7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс мереке Жұмбаққа да қалмас шешім табылмай

Сыныптан тыс мереке Жұмбаққа да қалмас шешім табылмай

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: Жұмбаққа да қалмас шешім табылмай!

Мақсаты: 1. Оқушылардың ойларын тыңдау, толықтыру.

2. Жұмбақтар арқылы оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытып,

танымын кеңейту.

3. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

«Жұмбаққа да қалмас шешім табылмай!» атты сайысымыз бірнеше кезеңнен тұрады.

1. Сөзжұмбақ шешу.

2. Мағынаны ашу.

3. Жұмбақ айтысы туралы түсінік беру.

4. Жұмбақбай атайдың сыйлығы.



1. Сөзжұмбақ шешу.Сөзжұмбақты шешіп көрейік. Тігінен « жұмбақ» деген сөз шығады. Сұрақтардың жауаптары көлденеңінен жазылады.



2. Не көрсең көзін аш ? (Бұлақ)

3. Тышқанның жауы ? (Мысық)

4. Араның қорегі ? (Бал)

5. Періште не көрсе жолдан таяды ? (Алтын)

6. Тамақ ішетін құрал ? (Қасық)



  • Тапсырмалардың жауабын шешкенде қандай сөз шықты ?

  • Жұмбақ дегеніміз не ?

2. Топтастыру. Мағынаны ашу.

Жұмбақ- ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Жұмбақ туралы ұлы жазушы М.Әуезов былай деген: «Жұмбақ- адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді».

Жұмбақ - қарым- қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер.

3.Жұмбақ айтысы.. Бұл айтыс өнерінің бір түрі. Онда табиғат құбылыстары, адам, жан-жануар, қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен ақындар бір-бірінің ақыл- парасаты мен ой- түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді.

Олай болса осы бүгінгі өтілетін іс- шарамызда өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық. Жұмбақбай атамыздың шәкірттерін ортамыздан табайық. Жұмбақтардың өздері әртүрлі тақырыптарға байланысты болады.

Төрт- түлікке байланысты жұмбақтар:

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)



Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт шылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)



Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз құлағы бар,

Иегінде сақалы бар. (Ешкі)







Құстар туралы да көптеген жұмбақтар бар:

Құста сүт бар дегізген,

Балапанын емізген.

Есімімді егер шын,

Білгің келсе......(көгершін)



Зытады менен,

Аңдар да үркіп,

Жез тұяқ ерен

Қыранмын....(бүркіт)



Ағаштың бүрін,

Талшық қып жүрмін.

Қар астын үңгіп,

Үй қылған....(құрмын)



Мамандық иелеріне байланысты жұмбақтар:

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. (Милиционер)



Жолының көп азабы,

Сонда-дағы тынбайды,

Жаңалықты жазады,

Көпшілікті тыңдайды. (Журналист)



Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң

Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)



4. Жұмбақбай атайдың сыйлығы. Жұмбақтарды шешу арқылы қорап ішіндегі затты табу.

1. Сансыз ойлар бетімде,

Сайрап жатыр әр тілде.

Керекпін мен әр күнде,

Өшпейді бір әркімде. (кітап)

2. Біреу бар кей үйлерде жүрген саяқ.

Түйреген қалпағына темір таяқ..

Беліне ұзын арқан байлап алып,

Кемпірден қашады ол жан аямай-ақ. (ұршық)

3. Әжем бұрымын

Қазыққа кереді.

Жылжытам деп алға,

Қылышын кереді. (өрмек)



Балалар, Жұмбақбай атамыз сыйлықты тәтті жеміс немесе басқа заттар бермей неге осы 3 затты беріп жіберген ?

- Кім қалай ойлайды ? (оқушылар ойларын тыңдау.)

Яғни, кітап арқылы білімдері артсын, ұршық пен өрмек арқылы еңбектері жансын деген жақсы ниетпен жіберген екен.

Қорытындылау: Ұшқырлығы, ойлау қабілетінің жақсы екендігімен көзге түскен оқушыларды мақтап, мадақтау.



































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал