- Учителю
- Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценариі Тақырыбы: «Келін түсіру рәсімі»
Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценариі Тақырыбы: «Келін түсіру рәсімі»
Тақырыбы: «Келін түсіру рәсімі»
Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру. Халқымыздың салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Барысы: Қазақтың ұлттық киімін киген балалар мерекелік ертеңгілікке келген қонақтармен сәлемдеседі.
Жүргізуші: Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз мерекесін айырықша өткізіп келеді. Наурыздың 22 -жұлдызында күн мен түн теңеледі. Қыс өтіп, көктем келіп,мал төлдейді. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі. Сондықтан да Наурыз - жыл басы болып саналады. Ата-бабаларымыздың салтында ұлттық мерекені той-думан мен ойын-күлкі, ән-жырмен атап өткен.
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер -азамат,
Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін, -дегендей, Жаңа жыл құтты болсын! Наурыз тек қана жақсылығын, жақсы жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын! Ендеше бүлдіршіндердің тақпақтарына кезек берейік.
Ержан.
Наурыз тойы - тамаша,
Наурыз тойы -жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Инабат.
Наурыз тойы -салтанат,
Наурыз тойы -мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсын халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Нұрислам.
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге сал апай.
Ән: «Наурыз біздің жаңа жыл»
Жүргізуші: балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз «Келін түсіру рәсімі»
болғандықтан біз қазір келіннің бетін ашу рәсімін тамашалайық.
Жүргізуші: Ата-бабам тойлаған,
Наурыз тойым армысың.
Қызыққа еш тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың-деп келесі кезекте ұл балалардың орындауында биге береміз.
Ән: «Ауылдағы той»
Би: «Жігіттер биі»
Жүргізуші: олай болса тағы да мерекелік тақпақтарды тыңдайық.
Бейбарыс.
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден-
Құтты болсын, Наурыз!
Сандуғаш
Наурыз келді сан құрып,
Жасарып, жаңғырып.
Құлпырды жер мен көк,
Мейірлі таң күліп.
Жыл басы Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды!
Дәулет.
Уа, ағайын Халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Наурыз тойын бастайық.
Ойын: «Кім күшті?»
Ойын шарты ортаға екі бала шығып, бір- бірін кезек -кезек арқалау керек. Қай бала қарсыласын арқалап ұзақ тұрса сол бала жеңімпаз болады.
Би: «Қазақ биі» қыздардың орындауында.
Жүргізуші:
Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген,
Күн мейрамы ежелден.
Құтты болсын бұл Наурыз
Келесі кезекті наурыз мерекесіне арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар.
Рүстем.
Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.
Кәусар.
Наурызбен құттықтап,
Алыс, жақын қауышты.
Көктемгі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
Рахила.
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз:
«Көгерсін» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Жібек.
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән саламыз бәріміз.
Би билейміз бәріміз.
Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Наурыз тойы тойлансын.
Нұрай.
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбенен бірге жырласы.
Дастарханына елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ой, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
Бану.
Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып, ақ жүзің.
Ойын: «Қыз қуу»
Шарты: ойынға қыз бала мен ұл бала шығады. Қыз бала ойыншық атқа отырып қашады, ал ұл бала ойыншық атқа отырып қуады. Егер ұл бала қызды қуып жетсе оның бетінен сүйеді. Ал егер ұл бала қызға жете алмай қалса, онда қыз ұл балана қамшылайды.
Ән: «Дастархан»
Жүргізуші:
Наурыз көктем, шуағын төккен.
Әкелді байлық еліме!
Наурыз көктем, асығып жеткен,
Әкелді бақыт жеріме.
Құрметті қонақтар Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз де өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңыз үшін көп, көп рахмет.
</ «Тексерілді»
Әдіскер____________С. Э.Бопылова
Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценариі
Тақырыбы: «Келін түсіру рәсімі»
№ 12 «Гүлдер» МАД тобының тәрбиешісі
А.Н.Атағазиева
2016 -оқу жылы.