7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Таңғажайып ойындар

Ашық сабақ Таңғажайып ойындар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім беру саласы: Қатынас, Таным. Кіші саласы: Тілдамыту, Сауат ашу, Математика, құрастыру. Тақырыбы: «Таңғажайып ойындар» Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, алған білімін тиянақтай келіп, логикалық есептер шығаруды үйрету. Геометриялық пішіндерді құрастыруға жаттықтырып, саусақ моторикасын және танымдық қабілеттерін арттыру. Білімге деген құлшынысын нығайтып, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу. Әдіс -тәсілдер: Сұрақ, жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері жасалады. Микрофонмен сұхбат алу.

Танысу. Ағылшын тілінде



-Қазір жылдың қай мезгілі?

What season is it now?



-Қыс мезгілінде неше ай бар?



-Қыс айларын атаңдаршы?







-Осы ай аттарын үш тілде білесіңдер ме?

-Қыс мезгілінің қай айы?

- Кім қыс мезгілі туралы тақпақ біледі?

Балалар шаттық шеңберін орындайды.

Балалар сұрақтарға үш тілде жауап береді.

-Қазір жылдың қыс мезгілі

-It is Winter.

-Қыс мезгілінде үш ай бар.

-Бірінші айы Желтоқсан, екінші айы Қаңтар, Үшінші айы Ақпан.

December, January, February.

-Ақпан айы.

Балалар тақпақ айтады

Ұйымдастырушылық - ізденістік



Білім тауына шығу:

1.«Озық ойлы, балақай!» Пиктограммамен сурет арқылы жұмбақтар шешу.

2. «Ойлайықта, ойнайық!» Т/о: «Ойлан тап!»

Ойын шарты: Тәрбиеші бір затты немесе бір нәрсені жасырады, оймен оның не екенін табу қажет. Мен бір нәрсені ойладым... деп ойын басталады.

Логикалық есептер шешу.



1-10 дейінгі сандарды ағылшын тілінде санау.

3. «Ойлайық та, сөйлейік!»

Сан, Ана сөзінің әр әрпіне сөздер тауып айту.

4. «Жеңімпаз, балақай!»

Қысқа ертегі құрастыру.

«Ғажайып кілемшемен жұмыс» Ертеде Қарға, Шаян, Аю, Ара төртеуі дос болыпты. Бір күні Араның туған күні болады. Оған достары ойланады...

-Балалар, туған күн иесіне не береміз?

-Олар не жасайық деп ойлайды?

Содан олар сыйлықтарды ойластырады.

Қарға айтады, ол қыз сондықтан ол....

-Балалар, қыздар немен ойнағанды ұнатады?

Балалар сендер көмектесесіңдер ме?

Мен оған қуыршақ сыйлаймын дейді.

Балалар, біз қарғаның сыйлығын жасайық. Аю айтады оған жауында су болып қалмауы үшін мен....

-Балалар, жауын жауғанда біз немен қорғанамыз?

қолшатыр сыйлаймын депті.

-Балалар, қолшатыр жасайық.

Шаян ойланып тұрып, ол тәттіні жақсы көреді, сол себепті мен....

-Балалар тәттілерге нелер жатады?

-Шаян не сыйлайды деп ойлайсыңдар?

Балалар сендер көмектесесіңдер ме?

кәмпит сыйлаймын деп айтады.

-Балалар, ғажайып шаршыдан кәмпит жасайық.

Осылай үш дос өздерінің достары Араға сыйлықтарын ұсыныпты. Барлығы тату - тәтті дос болыпты.

Балалар жұмбақтар шешеді.







Балалар жасырынған затты табады.











Балалар ойланып есептер шығарады.







Балалар сөздерді тауып айтады.



Балалар ертегі тыңдайды.











  • Сыйлық береміз.



-сыйлық жасайық деп ойлайды.









-Қуыршақты ұнатады



Балалар, пішіндерден қуыршақ құрастырады.







-қолшатырмен, ағаштын астында тұрамыз.

Балалар геоконт тақтайшасынан қолшатыр жасайды.



-конфет, торт, балмұздақ т.б

Балалар ойланады.



Балалар өз ойларын айтады.



Жауаптарын айтады.



Балалар ертегіні тыңдайды.

Балалар жұмыс жасайды.





Балалар тыңдайды.



Рефлексиялық түзетушілік

Қортындылау.

-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

- Ертеде нелер дос болыпты?



-Ненің туған күні болыпты?



-Ертегі не жайында айтылған?



Сендерге, ертегі кейіпкерлеріне көмектескен ұнады ма?

Біз білім тауының басына жеттік пе?

Балаларды мақтап, мадақтау. Балаларға білімді , осы биік таудай болып, жұлдыздай жарқыраңдар- деп жылдызшалар беру.



Балалар өздерінің ой - пікірлерін білдіреді.

-Қарға, аю, шаян, ара дос болыпты.

-араның туған күні болыпты

-сыйлықтар, достар жайында айтылған.

Балалар жауабы.





-Балалар көрген әсерлерін айтады.





Балалар өздерінің жұмыстарын тамашалайды.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Балалардың ойлау арқылы қарапайым математикалық қабілеттерін

Түсінеді: Балалар тапсырманы түсініп орындады.

Қолданады:Ойындарды қызыға ойнауы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал