7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып

Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Күні : 7.12.2016 жыл

Тақырыбы : Тәңірдің тәтті сыйы- Тәуелсіздік.

Сынып мұғалімі: Нухридинова Жумакуль Диханбаевна

Қарағанды қаласы, Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия 4 «Б» сынып



Мақсаты:

Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсетеді.



Міндеттері:

  • оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін оянады.

  • елін, жерін сүйеді,

  • отанын қастерлейді,

  • шыншылдыққа тәрбиеленеді .

Көрнекілік: шарлар, суреттер, видео. аудиолар,түрлі жайма қағаздар.



Барысы :



Кіріспе

-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.



Мұғалім сөзі

Құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер!



Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған тарихи - «Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік» ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз. Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.



Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар - намысын, ата - баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. Иә, 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы»тарихта мәңгі қалмақ.

1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.

Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?



Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне,

қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

Слайдтан көрсету (1минут үнсіздік жариялаймыз.)



Нұрбақыт

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.



-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздіктің 25 жылдығына «Тәңірдің тәтті сыйы- Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!



Алина

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

-1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.



Нұрбақыт

-Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолындаҚайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқаларысияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.



1-оқушы Нұрбек

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2-оқушы.Расул

Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.





( Желтоқсан оқиғасына байланысты видео көрсетіледі 7 минут)



Нұрбақыт

-Балалар мен қазір әр топ аттарын атап айту арқылы топқа бөлінеміз.

Сол қойылған аттарға байланысты әр топқа тапсырма беріледі.



1 топқа «Желтоқсан»

2 топқа «Дыбыстар сөйлейді»

3 топқа «Жылдар жырлайды»

4 топқа «Тәуелсіздікке 25 жыл»



Әр топқа берілген тапсырманы қағаз бетіне түсіріңдер ?

Тапсырмаға дайындалуға 6-8 минут беріледі. Таймермен уақыт белгіленеді.



1-топқа «Желтоқсан» тобына 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасынан» бір үзінді көрсету тапсырылады. әріптердің мағынасын ашады.



3топ 1991-2016 жылға дейінгі аралықтағы



2-топқа Тәуелсіздік сөзіндегі жылдардағы тарихи оқиғаларға тоқталады.



4-топ «Тәуелсідіктің 25 жыл» елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жазған хаттары



1-топ

«Желтоқсан» тобына 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасынан» бір үзінді көрсету тапсырылады

Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып

Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші:

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде

Тергеуші

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).



-Желтоқсан желі өлеңін орындайды.



Нұрбақыт

-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күрескен желтоқсан оқиғасының қаһармандарын 1минут үнсіздікпен еске алайық.

Алина

-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді



3-оқушы Төлеухан

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла ақиқатты жақтады.

Назарбаев атамды жұрт қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген атақты.





4-оқушы Медина

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

5-оқушы Жангир

Астана біздің сәніміз,

Білім біздің нәріміз

Азат елдің тірегі

Болайықшы бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!



Мұғалім

-Қазір біз 2-топ «Дыбыстар сөйлейді» тобына «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын ашуға тапсырма береміз.

Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып

Т-Тыныштық

Ә-Әділдік

У-Уәдеге берік

Е- Ерікті елге

Л- Лайық

С- Сенімді

І- Ізетті

З- Зайырлы

Д- Демакратиялы

І- Іргесі мықты

К- Кемелденген ел.



Алина

3-топ «Жылдар жырлайды» тобы Тәуелсіздігімізді алған 1991 жылдан бастап қазіргі 2016 жыл аралығында болған маңызды оқиғаларды тізбектеп айтып береді.

1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

Тұңғыш рет 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 ж 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер бекітілді.

Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып 1993 жылы 15 қарашада -Ұлттық валюта теңге енгізілді.

1995 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

1997 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсау кесері болды.

2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.

2001 жыл - осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толды.

2002 жыл 4 маусымда Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммиті өтті.

2003-2005 жылдары -«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.

2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.

2005 жылы Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе қаласында ескерткіш бой көтерді.

2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Азия Ойындары Астана -Алматы қалаларында өтті.

2013 жылы «Астана Арланс» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясы ІІІ маусымының жеңімпазы атанды.

2016 жылы 30 желтоқсанда- Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназияға 25 жыл толды.



Нұрбақыт

4-топ -Енді «Тәуелсіздікке 25 жыл» тобының елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жазған хаттарын оқуға кезек берейік.

Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып

-Сендер сен не жазып отырсыңдар ?

Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып



















-Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға хат жазып отырмыз.

-М-м-м.

Адияның хаты

Құрметті Нұрсұлтан ата! Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге сіңірген еңбегіңізді ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай үлгі етіп айтып отырады.

Біз онсыз да сіздің ерлік істеріңізді жақсы білеміз. Сіздің өміріңіз қашанда бізге үлгі. Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы беделіңіз, дүние жүзіндегі абыройыңыз біз үшін мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата! «Бала болашағымыз» деп өзіңіз айтқандай, жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз.

Сіз ортамызда жүрсеңіз, біз де сондай бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол.



Нұрбақыт

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

Хор: Көк тудың желбірегені.

Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып

Рефлексия.

Мұғалім:

тәрбие сағатын бекітеді.



-не білдік ?

-не үйрендік

-не білгілерің келеді ?

Тәрбие сағаты Тәңірдің тәтті сыйы -Тәуелсіздік 4 сынып

-Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін тақтада жапсырылып тұрған Бәйтерек суретіне стикерлерге пікірлерді жазу арқылы көрсетеді «Басмармақ» әдісі арқылы толық бағалайды .



Назарларыңызға рахмет !!!









9



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал