7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс ісшара Қалдырған ізің мәңгілік

Сыныптан тыс ісшара Қалдырған ізің мәңгілік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала











Тақырыптық сынып сағаты









Қалдырған ізің мәңгілік







































Сабақтан тыс тәрбиелік іс-шараның сценарийі



</ Тақырыбы: Қалдырған ізің мәңгілік мәңгілік

Мақсаты: Ы.Алтынсариннің көтерген тақырыптардың оқыту мен тәрбиедегі мәнін, бүгінгі өмірмен байланысын таныту: Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбегін жастарға үлгі-өнеге ету, туған елге пайдалы іске шақыру:Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, грамоталар.

Формасы: Үш ауылдың кездесуі



Өту барысы



1-жүргізуші

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Ұстаздар!Студенттер! Ыбырай ата ізбасарлары!

2-жүргізуші:

Сіздерді бүгін «Ыбырай мұралары мәңгілік» атты ісшараға келген құрметті қонақтар деп қуанышпен қарсы аламыз!

1-жүргізуші

Бүгінгі күн 19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ұлылардың бірі, қазақ халқының маңдайына біткен бақыты, қазақ даласында тұңғыш рет білімнің қоңырауын соғып, мектеп ашқан Ыбырай атаның мерекесіне, еске алуға арналған күн.

2-жүргізуші

Ұлы ағартушы, жаңашыл ұстаз, ғалым-этнограф Ы.Алтынсариннің туғанына ескіше 20 қазанда 175 жыл толды.Ендеше бүгінгі ісшарамыз айтулы датаға арналады.

1-жүргізуші

Ы.Алтынсариннің туып өскен ортасын, білім алу жолын, туған елінің өміріне тікелей араласуын сіздер жақсы біледі деп есептейміз.

2-жүргізуші

Ал олқылау жерлеріңіз болса қысылмаңыздар, осы жерден толық мәлімет алып кететіндеріңізге сеніңіздер.

1-жүргізуші

Үш ауылдың кездесуін бастамас бұрын әділ шешімін берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.Жұматаева Зибагүл Жұмағалиқызы-арнайы пәндер оқытушысы;

2.Иманкулов Ермек Асқарұлы- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;

3.Искаков мұрат Ахатович- директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары.

2-жүргізуші

Бүгінгі кездесу 6-турдан тұрады:

  1. «Ауыл» атын қорғау.(Топтың аты, эмблемасы, ұраны мен әні, қатысушылардың қызығушылықтары, мазмұндалуы мен жүйелілігі есепке алынады).

  2. «Ұлылыққа тағзым» білім сайысы.(Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығына байланысты сайыс.Жауаптарының дәлдігі, мазмұндылығы, жүйелілігі, жылдамдығы ескеріледі).

  3. «Ұрпағына ұлы мұра қалдырған»-Ыбырай әңгімелерінен сахналық көрініс көрсету.Қойылымның мазмұндылығы,қатысушы топтардың шығармашылық қабілеті, рольге ене білуі, жасаған әрбір қимылын көрермендерге ерекше етіп жеткізе білулері бағаланады.

  4. «Ыбырай тағылымдары»-Ыбырай шығармаларындағы мақал-мәтелдерінен топ басшыларының арасында өтетін сайыс.

Сайысқа қойылатын талаптар: Әр топ басшысына мақал беріледі, ол тобына ым-ишарамен көрсетеді, шешімін үш тілде айту керек.

  1. «Шығармашылық» сайысы- Ы.Алтынсаринге арнаған өлеңдерін оқиды.Өлеңді мәнерлеп жеткізе білуі, ұйқасы ескеріледі.

  2. «Ыбырай ата атындағы оқу орнына оқуға келіңіз» жарнама.Кәсіптік бағдар жұмысы бойынша шығармашылық қабілеттері есепке алынады.

1-жүргізуші

Таразының екі басы тең болсын десек, сайыс өз деңгейінде жүру үшін 3 топ басшыларын ортаға шақырамыз.

1.Қамшы арқылы кезектерін анықтаймыз.Таныс болыңыздар,

1-топ- «Мұрагерлер»

2-топ- «Ыбырай ізбасарлары»

3-топ - «Қырандар»

2-жүргізуші

Бірінші сайыс «Ауылының» атын қорғау.Сөз «Мұрагерлер» ауылына беріледі.

Келесі ауыл «Ыбырай ізбасарлары »

Үшінші ауыл «Қырандар»

1-жүргізуші

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, келесі сайысқа көңіл аударайық.Сайыс «Ұлылыққа тағзым» деп аталады.

Ортаға «Мұрагерлер» ауылын шақырамыз.

  1. 1841,1850 және 1879 сандарын сөйлетеміз.

  2. Ыбырай Алтынсарин өте ерте әкесіз қалды.Оның әкесі Кенесары Касымовтың әскерінің қолынан қаза тапты.Осы уақытта Ыбырайға да қауіп төніп тұр еді.Осы қауіптен құтқарған кім? (Жетібай Өтемісов)

  3. Оны үш жасында өз тәрбиесіне атасы алады. .Ы.Алтынсариннің атасының аты кім? (Балғожа)

  4. Ы.Алтынсарин қанша оқу орнын ашты? (13- 4 екі кластық орталық училище,1 қолөнер училищесі,1 қыздар училищесі,5 болыстық мектеп, 2 орыстарға арналған училище)

  5. Ы.Алтынсарин қандай оқу құралдарын құрастырды? («Қырғыз хрестоматиясы», «орыс тіліне үйретудің бастауыш құралы»)

  6. Ы.Алтынсариннің очерктерінде нақты сипатталған халықтың салт-дәстүрлерін ата? (құда түсу, қыз ұзату, өлікті жерлеу)

  7. Бұл салт-дәстүрлердің кейбір элементтері әлі де маңызын жойған жоқ, ендеше келесі сұрақ: Күйеу баланың қалыңдыққа біріні баруы (Ұрын келу)

  8. Қазақстанда қандай оқу орындары Ы.Алтынсаринатында? (Арқалық, Рудный)





  1. Ы.Алтынсариннің туысының атынан жазылған өлең қалай аталады? (Балғожаның баласына хаты)

2-жүргізуші

Сөз «Ыбырай ізбасарлары » ауылына беріледі.

1. 1844, 1857, 1889 сандарын сөйлетеміз.

2. Атасы Балғожа Ыбырайдың білім алуына көп көңіл бөледі, сол уақытта қазақ мектептері ашыла бастайды.Атасы осы мектепке немересін жаздыртады. Осы мектеп қай қалада ашылды? (Орынборда)

3. Осы мектепті Ыбырай «үздік» аяқтайды. Мектепті бітіріп шыққанда қандай тілдерді меңгеріп шыққан? (орыс, араб, татар, парсы)

4. Ы.Алтынсариннің неше баласы болды? (екі қыз бен екі ұлы)

5. Қыздарға арналған алғашы мектептер қай жерде ашылды? (Ырғыз, Торғай, Қостанай, Ақтөбе)

6.Ыбырай өзінің ағартушылық қызметінде кімдердің идеяларын басшылыққа алды? )К.Д.Ушинский, Л.Н. Толстой)

7. Ыбырайдың әйелінің аты кім? (Айғаныс)

8.Ы.Алтынсарин есімі осы оқу орнына қай жылы берілді? ()

9. Ы.Алтынсариннің табиғат туралы өлеңдерін ата (Өзен, Жаз)

1-жүргізуші

« Қырандар » ауылын ортаға шақырамыз.

  1. 1860,1864 , 48 сандарын сөйлетіңіздер

  2. Ы.Алтынсариннің туған жерін атаңыз (Қостанай облысы Затобол ауданында)

  3. Ыбырайдың оқу құралы бәрімізге белгілі қандай өлең жолдарымен басталады? (кел, балалар оқылық)

  4. Ең алғашқы екі кластық училище қайда ашылды? (Ырғызда)

  5. «Аз жұмысты азсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың....» қандай шығармасынан? (Әке мен бала)

  6. Ы.Алтынсариннің мұғалім туралы айтқан нақыл сөзі? (Мұғалім-мектептің жүрегі)

  7. Ыбырайдың есімімен байланысты айтылатын «тұңғыш»деген сөзді сіздер қалай түсінесіздер? (табиғатлирикасын бастаушы, оқулық жасаушы, балалар әдебиетінің негізін салушы, әңгіме-проза жанрын бастаушы, жазба әдебиетімізге аударма үлгісін әкелуші, мектеп ашқан адам)

  8. Ыбырай Алтынсарин ұзақ уақыт Қостанайдан 3 шақырым жердегі шағын көлдің жиегінде орналасқан ауылда тұрады.Осы көл кейін қалай аталады? (Инспектор көлі)

9.Оқытуда Ыбырай алдына қандай мақсат қойды? (қазақ халқын орыс мәдениетіне жақындату)

2-жүргізуші

Ы.Алтынсарин қазақтың өзара қоғамдық қарым-қатынасында ескілікті әдет-ғұрыптың қандай орын алып келгенін біраз зерттеп, оның әлеуметтік өмірде қандай маңызы болғаны жөнінде дұрыс ғылыми пікірлер айтып кеткен.Соның бірі Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау , өлікті жерлеу дәстүрлерінің очерктері.

1-жүргізуші

«Жігітке жеті өнерде аз» жегендей, ұстазға да өнер саны шектелмейді.Ол педагогикада қолданбалы қабілет деп аталады. «Өнерлі өрге жүзер» демекші, қазір өнер сайысын тамашалап, болашақ ұстаздардың қолданбалы қабілеттерін көрейік! «Ұрпағына ұлы мұра қалдырған» сайысы. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінен көрініс.

1. «Мұрагерлер» ауылы - «Асыл шөп» әңгімесі

2. «Ыбырай ізбасарлары» ауылы- «Әке мен бала» әңгімесі

3. «Қырандар» ауылы- «Бақша ағаштары» әңгімесі.

2- жүргізуші

Ыбырай-үлкен тұлға, тұтас тарих.Оның еңбегі -шежіре, ерлік.Оның еңбектерін айтып тауысу мүмкін емес.

1-жүргізуші

Ыбырай өз шығармаларының қайсын болсын нақыл сөздермен аяқтайды немесе өз сөзімен даналық білдіреді, ғибрат қалдырады.Ол ауыз әдебиеті үлгілерін, аңыз әңгімелер, батырлар жырын, мақал-мәтелдермен жұмбақтарды да кеңінен қолданған. Ендеше кезек мақал-мәтелдерге беріледі.

2-жүргізуші

«Мың қосшыға бір басшы» дегендей, кезекте осындай басшыларды сайысқа шақырамыз. Әр топ басшысына мақал беріледі, ол тобына ым-ишарамен көрсетеді, шешімін үш тілде айту керек:

  1. Бейнетсіз рахат жоқ- Нет счастья без труда

  2. Ісі жоқтың асы жоқ-Кто не работает, тот не ест.

  3. Оқыған озар, оқымаған тозар-Ученый идет вперед, неученый назад.

1-жүргізуші

Ыбырайға арналған көркем шығарма туындыларының ішінде Ғафу Қайырбековтің, Ыбырайдың ұрпақтары Мәриям Хакімжанованың. арнаған өлең -жырлары бәрімізге мәлім. Ал біздің ақын студенттеріміз де Ыбырай атасына жыр жолдарын төгіпті.Кезек ақындарымызға беріледі.

1. Қонысбай Айгерім

2. Досмағамбетова Аружан

3. Қызтуғанова Диана

2-жүргізуші

Келесі тур «Ыбырай ата атындағы оқу орнына оқуға келіңіз» жарнама

1. «Қырандар» ауылы

2. «Ыбырай ізбасарлары» ауылы

3. «Мұрагерлер» ауылы

1-жүргізуші

Әділқазылар әділ бағасын бергенше кезекті әнге берсек.Ыбырай Алтынсарин халық әндерін өте жақсы көрген, өзі орындаған.Соның бірі «Айқаракөз», орындайтын Макатова Айжан.

2-жүргізуші

Сөз әділқазылар алқасына беріледі. «Ауылдарды» құттықтау.

1-жүргізуші

Осымен Ыбырай атаға арналған ісшарамыз мәресіне жетті. «Пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға шамамыз келгенінше қызмет ету-біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»-деп Ыбырай атамыз айтқандай, ол Отанының алдында өз парызын орындады

2-жүргізуші

Иә ол ерте кетті.Ойлаған арманы толық орындалмады, бірақ оның жолын жалғар біз бармыз, ол мәңгі біздің жүрегімізде.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал