- Учителю
- Баяндама Наурыз құтты болсын
Баяндама Наурыз құтты болсын
Тақырыбы: Ырым-тыйымдар және мақал-мәтелдер
«Балауса» тобы
Орындаған:Жунусова А
Мақал-мәтелдердің мәні зор
Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасалып,екшеліп,ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі-мақал-мәтелдер.
«Мақал-сөздің мәйегі», «Мақал -сөздің мұнарасы»,деп қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл жанрына аса құнды баға берген.
Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін,оның қиындығы мен қуанышын,одан шығатын нәтижені біліп отырған.Осы тұрғыдан алғанда,ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлардың бірі- мақал-мәтелдердің баланың ой-өрісін, дүниетанымын,қиялын,тілін дамытуда,тәлім-тәрбиесынде терең мән жатыр.
Мақал -мәтелдер-ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі.Ол ата-бабадан ұлағатты сөз ,парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі,көңілге түйген ақылының кені жинақталған.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: мақал- үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз;мақал деп қысқа , образды,ұйқасты,тұжырымды нақыл сөзді айтамыз.Мәтел-тұжырымды,бейнелі әрі ықшам нақыл сөз.
Балаларға жақсы тәрбие,үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор.Сондықтан да халқымыздың тыныс-тіршілігі, бала тәрбиесінде мақал-мәтелдер өзекті орын алған.Ол арқылы халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке,алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды.