- Учителю
- Сабақтың тақырыбы Ұлтар достығы-Ұрпрақ тілегі
Сабақтың тақырыбы Ұлтар достығы-Ұрпрақ тілегі
Тақырыбы ; «Ұлтар достығы- Ұрпақ тілегі»
Мақсаты:балалардың өз елін қаділей білуге,отансүйгіштікке,басқа ұлттың тарихын ,құрметтеуге .үйрету Отанын сүйге тәрбиелеу.
Әдіс -тәсілі сұрақ жауап.
Көрнекілігі суреттер.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру .
Шаттық шеңбері.
Бала бала баламыз,
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа батамызда қаламыз.
Кіріспе бөлім:
Құрметті балалар, тәрбиешілер сіздерді 1- мамыр «Дүниежүзілік ынтымақтастық» мерекесімен құттықтаймыз.Сіздерге тек қана бейбітшілік, ынтымақ , аспанымыз ашық, достығымыз берік, заманымыз тыныш болуын тілейміз.Балалар ,біздіің елімізде 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Олар күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа бір үйдің баласындай тату- тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді.Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат мүдесі ортақ бірлігі мықты достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне ,ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Бірлік бар жерде бақыт бар.Отан -әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан -біздің туған жеріміз,өзіміздің біздің Отанымыз -Қазақстан.
Тәрбиеші: Ал ендігі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз. Шыңғыс
Қазақстан елім менің,
Қазақстан жерім менің,
Саған арнап айтылады.
Асқақтаған әнім менің. Аян.
Берекелі елмін, құтты елмін,
Атты таңым, күткен күн ,
Ынтымақпен достастық,
Кеңдік пен кемелдіктердің
Мекені- Қазақстаным. Дияр.
Өкіліміз орыстың,
Ұлы мекен қоныстың,
Ұранымыз туыстық,
Ұлттар бізге тым ыстық. Іңкәр.
Би өнерін сүйемін,
Атлас көйлек киемін.
Қырық өрім бұрымым.
Аткан таңның нұрымын.
Мың бұралып билеген,
Мен өзбектің қызымын. Найля.
Өзбек биі: «Балдәурен тобының орындауында»
Ынтымағы жоқ елде ән болмайды,
Ынтымағы жоқ елде сән болмайды
Қазақстан достығы қызықтырып,
Біздей болса екен деп мақтанады. Аружан.
Ал енді балаларымыздың мақал-мәтелдерін тыңдайық.
-
«Бірлік бар жерде бақыт бар» Амир.
-
Ынтымақ достық кепілі. Ильяр.
-
Бірлік түбі -береке. Гүлсезім.
Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырық ,
Уықтары шаншылар.
Керегелері керіліп,
Өрімдей болып өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып ,
Киіз үй болып керілер.
Ойын: » Күншуақ ойыны»
Шарты: Ортада шуақсыз күн тұрады. Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.Күн шуағындағы жауап беру арқылы күнді күлімдету.
Қортынды.
-Балалар 1 мамыр қандай мереке?
-Қазақстандағы ұлт өкілдерін атаңдар?
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ұлыстар бақытты.
Себебі: біз тату -тәтті ынтымақта және бірлікте өмір сүрудеміз.
Бүгінгі «Ұлттар достығы -ұрпақ тілегі» атты ашық сабақты аяақтаймыз.