7


  • Учителю
  • Ата салтын сақтаймыз ашық сабақ

Ата салтын сақтаймыз ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Ата салтын сақтаймыз.

Мақсаты:Наурыз көнеден келе жатқан мейрам.Қазақтар осы күнді «Ұлыстың

Ұлы күні» деп атаған.Қазақтың салт-дәстүрлерін,дінін,ұлттық киімін,

ұлттық ойындарын насихаттап көрсету.

Ұлыстың ұлы күнін мақтанышпен қарсы алып құрметтей білуге

тәрбиелеу.

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,қонақтар,бүлдіршіндер! Ұлыстың ұлы күні-Наурыз

Мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын!

«Балапан»тобының «Ата салтын сақтаймыз»атты ертенгілігін тамашалауға шақырамыз.

Көрініс:(сахнадағы ауыл көрінісі)

Кейіпкерлер:Ата,әжелер,келін,немере.

Атасы:-Оу, кемпір оның-мұның дайын болды ма?

Жақсы хабар жетісімен сасып қалма.

Әже:Ой, байғұс-ай тек құлынымның жаны қалса десейші.

Өзгені сосын көре жатармыз.

(Екі бала жүгіріп шығады)

1-бала:Сүйінші,сүйінші

2-бала:Алақай,алақай.

Дүниеге жас нәресте келді.

Әжесі:Не дейді шын айтып тұрсыңдар ма?

Құлыным-ай!

Атасы:Рахмет қарақтарым,міне сүйіншілерің.

(балаларға кәмпит береді)

(сахнаға, келін, көрші әже бөпемен келеді)

Әжесі:Жас тума жолына шашу шашады.

Келін сәбиді алдымен әжесіне береді.

Әжесі:Ой құлыным-ай өмір жасың ұзақ болсын! Тіл көзден сақтасын!Ал,атасы,

Немереңді сен ал қолыңа.

Атасы:Бақытты,өмірлі бол!

Құлыным үлкен жігіт бол!

Халыққа сенім үміт бол!

Әумин!

Жүргізуші:Армысыздар,ата-әже Наурыз тойы құтты болсын!Мына Наурыз

айында дүниеге келген сәбиіңіз құтты болсын!

Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап өздерінің өнер-

лерін көрсетпекші,соны тамашалаңыздар.

Хор: «Наурыз».

Шадияр:Ата-бабам тойлаған

Наурызым,армысың!

Қызығына тоймаған

Дархан дала,қарлы шың.

Ернар:Күнменен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді.

. Соны тойлар ел енді.

Асылай:Наурыз тойы-салтымыз

«Көгерсін» деп халқымыз.

Көшеге тал егеміз.

Ақмаржан:Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы-жырымен.

Ернұр:Наурызды халқымыз

Жыл басы деп санайды.

Көнермеген салтымыз

Көп елдерге тарайды.

Ойын «Арқан тартыс».

Ән «Топ-топ балақан».Орындайтындар:Нұрдана,Ақмаржан,Асылай.

Ата:Ата-бабамыздан қалған дәстүр бойынша нәресте дүниеге келген күні

сол отбасында қалжа сойылады,той болады.

Жүргізуші:Рахмет,ата!Ризамыз сізге.Немереңіздің бауы берік болсын,халқына

қалаулы, еліне елеулі азамат болсын!

Әжесі:Тілектеріңді тәңірім қабыл етсін!Отағасы-ау,немереміздің есімін қояйық.

Менің ойымша немереміздің атын Жаманбай деп қояйық.Осындай есім-

ге көз өтпейді.Қазақтың ырымы бар емес пе?

Атасы:Тәйт,кемпір қайдағыны айтпай.Қай ғасырда өмір сүріп жатырсың?

Елдер немерелерінің атын Саммитбай,Азиада деп қойып жатыр.Осы

Наурыздың мерекесіне ойластырып Наурызбай деп қояйық.

Әжесі:Отағасы бұл да дұрыс екен-ау.

Жүргізуші:Ата-әже немерелеріңіз мына бүлдіршіндердей өнерлі болсын!

Балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!

Ән «Күшігім».Орындайтындар:Ернар,Шадияр,Заңғар,Дінмұхаммед.

Заңғар:Қар еріді,су ақты.

Күндер келді шуақты.

Байтақ дала келбеті

Түкті кілем сияқты.

Әлихан:Жаңбыр жауып басылды

Күлімдейді көкте күн

Кемпірқосақ асылды

Өрнегіндей көктемнің.

Назым:Көктем,көктем,көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз





Марғұлан:Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын жас гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын.

Ділдә:Бата беріп атамыз

Бата беріп апамыз

Тәтті болып жасалған

Наурыз көже дәмін татамыз.

Ән. «Он алты қыз».Орындайтын Заңғар.

Әже.Батамен ел көгерер,жаңбырмен жер көгерер - демекші отағасы мына

Ұлыстың Ұлы күніне келген қонақтарға да батаңды беріп жібер.

Ата:Ал,балалар қолдарыңды жайыңдар.

Тума бауы берік болсын!

Сұлу күндей көрік болсын!

Әже менен анасына

Тек жақсылық бола берсін.

Азамат боп еліне біздің жігіт

Тұғырына биіктен қона берсін

Әумин!

Жүргізуші:Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлыс береке берсін-деп

Сөз кезегін балабақша меңгерушісіне береміз.

«Наурыз көже» дастарханы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал