7


  • Учителю
  • Технологиялық карта Дені сау болу үшін не істеу керек?

Технологиялық карта Дені сау болу үшін не істеу керек?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы Күні: 19.02.2015 жыл

Тәрбиеші: Нұғманова Б.Т.

«Еркетай» ортаңғы тобы

Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»

Кіші сала: Айналамен танысу, Сурет

Тақырыбы: «Дені сау болу үшін не керек?», «Сүлгі» су бояқ таяқшамен

Мақсаты:Денсаулық туралы түсінік беру. Балалардың жеке басының күтіміне көңіл бөлу, күн тәртібіне үйреніп дағдылану. Оларды тазалыққа, ұқыптылыққа баулып үйрету.

Балаларды таяқшамен дәстүрден тыс әдіспен қолданып салуға үйрету. Түстерді таңдай алуын дамыту.Мотивациялық қозғаушы күш



Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.

Балалар, алақай тамаша бұл не жапалақтап түсіп жатыр? Балалар қар қайдан түседі? Балалар, ал қар қандай түсті? Ал балалар, кане айтындаршы қазір жылдың қай мезгілі? Қыста ауа-райы қандай? Қыста адамдар қалай киінеді? Неге?

Балалар жауабы. Бұл қар. Қар аспаннан түседі. Қар ақ түсті. Қазір қыс мезгілі. Қыста ауа-райы салқын, аяз. Қыста адамдар жылы киінеді, өйткені дала суық.

Ұйымдастырушылық ізденіс



Сюрприздік сәт:Тәрбиеші тақтаға күн тәртібіне байланысты суреттерді іліп қояды да,ойыншық қасқырды тақтаға шығарады. Одан өзінің күн тәртібін айтып беруін сұрайды.Қасқыр өзінің таңертең тұрып беті қолын жумай тамақ ішетінін содан кейін далаға шығып ойнайтының, ата-анасына көмектеспейтінін айтады. Ал, кешке ол өзінің жуынбай, таранбай тамақ ішіп, көп тәттілерді жеп-жеп төсегіне жататынын айтты. Ол қазір өзінің іші, тісі, басы ауыратынын айтып береді

Тәрбиеші балалардан қасқырдың күн тәртібі дұрыс па, әлде бұрыс па екенін сұрайды.

Д/о «Күн тәртібіне не жатады?». Мақсаты: Балаларды күн тәртібіне не жатып, не жатпайтынын ажырата білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін арттыру, ойлау, сөйлеу қабілеттірін дамыту.

Жарайсыңдар балалар сендер бәрін жақсы біледі екенсіңдер енді біз қасқырға оның күн тәртібінің дұрыс емес екенін айтып, түсіндірейік. Ол үшін бір бала тақтаға шығып, өзінің күн тәртібін айтып берсін. Ал, қасқыр ол баланы мұқият тыңдасын. Бірнеше бала тақтаға шығып, өзінің күн тәртібін тақтадағы күн тәртібіне сәйкес айтып береді. Тәрбиеші оларға сұрақ қою арқылы тілдерін дамытады. Жарайсыңдар, балалар тек таза жүрген жанның дені сау болады, сондықтан ол ешқашан ауырмайды екен түсіндін ба,қасқыр? Қане енді сен балалармен бірге сергіту сәтін жаса.

Сергіту сәті:

Ай, достарым мені тыңда.

Бұл ақылым берер пайда

Қолынды жу, тырнағынды ал

Болсын таза бет орамал

Мұнтаздай боп бақшаға бар.

Балалар сергіту сәтін жасап болғасын тәрбиеші қасқырға сүлгі береді. Енді тәрбиеші балалар мен қасқырға сүлгінің суретін салуды ұсынады. Балалар жұмыстарын аяқтап болғасын қасқырға ақылдарын айтып онымен қоштасады. Кейін тәрбиеші балаларға сұрақ қою арқылы сабақты бекітеді.

Сабаққа деген қызығушылықтары пайда болады.

Қасқырдың келгеніне мәз болады.

Онымен амандасады.

Оны мұқият тыңдайды.

Оның күн тәртібі дұрыс емес екенін айтып, ол таза жүрмеген соң оның тісі, іші барлығы ауыратынын айтады.

Ойынды қызыға ойнайды.

Балалар тақтаға шығып, әрқайсысы өзінің күн тәртібін айтып беруге асығады.

Тәрбиеші қойған сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәтін қасқыр мен тәрбиеші мен бірге жасайды.

Суреттеуге кіріседі. Көмек керек болғанда тәрбиешіден көмек сұрайды.

Қасқырды шығарып салып, онымен қоштасады, Салған суреттерін тәрбиешіге жинап береді

Рефлекстік түзету



Қорытынды.

  • Әрқашан таза жүру керек.

  • Біз ойыншықтарымызды таза, ұқыпты ұстауымыз керек.



Балалар дені сау болу үшін не керек екенін түсінеді.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Күн тәртібі мен жеке бастарның күтімі туралы. Дәстүрден тыс сурет салуды

</<font face="Times New Roman, serif">Түсінеді: Тазалық туралы білімдерін кеңейту. Түстерді өздері таңдай білуді

Қолданады:бүгін түсінген білімдерін келешекте қолдана білу







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал