- Учителю
- Алтын күз (Тұлпар тобы)
Алтын күз (Тұлпар тобы)
А.Ж.Кудербаева «Еркетай» балабақшасының тәрбиешісі. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы.
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Күз мерекесіне арналған « Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Ал, балалар, балалар ,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші,
Сендерді бір көрмекші.
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап, Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе -сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!
Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән «Күз»
1. Жапырақтар сарғайды,
Алтын күз де міне келді.
2. Күз келді деп құанып,
Жемістерді жинайық.
3. Жапырақтар сарғайып,
Жерге түсе бастады.
4.Күз айы басталды,
Құстар қайта бастады.
5. Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
6. Көбейді құт-береке
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Жүргізуші: Қане, балалар осындай молшылық күз айында «Кім жылдам» ойының ойнап жіберейік. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
Ойын «Кім жылдам» «Қолшатыр» биі
Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)
Алмұрт Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың.
Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім .
Өрік Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін.
Алма Мен алмамын, алмамын
Тандайда қалар бәр дәмім.
Күз: Өте тамаша, балалар!
Жүргізуші: Қазір біздің балалар сеңдерге ертегі сахналап береді. «Шалқан» -орыс халық ертегісі
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!