7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Қарттарым – асыл қазынам

Тәрбие сағаты Қарттарым – асыл қазынам

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№5 орта мектеп











































Қарттарым - асыл қазынам



Тәрбие сағаты Қарттарым – асыл қазынам









2016-2017 оқу жылы



Күні:30.09.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Қарттарым - асыл қазынам

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

С) Концерттік бағдарлама.

ІІІ. Қорытынды.

1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер! «Қарттарым - асыл қазынам» атты бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

2- жүргізуші: Бүгін қарттар мерекесі. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

1- жүргізуші: Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше әнімізді қарсы алыңыздар

2- Жүгізуші: Аталар!

Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,

Жүрегімнің лаулатып отын жақты.

Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,

Сендер ғой маған берген осы бақты.

1-Жүгізуші: Әжелер!

Қарыздармын өзіңе мен,

Қайыспай қиындыққа төзе білген.

Жүздеріңді әжімдер басқанымен

Баяғы бәз жүзіңдерің өзгермеген.

Ортаға қыздарымызды шақырамыз.

1-Жүгізуші: Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні - мәні бар.

Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген,

тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына

үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

2-Жүгізуші: Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы - "Ұрпағым" деп шыр-пыр

болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлы

ұлттық қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын

өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,

зейнеткерлерге жағдай жасау. Президентіміздің жыл сайынғы халыққа

жолдауында арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен

қатар өсіп келеді.

Видео ролик (әжелерге арналған видео ролик)

Сұрақ-жауап.

1. Қариялар - ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

2. Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

3. Қазақстанның болашағы - жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңіз?

4. Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

5. Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіз?

6. Қарт, ақсақал, ата сөздерінің айырмашылығы неде?(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)

1-Жүгізуші: Көрініс «карт пен немере»

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:

-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.

- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, - депті баласы.

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел.



2-Жүргізуші. Баталы құл - арымас,

Батасыз құл - жарымас.

Батаменен ел көгереді

Жауынменен жер көгереді - дейді дана халқымыз.

1-Жүргізуші: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.



2-Жүргізуші. Аталар - асқар таудай қорғанымыз,

Әжелер - саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен әжелер!

1- Жүргізуші. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата - бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады

Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал