- Учителю
- Тәрбие сағаты: «Еңбек еткен ер атанар»
Тәрбие сағаты: «Еңбек еткен ер атанар»
Бекітемін:
Күні: 27.10.2016ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Еңбек еткен ер атанар»
Мақсаты: Оқушылардың еңбек,шығармашылық түсініктерін кеңейту:
Міндеттері:
- Еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
- Шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту;
- Еңбексүйгіштікке,еңбекті бағалауға тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері: Д.Әлімжановтың «Еңбек» өлеңін оқу
Еңбек-гүлі өмірдің
Нұрланған өткір талаппен
Сәулеті биік өнердің
Табылған мықты тұрақпен
Еңбектің өзек,тамыры,
Төселген шебер қолында.
Тартылмас табыс жанары,
Қайнаған қызу жолнда.
Еңбек сүйсең, ерінбе,
«Болсын десең - бір,екеу»,
Соқ балғаңды кезінде,
Сонда жатыр іске өрлеу.
Оқушылар жақсы болудың бір қыры-еңбексүйгіштіктен,еңбекшіл болудан екенін айта отырып,еңбек құндылығы туралы түсініктерін ортаға салады.Адам еңбек арқылы тәрбие алады,өзін де,өзгені де еңбек арқылы таниды.Осы ойды жалғастыру үшін мұғалім әңгімелесу әдісіне көшеді.
Әңгімелесу
Мұғалім оқушылардың екбексүйгіштік,еңбек туралы төменгі сыныптардан алған білімдерін еске түсіріп,олардың еңбекке көзқарасын,еңбек құндылығы туралы түсініктерін ортаға салу және жетістіктерге жету үшін адам бойында қандай жақсы қасиеттер болатынын білу мақсатында төмендегі сұрақтар алқылы әңгімелесу жүргізеді.
Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?
Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?
Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?
Еңбек етуде шығармашылық,шабыт не үшін қажет?
Адам қабілетін қалай дамытуға болады?
Мұғалім берілген сұрақтар бойынша оқушыларға еңбектің адам өмірінде басты орын алатынын,еңбекқорлық адамды зор жетістіктерге жеткізетінін түсіндіреді.Мұғалім оқушылардың пікірлерін тыңдап,әр оқышының еңбек,еңбексүйгіштік туралы ұғымдары қалай түсінетінін және адамның еңбекпен қалай шыңдалатынын түсіндіруге бағыт береді.
Мәтінмен жұмыс
Оқулықта берілген аңыз әңгімеден мұғалім ағайынды жігіттердің еңбек ету қажеттілігін түсінбегінен бастап,олардың еңбек жемісіне қалай қол жеткізгенін оқиға желісінің қалай өрбігеніне көз жеткізуге болады.
Аңыз
Қалай ойлайсыздар,егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда өзгерер ме еді?
Сіздер ата-ана болсаңыздар,балаларыңызға еңбектенуді қалай үйретер едіңіздер?
Сұрақтар алқылы мәтінді талдау барасында негізгі ойды оқушылар өздері пайымдайды.
Әр адам өз еңбегі өзіне ыстық,қымбат екенін және еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде балтынын мұғалім түсіндіріп,еңбектің адам өмірінде қандай орын алатынына мән береді.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып,»Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмацияларды өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға боалды.
Мұғалім берілегн шығармашылық тапсырма бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайыдауларын талдау кезінде,оладың ақын,жазушы ретінде өлең,әңгіме құрастырған шығармаларын өз пікірлерімен дәйектеу арқылы оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.
«Адам көркі-еңбек» тақырыбына ақын,жазушы ретіндк өлең,әңгіме құрастырыңыз.Суретші ретінде сурет салыңыз.
Өздеріңе ұнаған рөлдерді таңдап,сынап алдында тұсаукесер жасаңыз.
Оқушы ойларын түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім шығармашылық жұмысты қортындылап,еңбексүйгіштік пен жалқаулықты салыстыра отырып,еңбек қуанышымен еңбек жетістігінің мәнін айтады.
Жағдаяттарды талдауа
-
Өмірзақ пен Диас 9 сыныпта бірге оқитын. Екеуі бүгіннен бастап ОЖСБ-ға сұрақтарына дайындықты бастайтын болып келіскен. Бірақ Өмірзақ үйге келген соң Диасқа бара алмайтынын айтып , телефон шалды. Диас себебін сұрағанда, Өмірзақ:- әлі де уақыт бар емес пе? Үлгереміз ғой деді Өмірзақ.
Өмірзақтың әрекетін қалай түсіндірер едің?
2.Мұғалім оқушыларға «Табиғат» тақырыбына ғылыми жоба дайындауға тапсырма берді.
Өмірзақ:
-Диас кітапханаға барып жобамызды әзірлейік
-Жоқ, табиғат туралы мәліметтерді жинақтай салуды ағама тапсырамын деді. Өмірзақ.
-Ағаң бізге қажет нәрсені білмейді ғой деді Диас.
- Ештеңе етпес жобамызды тапсырсақ болды емес пе?
- Жоқ ол....
Өздерің Өмірзақ пен Диасқа қандай кеңес берер едіңдер?
Дәйексөз
«Еріншектік- дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.»
Тыныыштық сәті
-Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңді жұмсаңыздар да болады. Ауаны терең жұттып, еркін тыныс алыңыздар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа шаттыққа, махабатқа тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер.
Тапсырма
Ел үшін еңбек етсең, халқын сүймек.
Біз үшін отқа,суға түсіп жүр деп.
Ер өлсе де , еңбегін ел өлтірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек. С. Торайғыров.
-Білім терең теңіз бе,
Білім,еңбек егіз бе?
Рухани азығым -
Осы екеуі деңіз де, -
Дейді атам -білімді
Еңбекпенен сен ізде!
Мақал- мәтелдер
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ
Еңбек болмаса ,елге өкпелеме,
Ықтасын болмаса, желге өкпелеме.
Адамнан сұрағанның екі көзі шығады,
Еңбектен сұрағанның екі бүйірі шығады.
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.
Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
Жүректен-жүрекке
Бір-біріне тілек айтумен сабақты аяқтау.
Жастықта еңбек ету қандай қызық,
Қуаныш билемей ме бойды кернеп?
Қызықты тұрмысымды етем десең,
Аянбай маңдай термен істе қызмет.