7


  • Учителю
  • Зияткерлік сайыс тақырыбы: АЛАШ КӨШБАСШЫСЫ 10 а,ә сыныптар

Зияткерлік сайыс тақырыбы: АЛАШ КӨШБАСШЫСЫ 10 а,ә сыныптар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сайыс тақырыбы: "АЛАШ КӨШБАСШЫСЫ"

Қатысатын: 10 "а,ә" сынып оқушылары.

Тарих пәні мұғалімі Алибекова Тарбия Кантургановна

Мақсат: ЮНЕСКО көлемінде атап өтілетін дүниежүзілік мерейтойға үлес қосу.

Алаш қайраткерлерінің ұлт мүддесіне байланысты қызметтерімен таныстыру және үлгі ұстату.Алаш қайраткерлерінің ғұмыр жолын зерттеп, ұлт мүддесі жолындағы еңбектерін паш етуге оқушылардың үлесін қосу.

Әдісі: Сиқырлы барабан.

Түрі: Сайыс сабақ

«Алаштың» басты мақсаты - қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді... Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті... Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады». Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: АЛАШ КӨСЕМІ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫН ӘЛЕМЛІК ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛУДЕ. 20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Әлихан Бөкейхан - ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

І кезең сұрақтары:

1) Әлихан Бөкейхановтың туған жылы мен жерін ата: (05.03.1866 жылы,Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі )

2) Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты сұлтанг Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі - кім?. ("Әлиханның әкесі - Нұрмұхамед.")

3) Логикалық сұрақ: Әлемдегі ең жүйрік нәрсе? (ой)

4) 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны қандай мамандық бойынша бітіріп шықты? ( "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты)

5) Ә.Бөкейхановтың Санкт Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыған жылдары? (1890-1894 жылдар аралығында)

6) Алашорда үкімет басшысы баламалық негізде сайланды. Бұл лауазымға үш қайраткердің кандидатурасы ұсынылды, олар: Ә.Бөкейханов 40 дауыс, Б.Құлманов 19 дауыс алды. Ал А.Тұрлыбаев неше дауыс алды? (20 дауыс)

ІІ кезең сұрақтары:

1) І Бүкілқазақ съезге Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Бұхара, Хиуа және Ферғанадағы қазақ қауымдастарының өкілдері енді. Олардың ішінде «Қазақ» газетінің басшылары, ұлттық-демокартиялық қозғалыс көсемдері қатысты. Ал бұл съезге Торғай өлкесінен кімдер қатысты? ( А.Бірімжанов, С.Қадырбаев )

2) Логикалық сұрақ: Тамақ пісірместен бұрын қазанға не саламыз? (көз)

3) 1917 жылы Ақтөбе уезі бойынша Алаш партиясына дауыс бергендер саны қанша: (28202)

4) Ә.Бөкейхановтың тапсырмасымен «Қазақ елінің уставы» деген құжатты кім жазып шықты? (Б.Сырттанов)

5) Уақытша халықтың кеңес-«Алашорда» 25 адамнан тұруға тиіс болды. Съезде үкіметтің 15 мүшесі сайланды, ал 10 орын Қазақстанда тұратын орыс және басқа ұлттардың өкілдеріне қалдырылды. Алашорда мүшелігіне Бөкей Ордасынан кім сайланды: (У.Танашев)

6) 1917 жылы Торғай облысы (Қостанай уезі) бойынша Алаш партиясына дауыс бергендер саны қанша: (72745 )

ІІІ кезең сұрақтары:

1) Ә.Бөкейхановтың басты мақсаты қазақтардың жербес мемлекетін құру еді.1937 жылы репрессия құрбанына айналды.Қай жылы ақталды? ( 1989 жылы мамырдың 14-ті)

КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан,ақталды.

2) 1917 жыл 5-13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының Екінші жалпықазақ сьезінде құрылған мемлекет: ( "Алашорда", (Алаш автономиясы))

3) Алаш қайраткерлері қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтарды құрастырды.Ә.Бөкейханов құрастырған алғашқы мектеп оқулығы қалай аталады? ( География)

4) 1930 жылдары Сталиндік репрессияға ұшырап,1988 жылы ақталған Алаштың «Бес арысы» ? (Ш.Құдайбердиев,А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов, М.Дулатов)

5) Ә.Бөкейханов 1905 жылы І Мемлекеттік Думаға депутат болып қайсы облыстан сайланды? (Семей облысынан)

6) Алаш үкіметінің көшбасшысы болған Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерей тойы дүниежүзілік қай ұйым дәрежесінде атап өтпек ? ( БҰҰ, ЮНЕСКО)





"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" КММ





Зияткерлік сайыс тақырыбы: АЛАШ КӨШБАСШЫСЫ 10 а,ә сыныптарЗияткерлік сайыс тақырыбы: АЛАШ КӨШБАСШЫСЫ 10 а,ә сыныптар

Сайыс тақырыбы:

10 "А,Ә" сынып оқушылары







Зияткерлік сайыс тақырыбы: АЛАШ КӨШБАСШЫСЫ 10 а,ә сыныптарЗияткерлік сайыс тақырыбы: АЛАШ КӨШБАСШЫСЫ 10 а,ә сыныптарЗияткерлік сайыс тақырыбы: АЛАШ КӨШБАСШЫСЫ 10 а,ә сыныптарЗияткерлік сайыс тақырыбы: АЛАШ КӨШБАСШЫСЫ 10 а,ә сыныптарЗияткерлік сайыс тақырыбы: АЛАШ КӨШБАСШЫСЫ 10 а,ә сыныптарЗияткерлік сайыс тақырыбы: АЛАШ КӨШБАСШЫСЫ 10 а,ә сыныптар





Тарих пәні мұғалімі: Алибекова Тарбия Кантургановна



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал