалар.

Қане бері қарайық,

Зейін қойып тыңдайық

Әріптерді танысақ

Қызық ойын ойнайық.



Ойын: балаларға асық береміз, музыка қосылғанда асықты ары қарай бір - біріне береді, музыка тоқтағанда асық кімнің қолында қалады сол бала тапсырманы орындайды.

1. Сандықтан қағаз алады қандай сан түссе сол карточкаға жауап береді. (оқушылар карточканы қоржыннан алып сұраққа жауап береді)

1)Ас біткенің анасы, 2)Ағада бар,

Қасиетті нан осы. Ініде жоқ.

Қайсы әріптен басталып, Шамада бар,

Аяқталған қарашы. (Н ) Іріде жоқ. (А)



3) Керуенде бар, 4) Бақытта бар,

Көлікте жоқ. Абатта жоқ.

Серуенде бар, Уақытта бар,

Серікте жоқ. (У) Сағатта жоқ. (Қ)



5) Түленде бар, 6) Таңда бар,

Балықта жоқ. Түсте жоқ.

Шүленде бар, Аңда бар,

Халықта жоқ. (Ү) Тісте жоқ. (Ң)



7) Құдықта бар, 8) Нөлде бар,

Апанда жоқ. Санда жоқ.

Құрықта бар, Көлде бар,

Бақанда жоқ. (Ұ) Жарда жоқ. (Ө)

Ішінен дауысты дыбыстарды табу

9) Қасқыр 10 ) түлкі 11) ана 11) әже 12) әліппе 13) қалам 14)білім 15) ата

Әліппе:

- Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.

Мұғалім:

- Математика - ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік, (тақтаға есеп шығарады).

№1 тапсырма. Есеп шығару.

3+5=8 8-4=4 8-6=2 6+2=8 9-6=3

10-6 =4 3+0=3 7+3=10 7-7=0 0+4=4



№2 тапсырма. Салыстыру.

3см * 8см 7см * 5см 5см * 6 см 10 см * 6 см 9см * 9см

8-4 * 5-2 6+3 * 6+2 9-2 * 5+2 6+2 * 9-5 8-6 * 6+3



Мұғалім:

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендеше аналарымызды ортаға шақырамыз.

Аналар ойнайды. Ойын шарты: 2 анадан - 2 команда құрады. "Жайлау" суретін салады. Қай команда суретті тез салып болады, жеңімпаз команда аталады.

Тақтамен жұмыс:

Сандарды ретімен қойып, сөз шығару. (Рақмет саған Әліппе!)

Әліппе:

- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.



























Досвиданья детский сад.

Пять лет мы дружною семьёй

Ходили в детский сад.

Играли, пели мы с тобой,

Учиться каждый рад



пр.: До свиданья, детский сад

Никогда не позабудем,

Что ты школы младший брат

Мы теперь большие люди. (2 раза)



2. И мамою второй была

Здесь воспитатель наш.

Мы с ней волшебные слова

Узнали в первый раз.



3. Здесь каждый уголок знаком

Где для прогулок двор.

Был детский сад второй наш дом,

Но в школу мы идем.





Әліппе



Менің атым, менің атым әліппе

Үйретеді, үйретеді әріпке

Оқу білім, оқу білім сыйласақ

Барлық бала, барлық бала дәріпте.



Ал, балалар келіңдер

Үйреніңдер көріңдер

42 әріпті

Жатқа айтып беріңдер.



А дегенім, а дегенім ана ғой

Б дегенім, б дегенім бала ғой

Меніменен, меніменен достасып

Білім нәрін, білім нәрін ала ғой.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал