7


  • Учителю
  • Жолдауға қолдау тәрбие сағаты 2 сынып

Жолдауға қолдау тәрбие сағаты 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі







</































Жолдауға қолдау тәрбие сағаты 2 сынып







Баяндама жасаған: Қосжанова М















Кентау 2015 жыл





Біздің мақсат - бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу





Биыл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға байланысты ұсынған 100 нақты қадамын жариялады. Бұл стратегиялық жоспар Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға әрі күрделі кезеңнен сенімді өтуіне қажет «беріктік қорын» жасап береді.

Елімізде білім саласы, негізгі салалардың бірі болып саналады. Сол себептен де оған көп көңіл бөлінеді. Міне, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары - 100 нақты қадамында да білім саласын жаңғырту, осы заманғы мұғалім мен түлек даярлау міндеті көрініс тапқан. Елбасымыз бізге тек тапсырма берген жоқ, міндеттерді қалай жүзеге асыру тетіктерін де толығымен айқындап берді. Ендігі кезекте біздің алдымызда осы бағытта еңбек етіп, бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу міндеті тұр.

Елбасы ұсынған кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім бағыты, біртектілік және бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру сынды бес институттық реформаны жүйелі жүзеге асыру тұрғысында жарияланған «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, әрі күрделі кезеңнен сенімді өтуіне жол ашады.

100 нақты қадамда білім саласын дамыту жолдары да қарастырылған.

76-шы қадам 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізуді,

77-ші қадам 10 алдыңғы қатарлы колледж бен 10 жоғары оқу орынында білікті кадрларды әзірлеуді,

78-ші қадам Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып ЖОО-ның академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтуді,

79-шы қадам білім беру жүйесіндегі жоғары сыныптар мен ЖОО-да ағылшын тілінде оқытуға ауысуды,

85-ші қадам "Мәңгілік ел" патриоттық жобасын әзірлеуді,

89-шы қадам "Нұрлы болашақ" ұлттық жобасын әзірлеп мектептік білім берудің қолданыстағы жобасына "Мәңгілік ел" құндылықтарын енгізуді көздейді.







Сондай-ақ, «100 нақты қадам» - ұлт жоспары бойынша:

  • 12 жылдық білім беруге кезең кезеңімен көші

  • Жан басын қаржыландыру және мектептерде ынталандыру тетіктерін енгізу

  • Педагогикалық білім беруді жаңғырту көзделеді.

  • Педагогикалық мамандықтар бойынша магистратурада мемлекеттік тапсырысты ұлғайту жоспарлануда.

  • Шағын мектептердің мәселелері шешіледі.

  • 2015 жылдан бастап колледждерде жаңа бағдарлама бойынша білім беріле бастайды.

  • Халықаралық тәжірибе мен индустрияландыру талаптары ескерілген жаңа 8 білім беру бағдарламасы әзірленуде.

  • 2017-2018 жылдары тағы 16 білім беру бағдарламасы әзірленетін болады.



Әрине бұл қадамдардың бәрінің де ұстаздар мен оқушыларға, білім беру ұяларының материалдық-техникалық жағдайларына қатысты іске асыру тетіктері бар. Әрқайсысы өз дәрежесінде жүзеге асса оқытудың әлемдік деңгейінен табылатынымыз анық. Сондықтан оны жанға жылы қабылдап ғана қоймай көп болып қолдап, іске асуына үлесімізді қоссақ алдағы межеге жақындай түсеміз.

Тәуелсіздігімізді алғаннан бері елдің ертеңі, ұлттың болашағы, ұрпақтың келешегі деген басты бағдар бір сәт те күн тәртібінен түсіп көрген жоқ. Мұның бәрінің басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Жасалған реформалар, жүргізілген қыруар жұмыстар жағаласқан жаһандану тұсында тұсалған аттай кібіртіктемей, қадамды ашып, қарыштап, ілгері басты. Ол тиянақты ізденістерге ұштасты.

Енді, міне, алда атқарар бағдарлар белгілеп, соған жұмыс істеп жатырмыз. Мұның бастысы, тіпті ғасыр жобасы деуге тұрарлық Елбасының «100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» деген Ұлт жоспары еді.

Жалпы, «100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспарының қай тарауын, қай тармағын алсаң да өркен жаяр елдің өрісті ісі, оған әр азаматтың қосар үлесі тайға таңба басқандай көрсетілген. Бұл жерде, қай-қайсымыз да сөзбен емес, еңбегімізбен үлес қоссақ, өркениетті 30 елдің қатарына қосылу жолындағы Елбасы міндеттеген өрелі жұмыс өрісін кеңейтіп қана қоймай, Отанымыздың абыройы асып, экономикасы өркендеп, халқының әл-ауқатының артатыны сөзсіз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал