7


  • Учителю
  • Қош бол, бастауышым бал бұлағым.

Қош бол, бастауышым бал бұлағым.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Красивинский орта мектеп

















































































Мұғалім : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар Сіздердің алдарыңызда Тәуелсіздігіміздің 25 - ші жылдығы қарсаңында бастауыш сыныппен қоштасып тұрған ҚР болашақ президенті, министрлері, академиктері, профессорлары және бизнесмендері!

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Қош бол, бастауышым бал бұлағым!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл,

Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда

Қол соғып қошеметпен шақырайық

4-сынып оқушыларын ортамызға.

Әсем әуенмен сахна ашылады.

Мұғалім : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына , ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік. Қош бол, бастауышым бал бұлағым.

Батырхан: Ассалаумағалейкум , ағайын !

Айдана : Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер !

Аслан : Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !

Зарина : Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.

Дәулет: Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған.

Жасұлан: Қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.

Нұрсаят : Қолға қалам ұстатып,

Білім құйған санаға

Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»

Дәулет : Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !

Батырхан :Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Аслан : Армысың сен, алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр - алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім !

Зарина : Дұрыс айтасың Аслан ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Олай болса , алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық !

Ән «Мектебім»

Слайд «Мектептегі мерекелер»

Зарина : Кітап, қалам қолға алдық

Бір сыныпқа жиналдық.

Ажырамай арамыз

Болашаққа барамыз.

Аслан : Мектеп деген білім кені , жыр кені ,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекен.

Батырхан: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Атын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Айдана: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың ,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Дәулет : Мектеп - үйім , ұстазым , менің ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламын.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Нұрсаят: Мектеп - кеме, білім - теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.

Ән : « Мектебім»

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Батырхан ?

Айдана : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Батырхан: айтасың Айдана, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Айдана : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Жасулан : Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Аслан : Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Нұрсаят : Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай !

Мейірлене қарап қойып біздерге

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

Дәулет : Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың , даналықтың

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Зарина : Нұр құйған санасына зейіндінің

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,

Дамыттың дарын отын бейімдінің.

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден !











Айдана: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін

.

Зарина : Олай болса шәкірттерінің ұстаздарына арналған «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.



Ән : "Ұстазым ."

Батырхан : Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Аоайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін !



Дәулет : Ия , дұрыс айтасың Батырхан. Біз болашақта саналы да , ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе ?



Айдана : Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,

Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,

Мәпелеген баласын аман болсын анашым !

«Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар.

Ән «Асыл ана»

Айдана : Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.



Аслан : Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Айдана : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Аслан : Кітап қалам қолға алдық

Бір сыныпқа жиналдық.

Ажырамай арамыз

Болашаққа барамыз.

Нұрсаят : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз ,

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Зарина : Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,

Мектептің ережесін үйрендік біз.

Дәулет : Бастауышым - бал бұлағым ,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын

Батырхан : Бастауышым - балбұлағым ,

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен ,

Самғап ұшар тау қыраның.

Хормен : Ән «Бақытты балалық шақ»

Жасұлан : Біздер бастауышта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биолгия, алгебра, физика , химия , т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып үйрендік.

Дәулет : Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз ,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз ,

Әдебиетпен достасамыз.

Батырхан : Ойланып есеп шығартып,

Төрт амалды білдірген.

Ғылымдардың патшасы ,

Математика данасы.



Айдана : Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын ,

Етістіктің шақтарын ,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадық

5 - сыныпқа барған соң,

Тіл мамандары бағалар.

Аслан: Ой жіберсең бәріне,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер ,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

Жасулан : Кане балалар, сендердің негізгі пәндерді қалай меңгергендеріңді байқап қарайықшы. Мен әр түрлі тапсырмалар беремін. Кане кімнің ойы жүйрік, ұшқыр екенін сынап көрейік.

1. Уақыттың маңызы неде екендігін білеміз бе ?

Жауап : Батырхан.

Бір жылдың қадірін , сынақтан өтпеген оқушыдан сұра.

Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра.

Бір сағаттың қадірін , кездесуге асыққан ғашықтан сұра.

Бір минуттың қадірін сабақтан кешіккен оқушыдан сұра.

Бір секундтың қадірін апаттан аман қалған кісіден сұра.

2. Туған жер туралы 1 шумақ өлең шығар.

Дәулет: Туған жерде өстім мен ,

Бір гүлі болып құлпырып

Туған елім - күн көзі

Жайнай берем ұмтылып.

3. Анаға арнап 1 шумақ өлең кім шығара алады?

Айдана: Ана- деген ең асыл,

Мейірімі күнмен тең.

Анама айтам мың алғыс,

Мені әлдилеп тербеткен.

4. 1 шумақ өтірік өлең ұйқастыру.

Батырхан : Қыстыгүні бақшадан

Алма теріп әкелдім.

Алма сатып, көкеме

Шетелдік көлік әпердім.

Дәулет: Жарайсыңдар балалар , талаптарың таси берсін ! Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы деңгейде екен.

Батырхан : Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын әріппен сақталады.

Батырхан: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?

Бастауышта алған білім, жырларым ,

Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Айдана: Өтті сенде қызық шағым ,

Бастауышым - бал бұлағым .

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ән «Қош бол бастауыш»

Хормен : Білім берген біздерге,

Рахмет, ұстаз сіздерге !

Құттықтау сөз.



































































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал