7


Тақырыбы Бес санымен танысу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырып: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау



Балалар сап түзеп шығу.

Шаттық шеңберіне жиналу. Бір - бірімізге жылы - жылы лебіздерімізді, тілектерімізді айтайық.

Нұржан: Арайлап таң атты!



Ақгүлім: Алтын сәуле таратты!

Аида: Жарқырайды күніміз!

Камила: Жайнай түсті даламыз!



Аружан: Қайырлы таң, балалар!

Ақбаян: Қайырлы таң, апайлар!

Салтанат: Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз!



Балалар сап түзеп шығу.

Шаттық шеңберіне жиналу. Бір - бірімізге жылы - жылы лебіздерімізді, тілектерімізді айтайық.

Нұржан: Арайлап таң атты!

Ақгүлім: Алтын сәуле таратты!

Аида: Жарқырайды күніміз!

Камила: Жайнай түсті даламыз!

Аружан: Қайырлы таң, балалар!

Ақбаян: Қайырлы таң, апайлар!

Салтанат: Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз!

Гүлайым: Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз!

Аслан: Сәлем! Сәлем! Сәлем!

Ақнұр: Бүгінгі күн сәтті болсын!

Жұмакүл: Әрқашан әдемі болыңыздар!

Гүлдана: Мейірімді болайық!

Ақбота: Балабақшамыз жайнай берсін!

Аружан. Т: Ата - анамыз аман болсын!

Аружан. Қ: Бәрімізде дос болайық!

Тәрбиеші: - Рахмет, балалар! Сіздерге де бүгінгі күндеріңіз сәтті болсын деп тілек айтамын. Олай

болса, орнымызға жайғасайық. Бүгін мен сендермен «1 ден 5 ке дейін тура және кері

санау» тақырыбында ашық сабақ жүргіземін.

Сабақтың мақсаты: 5 санымен таныстыру, 5 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру.

Тәрбиеші: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Қазір жылдың көктем мезгілі.

Тәрбиеші: - Көктемде неше ай бар?

Балалар: - Көктемде үш ай бар.

Тәрбиеші: - Көктем айларын кім атайды?

Аслан: - Наурыз, сәуір, мамыр.

Тәрбиеші: - Қазір көктемнің қай айы?

Аружан. Т: - Сәуір айы.

Тәрбиеші: - Көктем туралы кім қандай тақпақтар біледі?

Камила: - Көктем қандай көңілді,

Көктен жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.

Тәрбиеші: - Балалар, біздер бүгін «Ғажайып ғарыш әлеміне» саяхатқа шығамыз.

Балалар, ғарыш айлағы қай жақта деп ойлайсыңдар?

Балалар: - Ғарыш әлемі аспанда

Тәрбиеші: - Аспан әлемінде нелер бар?

Балалар: - Күн, Ай, Жұлдыз, Бұлт.

Тәрбиеші: - Ғарышқа немен ұшады?

Балалар: - Ғарышқа зымыранмен ұшады.

Тәрбиеші: - Ғарышқа қай қаладан ұшады?

Балалар: - Байқоңырдан.

Тәрбиеші: - Ең тұңғыш ғарышқа ұшқан адам кім?

Жасұлан: - Юрий Гагарин.

Тәрбиеші: - Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

Гүлайым: - Тоқтар Әубәкіров.

Тәрбиеші: - Балалар, енді ғарышқа ұшу үшін, бізге зымыран керек. Ол үшін түрлі - түсті

қағаздан зымыран құрастырамыз. Алдымен «Неге ұқсайды?» ойынын ойнайық.

Зымыранның ең үстіңгі бөлігі неге ұқсайды?

Балалар: - Үйдің шатырына, шыршаға.

Тәрбиеші: - Дұрыс - ақ. Бұл - үшбұрыш. Ортаңғы бөлігі неге ұқсайды?

Балалар: - Орамалға, кітапқа, есікке, орындыққа.

Тәрбиеші: - Ол - төртбұрыш. Төменгі бөлігі неге ұқсайды?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал