7


  • Учителю
  • Менің Казақстаным тәрбие сағаты

Менің Казақстаным тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Тулеубаева Санибаштың «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы

Газизбеков Құрбанәлінің қатысуымен

«Қазақстаным менің»

атты аудандық үздік тәрбие сағатының жоспары

Мақсаты: Оқушыларға елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.Қазақстандық ның патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету.

Көрнекілігі: Слайд материалдары, бейне жабалар,көрініс,

БАРЫСЫ: І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар,оқушылар!

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасынын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Қазақстаным менің » тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Қазақ жері - қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі - қас сақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Зобалаңда көп шеккен қасіретті,

Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.

Риза көңілменен елге деген,

Арнайды барша халқы ақ тілекті.

ІІ.Бейне роликке назар аударамыз! 3 минут. Бейнеролик мазмұны Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, Елбасы жарлығы туралы.

ІІІ «Ой толғау» бөлімі. Бейне жазба туралы өз ойларын айтады.

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.ІҮ Бүгінгі кеш қонағы «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы

Газизбеков Құрбанәлінің өмір жолы,қоғамдық қызметі туралы, Маңғыстау облыстық

«Қазақстан халық Ассамблеясы» орталығы туралы бейне жазбаны тамашалайық!



ІІ жүргізуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

І жүргізуші:Мектептің тарих пәнінің оқытушысы Санибаш Тулеубаеваға Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы .

Қазақстан - тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.

Асамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды.

Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.

1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді.

Сонда, Ел басы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт - Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.

Асамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұыймдастырушылық құрылымдары белгіленді.

Ассамблея құру идеясы қоғамды топтастырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атсалысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. Ассамблея құрылған кезден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыттары бойынша мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысып келеді.

Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.

Ассамблея мен этномәдени орталықтар тарапынан көтерілетін бастамалар мемлекеттік деңгейдегі қолдауға ие болады. 1995 жылы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы республика тарихында алғаш рет Қазақстан республикасы Президентінің өкілеттілігін 2000 жылы 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Мұндай маңызды қоғамдық бастамадан кейін іс жүзінде Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастыратын белсенді қоғамдық институтқа айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына да үлкен қолдау білдірді. Бұл тарихи оқиғалар еліміздегі қоғамдық саяси және құқықтық ахуалға оң өзгерістер әкелгені баршамызға аян.

Қазақстан халқы Асамблеясы ән алуан этностарды азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Жалпы алғанда, өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ассамблея еліміздегі этностардың мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі ұлес қосып келеді. Наурыз мейрамы, корей, неміс мәдениетінің фестивальдері, татарлар мен башқұрттардың сабантойы жалпы халықтық сипатқа ие болды. Дүнгендер, курдтар сияқты, т.б. халықтардың мейрамдары мен түрлі форумдары республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.

Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Ақиқат» және «Мысль» журналдарының құрылтайшысы және де ассамблея жанынан шығатын «Достық - Дружба» журналы бүкіл елімізге таралады. Ассамблея ЕҚЫҰ-мен де тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді.

Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.

Ассамблеяның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы болып табылады. Ал Ассамблея Кеңесі заң жобаларын сараптамадан өткізу, мемлекеттік тіл мен еліміздегі барлық халықтардың тілін және мәдениетін дамыту, жастардың бойында қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, БАҚ-пен тығыз байланыс орнату, халықаралық байланыстар жүргізу, әрбір этностың мәдени дамуына ықпал ету сияқты, өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.

Қазақстан халқы Асамблеясы үнемі даму үстінде болатын тірі ағза іспетті. Оған дәлел бола алатын құжаттар 2002 жылы 26 сәуірдегі Президент Жарлығымен қабылданған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2011 жылға дейінгі даму стратегиясы және «қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже». Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі жетілдіру туралы Президент Жарлығына сәйкес Президент әкімшілігі мен облыс әкімдері аппаратының құрылымында Ассамблеяның жұмыс органы - хатшылықтар құру туралы нұсқау берілген. Ал бұл органдар өз кезегінде ассамблеяның барлық жұмыыстарының тиімділігін арттыруға үлкен септігін тигізді.

Ассамблеяның өткізген барлық сессияларда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда ұлтаралық татулық пен келісімді нығайта беру бағытында ізденістерді жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударып отырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы үлгісінде Ресей Федерациясында, Қырғыстанда халық Ассамблеялары құрылды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсететін жайт, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да дараланып тұрады.

Ассамблея өзінің құрылымы жағынан республикалық, облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым болып табылады.

Қазіргі заман тарихының жылнамасы Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөліп отыратындығын дәлелдейді. Күллі Қазақстан халқы мен еліміздегі әрбір этностың болашағы - Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік.



ІІ жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

І жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Абдирахманов Оңайбай ағай. Ендеше, ағай көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жүрегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

І жүргізуші: Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бер

І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш,

ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жүрегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

І жүргізуші: Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Бұл - қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 25 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.

І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.

Ұлттық би



ІІ жүргізуші:.

І жүргізуші: Құрметті біз әр ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрады.

ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл - ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

І жүргізуші: Ортақ менен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

ІІ жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы,- дей отырып, орыс биін тамашалауға шақырамыз.

Орыс биі, орындайтын №88 топтың оқушылары



ІІ жүргізуші: Мы дружной семьюй живём в Казакстане,

Татары, уйгуры и русские с нами.

Так пусть же крепнет во веки веков

Дружба народов всех возрастов



Сөз кезегін орыс ұлт өкіліне берейік.



І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

ІІ жүргізуші: Бүгін біздің кешімізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр. Олай болса, сөз кезегін кешіміздің қонағы Абуд Баймурадовқа беріледі.

Өзбек биін тамашалаңыздар!



І жүргізуші: Ағайын - туған - бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

ІІ жүргізуші: Республикам менің,

Республикам менің,

Айбатым!

Көркіңді көрсе - мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

І жүргізуші: сахнамыздың төріне татар биін орындау үшін №88 топтың оқушыларын шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Өз лебізін білдіру үшін арамыздан татар ұлтының өкілі, қала тұрғыны, ардақты ана Нұрания Валиеваға сөз кезегін береміз.

І жүргізуші: Тілегі бір,

Жүрегі бір,

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз!

ІІ жүргізуші: Жер - анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, кәріс биін тамашалауға шақырамыз.

І жүргізуші: Келесі кезекті бүгінгі кеште қонақ болып отырған кәріс ұлтының өкілі Ли Людмила Герасимовна апайымызға берейік.

ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік Атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір - ақ тоқтаған қазақпыз»

І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

ІІ жүргізуші: Хор «Атамекен»

І жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусаев Арман Қонысбайұлына беріледі.

ІІ жүргізуші: «Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге - қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.

І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!

І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

І - ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!

Кері қайту</</p>

Материал рейтингісі:

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі - аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауында өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт -бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту - ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында.

Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді.

«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда.

«АЛА- ТОО»қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Газизбеков Қурманәлінің пікірін келтіріп кетсем. «Біз қырғыз халқы ежелден төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылган елміз, іргеміздің бүтін, еліміздің аман болуына тілекшіміз. Мен Қазақстанға1993 жылы келдім, балаларым осында қазақша, орысша мектеп бітірді.Бұл жердің дәмін татып,осы жерде тұратын әртүрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерімен тату- тәтті өмір сүріп отырмыз, бұл әрине қазақ халқының бауырмалдылығы,достығы арқасында.Мен өзімнің Қазақстанның азаматы болғандығыма мақтанамын».((Ф

Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал