7


  • Учителю
  • Сабақтын тақырыбы Ана тілім-асыл мұрам

Сабақтын тақырыбы Ана тілім-асыл мұрам

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы : « Ана тілім-асыл мұрам»

Мақсаты: Ана тілін,өз тілін құрметтей білуге үйрету.Ойлау сөйлеу қабілетін дамыту.Өз ана тілін ,Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе бөлім.

Кәне балалар орнымыздан тұрайық оқу іс-әрекетін

1 Қ. Р. Мемлекеттік гимнімен ашайық.

2 Кәне балалар енді келген қонақ апайлармен амандасып алайық.

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

Сәлеметсіңдер ме, апайлар!

Тәрбиеші:Ана тілім-дана тілім, айбарлым сырың терең, тұнығындай қайнардың Ана тілім-қазиетті қастерлім бір өзіңнен бақыт нәрін алғаным деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасырлық тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Ана тілім-асыл мұрам» атты тәрбие сабағымызды бастаймыз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек-Қазақстан халқының тілдер күні ретінде аталып келеді,бүгінгі тіл мерекесі құтты болсын.Кәне балалар осы тіл мерекесіне ән-жыр тақпақтарымызды орындайық.

Менің тілім біреу-ақ,

Сөйлейтін де жазатын.

Тауып қойған тілеуі-ақ,

Қазақ деген өз атын. Шұғайып





Ана тілім-ана күтім,арым менің,

Сәулет-сая бағым,сәнім менің.

Аспаным-өзіңменен арайланып,

Нұрланып атар ылғи таңым. Шыңғыс





Тілім барда мақтанам,

Тілім менін аппақ ән.

Бірлігімде бүгінгі,

Ана тілім сақтаған. Наиля





Ана тілім құралым,

Ана тілім ұраным.

Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағын. Кәусәр





Ана тілім менің,

Әлдилеген әнім.

Ана тілім демім,

Ана тілім жаным. Аружан





Желеп-жебеп піріміз,

Таза болсын деніміз.

Жауқазындай жалындап

Өркендесін тіліміз. Күнбий





Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар ,ал енді «Тіл не үшін керек»?-деген сұраққа Шыңғыс пен Назым былай деп жауап береді.

Назым. Шыңғыс досым мен саған сұрақ қойғым келіп тұр? Осы тіл не үшін керек?

Шыңғыс. Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.

Назым. Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?

Шыңғыс. Себебі досым ау, әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.

Тәрбиеші: Ал балалар,сендер бір-біріңмен қай тілде сөйлесіңдер?

Балалар: -Қазақ тілінде , ана тілде сөйлейміз.

Тәрбиеші: -Неге, біз өз тілімізді ана тілі дейміз?

Балалар: Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал , ана деген бәрінен де қастерлі, аяулы да, асыл жан.Ал енді барығымыз орнымыздан тұрып, «Ана тілі» әнін орындайық.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.Әр ұлттың тілі, оның бақытты, тірегі.

Ақыл ойын дараның,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның. Әмира





Ақыл ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Сүйем туған тілімді,

Мақсат етем әр сөзін. Аружан





Ана тілім елім,

Қайсар, қайрат күнім.

Ана тілім -менің,

Баста бақыт құсым. Ералы





Ана тілім ерлігім,

Ана тілім елдігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтіндемес кемдігім. Есіл





Келе жатқан мәңгіден дара салтым,

Мақтанышым елдігім парасатым.

Сенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігім,

Өміріме өң беріп жарасатын. Назым





Тәрбинші: Жарайсыңдар ал енді Ана тілі туралы кім қандай мақал-мәтел біледі?

Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді. Ильяр





Ақыл көркі-тіл,

Тілдің көркі- сөз. Дина

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте. Имран





Тілден биік асқар жоқ,

Тілден терең теңіз жоқ. Аян

Тәрбиеші; Жарайсыңдар ал енді тақпақтарымызды айтайық

Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамыздай сылап бағып қағамыз.

Ана тілін бағвласақ қалай біз,

Өзімізді слай болмақ бағамыз. Санжар





Ана тілді білмесем,

Шат-шадыман жүрмес ем.

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем . Әділет





Тәрбиеші; Жарайсыңдар , ал енді балалар бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Тату -тәтті достармыз,

1,2,3 қол шапалақтау.

Отырмаймыз босқа біз

1,2,3

Оқу оқып, білім алып,

Би билейміз ән саламыз.

Оң жақтағы досыңа,

Сол жақтағы досыңа .

Қолыңды бер тосыма,

Жоғары қарап күн көрдім.

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып

Егеменді ел көрдім.

-Міне ақын Г .Мүсірепов атамыз айтқандай «Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» -деп айтқандай өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек.Тіл бар жерде, ұлтта,елде,жерде болмақ.Дей келе бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, балалар сендер оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандырың үшін рахмет. Құрметті тәрбиешілер алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

























































Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Шелек ауылы

«Бәйтерек» балалар бақшасы













«Бекітемін»

«Бәйтерек » балалар

Бақшасының меңгерушісі

Қ.А.Жунусова_____

















«Ана тілім-асыл мұрам»









«Балдәурен» тобы

Тәрбиешілер:Тохтиева.Ж.Ж.

Отарбаева.М.М.

2015-2016 Оқу жылы.









Сатамын Продам





БУ Газ плита,телевизор, стенка,мяхки мебель, кілем,палас ,штор И.Д.

Телефон дом 2 25 83































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал