7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Ауғаныстан- журектегі жара

Тәрбие сағаты: Ауғаныстан- журектегі жара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ауғаныстан- журектегі жара

Сынып: 4 «ә»

Тақырыбы:

«Ауғаныстан- журектегі жара»

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар «Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде кунде біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Биылғы жылдың 15-ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толып отыр. 1978 жылы Ауғанстанда төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналған еді. 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кірді. 10 жылға созылған соғысқа 22 мың қазақстандық қатысты. Сол соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айырылды. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралса, 21 солдат із-түзсіз жоғалып кетті. Ауған соғысының қанды қырғынынан жандары жаралы оралған 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр.

1984 жылы ауған жеріне аттанған қазақстандықтың арасында отыз алты Атырау болса, олардың он бір қызылқоғалықтар еді. Олар ерлікпен ата-баба рухына дақ түсірмей туған елге абыроймен оралды.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал