7


Төлін тап ойын сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ойын терапиясы



Сабақтың тақырыбы: «Төлін тап!»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: балаға үй жануарларын айыра білуге үйрету. Олардың төлдерін танып, аттарын атуға және оларды шақыруды үйрету.

Коррекциялығы: баланың көру арқылы қабылдау түйсігін дамыту. Зейінін

тұрақтандыру.Сөйлеу қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: баланы үй жануарларын сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: Үй жануарлары мен төлдерінің суреттері.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау



Жылулық шеңбері:Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық екеуміз,

Күлімдеп шыққан күнге

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

Сұрақ -жауап арқылы.

ІІІ. Жаңа сабақ: Балаға үй жануарларының суретін көрсете отырып олардың аттарын сұрау.

  • Мынау ненің суреті?

  • Сиырдың суреті.

  • Екеуміз бірге айтайықшы.

  • С-и-ы-р.с-и-ы-р.

  • Осы сиырдың төлін не деп айтамыз?

  • тауып берші?

  • Б-ұ-з-а-у.б-ұ-з-а-у.

  • Мына суреттен бұзаудың суретін тауып берші?(бала бұзаудың суретін тауып сиырдың қасына орналастырады.)

  • Бұлар қалай дауыстайды?

  • Мө-ө-ө,м-ө-ө-өө.

  • Олар қалай тіршілік етеді?

  • Шөп жейді, су ішеді, жем жейді.

  • Оларды кім күтіп баптайды?

  • Адамдар

  • Ал, оларға тамақ,су беру үшін қасымызға қалай шақырамыз?

  • Әукім,әукім (Баланы мадақтау)

  • Мынау ненің суреті?(қой,ешкі, жылқы. т.б)

  • Бұлар қайда тіршілік етеді?

  • Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Үй жануарлары дейміз.

ІV. Бекіту: «Ненің дауысы» дидактикалық ойын

Мақсаты: Есту арқылы қабылдау түйсігін дамыту.

Ойын шарты: Балаға үнтаспадан үй жануарларының дауысын естіртеміз.

Бала сол жануардың атын атап, суретін көрсетіп, қасына төлінің суретін қойып қояды.

V. Біз не білдік?

Сиыр, қой,ешкі, жылқы, түйе үй жануарлары. Олардың адамдарға тигізер пайдасы көп. Үй жануарларын адамдар күтіп баптайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал