7


  • Учителю
  • Ата-аналар жиналысының жоспары Мектеп «№3 Күршім гимназиясы» КММ Сынып 8 «А», «Б»,9 «А», «Б», 10«А», «Б»,11«А», «Б». Мерзімі: 12. 10. 2016ж Ата-аналар саны: 10 Мұғалім:Маликова Н.Р Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар-от

Ата-аналар жиналысының жоспары Мектеп «№3 Күршім гимназиясы» КММ Сынып 8 «А», «Б»,9 «А», «Б», 10«А», «Б»,11«А», «Б». Мерзімі: 12. 10. 2016ж Ата-аналар саны: 10 Мұғалім:Маликова Н.Р Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар-от

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ата-аналар жиналысының жоспары





Мектеп «№3 Күршім гимназиясы»

КММ Сынып 8 «А», «Б»,9 «А», «Б», 10«А», «Б»,11«А», «Б».

Мерзімі: 12. 10. 2016ж Ата-аналар саны: 10

Мұғалім:Маликова Н.Р

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі»





Мақсаты: отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие беру бағдарламасының негізгі мақсатын түсіндіру арқылы бала тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

1.Білімділік:Отбасы мен әлемдегі үйлесімділік пен бірлік, өркендеу үшін мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірбиесінің маңыздылығын ашып көрсету

2. Дамытушылық: Ата-аналардың құндылықтар жүйесін бала тәрбиесіне және тұлға бойын дұрыс қалыптастыра білу дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Ата-аналардың бойында отбасындағы бір-біріне деген сүйіспеншілік, мейірімділік, сыйластық, жақсылық жасау, ынтымақтастық сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.



Ресурстары:(материалдары, көздері)



Р.А.Мұқажанова, Г.А.Омарова, Р.Мұратханова

«Мұғалімге арналған нұсқаулық» -

Алматы:

«Бөбек» ҰҒПББСО, 2015 ж.

Музыка тыныштық сәтіне, ойынға, топтық әнге, слайд, стакан, тастар, кұм, постер, маркерлер, өлен жолдары жазылған қима қағаздары, стикерлер, құндылықтар жазылған топтың атаулары, тілек ағашы.





Жоспар

  1. Сауалнамалар алдын ала тарату

  2. Шақыру билеттерін жасап, балалардан беріп жіберу.

  3. Сценарий, слайд жасау

  4. Ресурстар даярлау





Талдау





Барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Әке, ана, бала, т.б

туралы өлең жолдары арқылы топтасу (өлең жолдарын

құрастыру арқылы топқа бөлем )5 топ орындарына жайғастыру .

Тыныштық сәтi. Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: АРҚАҢЫЗДЫ ТІК ҰСТАП ОТЫРЫҢЫЗ. Сіздерденаяқ-қолыңыздыайқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз демалады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

Құндылықтардың атауы бойынша 5 топқа бөліп алу.

«Отбасында тыныштық болса-үйде тыныштық болады, үйде тыныштық болса-елде тыныштық болады, елде тыныштық болса-бүкіл әлемде тыныштық болады».

Халық даналығы



2.Ата-аналарға ақпарат беру.

1. «Өзін-өзі тану» Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық-психологиялық негізі. (ұлы классиктердің рухани-адамгершілік білім туралы айтылған 1-2 ойларына, Сократ іліміне, сананың құрылымына, өзін-өзі тану пәнін оқытудың шарттарына тоқталу.)

2. «Өзін-өзі тану» Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негізі (аксиология, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ақпарат беру).

3. Шығармашылық тапсырма беру:

5 топ жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйене тақырыпты ашу.

1. Ақиқат: отбасындағы әке рөлі

2. Сүйіспеншілік тобы: отбасындағы ана рөлі

3. Дұрыс әрекет тобы: қыз тәрбиесі

4. Ішкі тыныштық тобы: ұл тәрбиесі

5. Қиянат жасамау тобы: бала тәрбиесіндегі қоршаған орта рөлі постерлер қорғау



4. Балаларды тәрбиелеуде ата-ананың рөлі (бала тәрбиесіндегі ананың, әкенің рөліне, балалардың мінез-құлқына кері әсер ететін ата-аналардың қарым-қатынас типтеріне, отбасында балаларды тәрбиелеу типтеріне тоқталу).



Сауалнаманы қайта тарату толтыруларын сұрау



</ Үйге тапсырма. Баланың сүйіспеншілік қасиеттерін оятатын сөздерді жиі айтыңыздар.



Әртүрлі стикерлер таратылып беріледі. Соған бүгінгі семинардан алған білімдері мен әсерлері туралы жазып, тілек ағашына ілу.

«Келші, келші балашым». Әнін қосылып айтуға шақыру

Сөзі: Қ. Ыдырысов

Әні :Е.Хасанғалиев

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарында үлкендер мен

Бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы

мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп , халық сүюге тәрбиелеп отырмыз . Сондықтан, ұл- қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз Жүректен-жүрекке жетсе, қандай ғанибет»



С.А.Назарбаева

Жиналыстан алған әсерлеріңізбен бөлісіп,мына тілек ағашына ілейік.

Сөзімен тамамдау













Мұғалім: Маликова Н.Р

Директор: Шакерова Г.С











Келісемін __________ Бекітемін ____________

Тәрбие ісінің меңгерушісі №3 Күршім гимназия

Баяндинова Д.Ж директоры Шакерова Г.С.

. «___» _____ 2016ж. «___» _____ 2016ж.





























Ата-аналар жиналысының тақырыбы:

«Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі»





































Өткізген: «Өзін-өзі тану пәнінің

мұғалімі» Маликова Н.Р



2016-2017 оқу жылы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал