- Учителю
- «Күзгі бал - 2015» кеші
«Күзгі бал - 2015» кеші
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы «Абылай хан атындағы орта мектеп»КММ
Абылай хан атындағы орта мектеп
БетаеваБота Пернебековна
«Күзгі бал - 2015» кеші
Өтетін күні: 3.11.2015 жыл
1-жүргізуші:
Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.
2-жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық - дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі «Күзгі бал» кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметпен қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.
2-жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуы тепе - тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.
9 «А» сыныбы
9 «Б» сыныбы
9 «В» сыныбы
10 «А» сыныбы
1-жүргізуші:
Әділ - қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты? - деп, әділ - қаазы алқасымен таныстырып өтейік.
Әділ-қазылар мүшелері:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші:
Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік.
1-кезең: Таныстыру
2-кезең: «Өнерің өрге жүзсін»
3-кезең: «Сән үлгісі» және «Шаш үлгісі»
4-кезең: «Күзгі ас мәзірі»
5-кезең: Күзгі вальс
Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз. Бірінше кезең «Таныстыру» сайысы. Ортаға 1-ші жұп
1-жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз.
2-жүргізуші:
Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезең «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлерімізкүз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады. Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода көрсетеді.
Ал ендеше ортаға әр жұптың сынып жетекшілерін шақырамыз. Қазір сіздер өз қыздарыңызға шаштаразшы боласыздар, шаштарын сәндейсіздер, ендеше тапсырма түсінікті болса, бастаймыз.
1-жүргізуші:
Ал енді құрметті көрермендер сіздер ойын ойнауға қалай қарайсыздар? Онда ортаға қатысушы жұптардың ер балалары мен олардың сынып жетекшілерін шақырамыз.
Тапсырма мынадай: менің қолымда тапсырмалар жазылған жапырақтар бар, слардың біреуін таңдап алып, өз оқушыңызға ыммен түсіндіру керексіз. Оқушы жауабын дұрыс табу керек.
2-жүргізуші:
Келесі кезең ас мәзірі. Бұл кезеңде қатысушы оқушылар өздерінің үйден жасап әкелген күз тақырыбына байланысты салаттарын таныстырады.
1-жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет, -дей келе ең соңғы қорытынды сайысымыз «Күзгі вальс»
1-жүргізуші:
Әділ - қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты?- дей келе, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайық.
«Күз ханзадасы»
«Күз ханшайымы»
1-жүргізуші:
Тіршілік - арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстазым менің, достарым менің
Бәріңде аман болыңдар!
Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды. Көріскенше, қош-сау болыңыздар!