- Учителю
- ЖҚТБ және нашақорлық қоғам індеті 8 сынып
ЖҚТБ және нашақорлық қоғам індеті 8 сынып
Ұйғыр ауданы білім бөлімінің «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепкедейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ТЕКСЕРІЛДІ
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
________ Қ.Диқанбай
«ЖҚТБ және нашақорлық ғасыр індеті»
(әңгімелесу, пікіралмасу)
8 ә сынып
Сынып жетекшісі Сәді М
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: ЖҚТБ және нашақорлық ғасыр індеті
Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есіркі мен темекінің ағзаға тигізер әсері, ЖҚТБ ауруынан сақтану, оның келешек өмірлеріне тигізер зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы мәлімет беру.
Көрнекілігі: темекі, ішімдік, есірткі ЖҚТБ (СПИД) тақырыбына бейнекөріністер, слайд
Сабақтың өтілу формасы: әңгімелесу, пікіралмасу
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу
Кіріспе: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі- салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз-бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты-«Бірінші байлық - денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттер: ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу. Ұлтымызды алаңдатып, ұрпақты, адамдарды кісілік қасиеттен айыратын тажал дерке қарсы күрес отбасынан, мектептен және саналы әр азаматтың өз жүрек түбінен шығуы тиіс. Жасөспірімдер жақсыға да, жаманға да тез еліктегіш, сондықтан бүгінгі сабағымыз осы зиянды әдеттер туралы болмақ.
Ауызша журналымыздың бірінші беті «Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана-ақылың» деп темекіге арналады. Осы орайда келесі бейнекөрініске назар аударайық: (Темекі шегу қаншалықты зиян?)
Темекі Еуропа мен Азияға ХV ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс аруына қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген.Еуропаға темекінің тарауы Христофор Колумб есімімен тығыз байланысты. Ұлы теңізші Америкамен бірге темекінің де құпиясын ашыпты. Шіркеу, діни адамдар мен патша өкіметі қарсылық танытқанымен 1616 жылы Ресейде темекіні егу, өсіру басталыпты. Голландияда темекіге үйір болған 1Петр темекі тартуға салынған тыйымды жояды. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл осы 1Петр патшалық еткен кез болып есептеледі. Түркияда бұрын темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартқандарды дарға асқан. Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.
Қазіргі кезде Қазақстанда мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 % шылым шегеді. Бұл өте өкінішті жағдай. Әйгілі дәрігер Боткин 57 жасында көз жұмып бара жатып: «Егер мен темекі тартпасам, әлі ұзақ өмір сүрер едім»- деп өкініпті.
Енді ауызша журналымыздың екінші беті «Есірткі- жас өмірді улаушы». Нашақорлық туралы айтпақпыз.
Нашақорлық та үлкен кеселді дерттердің бірі. Қазіргі кезде елімізде ұрпақтарымыздың өсіп-өнуіне, қалыпты өмір сүруіне кедергі жасап отырған кеселдердің бірі- нашақорлық.
Кәмлеттік жасқа толмағандар мен жастар арасында есірткіні қолданудың етек алуы ерекше алаңдату туғызады. Есірткімен, нашақорлықпен бүгінгі таңда дүние жүзі болып күресуде. Есірткінің қашан пайда болғаны, оның зияны туралы келесі бейнекөріністен көруге болады. (Болашағыңды ойла)
Есіркіні өте заманнан - ақ пайдаланған. Оның құрамындағы удың әсері басты айналдырып, миды әлсіретеді. Осыны дінбасы және емші, көріпкелдер өз қажетіне бұқараны айтқандарына сендіруге, санасын өздеріне бағындыруға пайдаланған. Есірткі ертедегі Египетте, Грекияда, Римде және Үндістанеда өте ерте заманнан-ақ қолданылған. Оны иіскеп немесе шеккен адамдар көңілденіп, ауырғандар ауруын сезбей,бей-жай көңілді күй кешкен, жаралары тез жазылған.
Есірткі- бұл адамның көңіл- күйін, сана- сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есіртінің негізгі түріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, гашиш жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
Есірткінің ең улысы- гашиш, уының мөлшері 30-40 %. Гашишті шегетіндер- нашақорлар. Есіркіні қабылдайтындар- олар әрі ауыру, әрі қауіпті адамдар, есіркіні өзі шегіп қана қоймайды, олар өзгелерді де өздерінің қатарларына тартады. Есірткіні табу үшін адам өлтіруге джейін барады, міне оның қауіптілігінің шегі.
Қазақстан бойыншаесірткіге тәуелді адамдардың саны салыстырмалы түрде, 2001 жылы 30 мың,2003 жылы 48 мың.Бұл сандар тіркеуге алынғандар,ал тіркелмегендерді білу үшін осы сандарды 6-7 ге көбейту керек.
Есірткі шегушілердің 27%-ы 12-16 жастағылар болса, 42%-ы 17-42 аралығындағылар. Қазақстанда есірткінің көп тараған елді-мекендері:Теміртау, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Өскемен, Талдықорған.
Есірткіні алғаш қолданар алдында ойлан! Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де, қарсылық таныт!
Енді ауызша журналымыздың келесі беті « СПИД- ХХІ ғасыр індеті» деп аталады. 1- желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. СПИД (ЖҚТБ-жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері), (АҚТҚ- адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы) жайында мұғалімдерден, дәрігерлерден, ата-аналардан және достарыңыздан естіген боларсыздар.
Енді СПИД туралы біраз мағұлматқа хабардар болсақ. Бұл орайда сендерге мына бейнекөріністі көрсеткім келеді. (Біз ЖҚТБ туралы не білеміз?)
Бүгінгі таңда СПИД ауруы дүниежүзілік ауқымды күрделі мәселеге айналып отыр. СПИД ауруының «ХХІ ғасыр обасы» деп аталуы тегін емес. Емделмейтін ауру СПИД-тің пайда болып, әлемді дүр сілкіндіргеніне 25 жылдай уақыт болды. Осы жылдарда СПИД -ке қарсы, оның вирусын өлтіретін дәрілер ойлап табылмады. Қазіргі таңда осы вируспен ауыратындар саны күн санап өсуде.
Бұл вирус бес жылда жер шарына кең таралады. Қазіргі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, оны жұқтырған адамның саны 5 млннан 10 млнға жетті. Аурудың алғашқы белгілері бес жылдан соң байқалады, бұл уақыт ішінде сырқат адам ауруын талай адамға жұқтыруы ғажап емес. ЖҚТБ вирусы қанда, адам зәрінде, ана сүтінде және сілекейде болады.
ЖҚТБ ауыруының жұғу жолдары:
-
Кездейсоқ жыныстық қатынаста болғанда;
-
Нашаны таза емес шприцпен салғанда;
-
Ауру адамнан қан құйғанда;
-
Ананың ауруы құрсағындағы жатқан балаға жұғады.
ЖҚТБ-мен ауырған адаммен құшақтасқанда, амандасып қол алысқанда, маңдайынан сүйгенде жұқпайды. Сыртқы бет әлпетінен адамның АҚТҚ-мен зақымданғаны білінбейді. АҚТҚ жұқпасының диагнозын тек қанды зертханалық зерттеу арқылы анықтауға болады. Аурудың алғашқы белгілері- шаршағыштық, жалпы әлсіздік, тамақ астындағы, қолтықтағы бездердің ісінуі болып табылады. Сондай-ақ сырқаттың еңбекке деген қабілеті кемиді, тамаққа тәбеті шаппайды, салмағын жоғалтады, яғни жүдеп кетеді. «Ғасыр обасы» деп аталған осы ауруды дүниежүзі ғалымдары қанша бас қосып ақылдасса да әзірге көзін жоюға шамалары келмеуде. Бұл аурудың үдеүінің бірден-бір себепшісі- есірткі. Есірткі шегушілер негізіне қылмыскерлер, олар өзін ғана құртып қоймайды, өзгелерді де құртады. Ауруды зерттеп тексерген ғалым мамандардың айтуы бойынша, бұл аурудан қорғанудың бір-ақ жолы бар, ол білім мен сауаттылық. Кез келген адам СПИД-тің қандай қауіпті ауру екендігін, оның қандай жолдармен жұғып, тарайтынын нақты біліп, терең түсінуі қажет.
Үлкендер отбасынада салауатты өмір сүру нормаларын, әр адам жеке бас тазалығын, жұбайылық тазалықты сақтап, өсер ұрпаққа үлгі бола білуі қажет. Боламын деген жасөспірім, мектеп жасындағы балалар сабақтан тыс уақыттарын мазмұнды өткізуге тырысуы керек. Өмір адам баласына бір рет беріледі. Осы өмірді мәнді де, мағыналы етіп өмір сүру өз қолымызда.
Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды аяқтай келе, жақсы әдетті айтып, салауатты өмірдің өз қолымызда екенін түсіндік деп ойлаймын. Біздің көшпенді тіршілік кешкен ата-бабамыз салауатты өмір сүрді, ұрпағының аман-сау болып, азып-тозбауын қадағалады. Сол дәстүрді сақтап, бүгінгі ұрпақ біздер қоршаған ортаны, денсаулығымызды күтіп, терең білім алып, саналы азамат болуға ұмтылайық.