7


  • Учителю
  • Сынып сағаты Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға жаза түрлері

Сынып сағаты Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға жаза түрлері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала













"Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға байланысты жаза түрлері"

Құқықтық тәрбие сабағы.

3 "ә" сыныбы





























Дүйсенова Т.Т.

















Құқықтық тәрбие сағаты.

Машықкер:Дүйсенова Т.Т.

Әдіскер: Киякова Айжан Амангельдиновна

Тақырыбы: Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға байланысты жаза түрлері.

Күні:18.01.2016

  • Мақсаты: ,

    Білімділік:кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың, қылмыстың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу.

  • Дамытушылық: Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен

    міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен

    шешуге үйрету.

  • Тәрбиелік: Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы,

    құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке,

    елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: проблемалық сұрақтар,сұрақ-жауап,топпен жұмыс,пікірлесу,талдау.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,суреттер.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,сабақтың тақырыбын хабарлау. Сәлеметсіздерме,оқушылар. Көңіл күйлеріңіз қалай? Тәрбие сабағына дайынбызба? Бүгінгі тәрбие сабағымызды сіздермен мен Дүйсенова Т.Т.өткіземін. Бүгінгі тақырыбымыздың аты: "Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға байланысты жаза түрлері".

Кіріспе сөз:Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.Заң ережелерінің барлығы да адамдарды адал жолға салу, оларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатынан туған. Ата-ананың сөзін алмағанның бір пәлеге ұрынары сөзсіз. Осыған байланысты нақыл сөз бар «Ана алдындағы құрмет, ата алдындағы қызмет», «Анасына орын ұсынбаған, әкесәне қолын ұсұнбас»(тақтада ілініп тұрады). Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Кәнекей оқушылар білетін заңдарынды ортаға шығып айтындар:

Зауре(14-бап): Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

Саяжан(15-бап):Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.

Алия(16-бап): Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.

Нұршад (17-бап): Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

Дулат(19-бап): Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.

Арман(19-бап):Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.

Аружан(22 бап): Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.

- Дұрыс айтасындар,балалар,рахмет,орындарынызға отырыңдар.

Сабағымыздың бірінші бөлімі-«Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»? деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер(тақтада Гадкий я атты мульти сериалының суреті ілініп тұрады,бірақ ол шағын көлемдегі түрлі-түсті парақтармен жабылып тұрады,әрбір қабылданған жауапқа оларды бір-бірден ашамын).

1. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.

2. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.

3. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.

4. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.

5. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.

6. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады.

7.Марат пен Санат үзіліс кезінде төбелесіп қалды.Санат Мараттың көйлегін жыртып тастады.

8.Әуесқан сыныптас жолдасының 900 теңгесін ұрлап алды

9.Индира өзіне жаңа Джинсы әпермегені үшін әке - шешесіне ренжіп ешкімге айтпастан құрбысының үйіне кетіп қалды.

10.9 сынып оқушысы Марат Ізімов өз сыныбындағы және төменгі сыныптардағы балаларды қорқытып ақша жинаған

2-бөлім «Заңсыз арал» деп аталады (тақтада Гадкий я атты мульти сериалының суреті ілініп тұрады,бірақ ол шағын көлемдегі түрлі-түсті парақтармен жабылып тұрады,әрбір қабылданған жауапқа оларды бір-бірден ашамын).

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.

3-бөлім «Қызыл, сары, көк ауыл» деп аталады(тақтада Гадкий я атты мульти сериалының суреті ілініп тұрады,бірақ ол шағын көлемдегі түрлі-түсті парақтармен жабылып тұрады,әрбір қабылданған жауапқа оларды бір-бірден ашамын). Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)Әр түрлі ой айтқан олар қорғанның келегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.Жауап: Адамдардың ауыл - ауыл көше - көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.

</<font color="#000000">Қорытынды бөлім:жоғарыда атап айтқандай әрбір қабылданған бөлімдегі берілген тапсырмаға оқушылар дұрыс жауап берсе тақтадағы беті түрлі түсті парақшамен жабылған суретті,мен біртіндеп ашамын,ең соңында оқушылар кандай мульти сериал екенін тауып(Гадкий я),сериалдың басты қылмыс жасаған,заңды білмейтін,зұлым кейіпкеріне сабақта білген заңдарың стикер арқылы жазып,заңдарға үйретеді.

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал