7


  • Учителю
  • Открытый классный час на тему «Теңге - тәуелсіздік келбеті», посвящённый 25-летию Независимости Республики Казахстан

Открытый классный час на тему «Теңге - тәуелсіздік келбеті», посвящённый 25-летию Независимости Республики Казахстан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Теңге - тәуелсіздік келбеті»

Мақсаты: оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің ұлттық теңгемізді құрметтеуге; тәуелсіздігіміздің 25 жылдағын еске сала отырып патриоттық тәрбие беру.

Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: теңгелер, монеталары бейнеленген плакаттар, «Теңге - тәуелсіздік келбеті», ноутбук, слайд.

Сабақтың түрі: галерея сабағы.



Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылыр! «Теңге - тәуелсіздік келбеті» атты галерея сабағымызға хош келдіңіздер! Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердін бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.

Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асып тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізіліп отырған «Теңге - тәуелсіздік келбеті» атты сабағымызды бастаймыз.



Алмас:

Әнұраным - жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім - сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Бақыт, бірлік - күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады

Қазақстан әнұраны!



Қазақстан Республикасының «Әнұраны» айтылады.



Мұғалім: Тәуелсіздігіміз құтты болсын! Осы азғантай уақыттың ішінде елімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаны жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Биыл ұлттық теңгеге 23 жыл толды.







Слайд көрсету



Ақпейіл: 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.

Назерке: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3753

1993 жылғы 15 қарашаның Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге енгiзiлген күн ретiндегi тарихи маңызын атап өте отырып, сондай-ақ қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етудегi ролiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:

  1. 15 қараша Ұлттық валюта - теңге күнi, Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесi</<span> болып жариялансын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

Аңсар: Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Түні нұрлы, ақ таңы,

Жері гүлдей бақтағы.

Ел ырысы - тайқазан,

Төл теңгеміз қақпағы.

Қазынамыз толығып,

Болсын дәйім жолы құт!

«Төл теңге - елтірегі!»

Деп құрметтер оны жұрт.

Алмас: Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі 500 рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

Алмас: 1992 жылы тамыздың 2-сі күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екіншіден бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.











Айым:1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Фабрика 400 жыл бойы Ұлыбританияда банкноталарды шығарады.

Кэтрин Куртис («Харрисон және оның ұлдары»), суретшілер Мендібай Әлин мен Қайролла Ғабжалилов, Джеф Стюарт (гендиректор «Харрисон және оның ұлдары»).

Аңсар: Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

Теңгемізде алғашқы

Бейнеленді ұлылар.

Кейін оған жалғасты

Жетістіктер қыруар.

Әбунасыр, Абылай,

Әбілқайыр, ұлы Абай,

Құрманғазы көз тартты,

Шоқан менен Сүйінбай.



Видео: Тенге национальная валюта.



Қуат: Міне, бүгін теңге күнім - мерекем,

Қандай дұшпан «олай- бұлай» дер екен.

Осы теңге арқасында келешек,

Елге келер тойымшылық, берекем - дей келе келесі көріністі тамашаландар



Көрініс

Қыз бен жігіт келе жатып жерден 50 теңге тауып алады. Оны көрген жігіт 50 теңгені көтереді. Сонда қыз - Назерке: Ой 50 теңге көтеріп, ұят емес па?

Сонда жігіт - Алмас:

Теңгемде бар бейнесі

Ел таңбасы елімнің

Тапталып жатса егер ол,

Қадірі кетер елімнің.

Мақтансаң, мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаңды.

Тәуелсіздікке тән белгі,

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух мән берді,

Иесі оның мына біздер.



Теңгенің сипаттамасы:

Айым: 200 теңге. Басым түсі: сарғылт - жасыл. Мөлшері:126х64мм

Аңсар: 500 теңге. Басым түсі: көкшіл - сұр. Мөлшері:130х67мм

Ақпейіл: 1000 теңге. Басым түсі: сарғыш - қоңыр. Мөлшері:134х70мм

Назерке: 2000 теңге. Басым түсі: сарғылт - жасыл. Мөлшері:136х72мм

Қуат: 5000 теңге. Басым түсі: күңгірт қоңыр - қызыл. Мөлшері:142х76мм

Дильназ: 10000 теңге. Басым түсі: күлгін - көк. Мөлшері:146х79мм



Видео: 20000 теңге.



Теңге туралы жұмбақтар.



1.Ұлы тұлғалары бар

Керек құнды кағаздар (теңге)



2. Мың... болғанша

Бір ақылды басын болсын (сом)



3. Айрықша белгісі

Әлемнің тынысы

Байлықтың белгісі (ақша)



4. Базарда бәрі бар,

... ешкім бермейді. (ақшасыз)



7.Тиыннан ... құралады. (теңге)



5. ... тиынна өсер.

Жылқы құлыннан өсер. (теңге)



6. ... кетуге тырысады,

Есеп ұстауға тырысады. (Ақша)



Сұрақ - жауап:

  • Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? (1993ж. 15-қараша)

  • «Теңге» сөзі қай тілден келген? (Түркілердің «таньга» сөзінен шыққан)

  • Теңгеміздің авторлары кімдер? (Меңдібай Алин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелхахов, Хайролла Ғабжәлелов)

  • Теңгеміздің қанша қорғаныш қасиеті бар? (он сегіз)

  • Ұлттық теңгеміз қайдан басылып шықты? (Англияда, «Харрисон және ұлдары» фирмасында)



Келген қонақтарға сұрақтар:

  • Бір килограмм қант қанша теңге тұрады?

  • Астанадан Алматыға дейін поезбен барсаңыз, билеттін бағасы?

  • Бір теңге қаңша доллар тұрады? 0,0029 доллар

  • Теңгесі бар ұлттық ойын?

  • Нан қанша теңге тұрады?

  • Мың теңгенің жиырма проценті қанша болады?

  • Денсаулық акшаға сатып алуға болама?

  • Бәрі адамдар бай болса не болады?



Мұғалім: Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап қалу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.

Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мəдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде 12-14 ғасырлар, қола жəне күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, Уақытша үкіметтің, РСФСР жəне КСРО-ның ақша белгілері сақталған.

Мұражай қорында құны 5 жəне 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Екінші Николай патшаның бейнесі бар, Ұлы Пётр және Екінші Екатерина бейнесімен күміс және алтын монеталар сақталуы тұр. Сондай-ақ неміс, орыс-поляк монеталары жəне Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.

Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тəуелсіздігінің 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен жəне дизайнымен таң қалдырады .

Бұл жерде «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның қызыл кітабы», "Қазақстанның қол өнері", "Сəулет жəне тарихи ескерткіштер", «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақталған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған - "Қызыл бөрі", "Регель қызғалдағы", "Ана", «8 Наурыз», «Жаңа жылдарыңызбен» алтын жəне күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады.

Міне, қазір оқушылар сіздерге Ұлттық Банктің мұражайындағы теңге туралы қысқашы мәліметтерді береді.



Алмас: 2011 жылы 25 мамыр Ислам конференциясының ұйымдарындағы Қазақстан өкілдігіне арналған шыққан теңгелер:

- Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына

- Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына

- 2010 жылы 1 мың теңгелік көкшіл - жасыл

- 2011 жылы Қысқы Азия ойындары

- 2011жылы Тәуелсіздікке арналған теңге түрлері

- 2011жылы қарашаның 15-і Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің қолданысқа енгеніне 18 жыл толды.



Аңсар - 1995 жылы 24-сәуірде естелік монеталары 50 теңге номиналы бойынша ССРО-Германия соғысының жеңісіне 55 жыл толуына орай шығарылған.

Аңсар - Абай мен Жамбылдың 150 жылдығына және Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына теңгелер шықты. Сәбит Мұқановтың 100 жылдығына орай шығарылды.



Айым - 2010 жылы 25-мамырда номиналы 5000 теңгелік «Барыс» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды. Жартасты таулардың жоғарғы аясында қарсы барыс бейнесі болып табылады. Түрдің зоологиялық атауы - Монетаның жоғарғы, екі жолға латын тілінде жазылған, ал қазақ тіліне «айналдыра» Барыс ILBIS орналасқан.

Айым - 2000 жылы «Қазақстанның жаңа астанасы», қалаларға арнайы мерекелік теңгелер шықты. Ал 1-қыркүйекте Түркістан қаласының 1500 жылдығына орай 50 теңгелік мерекелік металл ақшаны шығарды.



Алмас - Қазақстан сериясы «петроглифтері» монеталары, монетаны айналдыра ағылшын тілінде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» деген жазу болып табылады. «Алтын адам» жазылуы бар Қазақстан тарихына арналған монеталар 2005 жылы шығарылған.

Алмас - Бұл серия ғарышты игеру және Әлемнің құпиясын түсіну тарихында елеулі оқиғаларға арналған. Жағында аспан фонында астронавтын жоғарғы жерде «БАЙҚОҢЫР» және «ҒАРЫШ» жазылуы бар. Монетаның шыққан жылы 2007.



Назерке - Жанындағы сөзі «БЕСІККЕ САЛУ» жоғарғы жағындағы, ортада әйелдің суреті нәрестенің бесігімен - осы салт дәстүр баланың денсаулығына байланысты. Монета 2006 жылы шыққан.

Назерке - Қазақстанның қызыл кітабына жазылған құстарға арналған монеталар. Монетаның жанында сөзі «ЖАЛБАҒАЙ», суреттің қасында 2007 жылы жазылуы бар.



Қуат - Монетаның периметрі бойынша мемлекеттік тілде «Бауырсақ» және орыс тілінде «Колобок» деген жазу, ертегі таңбаларды сипаттайды. Монета 2012 жылы шықты.

Қуат - Монетаның сырт жағында қиғаш бұлан түрінде жасалған, бір кинжала Қындағы бойынша алтын жалатылған бейнесі қосарластыру орталық бөлігінде геральдикалық бейнесі. Қазақ тілі мен ағылшын тілінде «Бұлан. Бастырма» сөзі жазылған. «2012» жылы.



Ақпейл - Қазақстан Ұлттық Банкі 2015 жылғы 30 маусымнан бастап «Есте қалатын оқиғалар мен адамдар» монеталар сериясынан сапалы күмістен номиналдық құны 500 теңгелік «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойлық монеталарын айналымға шығарды.

Ақпейл - Ұлттық валютаны енгізуге 5, 10, 15, 20, 25 жылдығына арналған ескерткіш монеталар, 50, 500, 1000, 5000, 50 мың теңге номиналды құны.



Дильназ - 4 қараша күні 2016 жылы Ұлттық Банкі 500 теңге күміс монеталар сериясы «Күлтегін» ескерткіші суретімен шығарылды.

Дильназ - Ұлттық Банкі 20 мың теңге номиналды құны банкнот шығарды.

Ол 1-желтоқсанда 2015 айналысқа енген.



Мастер-класс: 25 жыл тәуелсіздігіне орай монета жасау.



Айым: (теңгенің моделі)

Мен «Теңгемін, теңгемін!»

Қазақ деген елденмін.

Тәуелсіздік - тұғырым,

Жарқын менің ғұмырым!

Теңге, теңге, теңгелер,

Теңге адамға дем берер.

Тіршіліктің арбасы,

Теңгеменен дөңгелер.



Мұғалім: Келген қонақтарға буклет тарату. Онлайн-оплату туралы қысқаша мәлімет беру.



Рефлексия өткізу. Ақша талдың үстіне теңгелерді жабыстыру.



Мұғалім: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей «Теңге - тәуелсіздік келбеті» атты галерея сабағымызды аяқтаймыз.

Назарларыңызға рахмет!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал