7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет»

Тәрбие сағаты: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты: «Ел бірлігі - ең асыл қасиет»

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: оқушыларды ел бірлігін сақтауға, әлем алдындағы беделімізді одан әрі көтеруге күш салу;

Ә) дамытушылық: оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу

Б) тәрбиелік: елім, жерім, ұлтым деп жүрегі соғатын азамат тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, ой қозғау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: тақырып, нақыл сөз жазылған, плакат, әр елдің ұлттық киімдері, ту, елтаңба т.б

Сабақ түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, сурет, сызу, технология, әдебиет т.б

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сыныпты сабаққа дайындау. Сабаққа назарын аудару. Әнұран орындалады.

1. Кіріспе сөз

Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.

Баяндама. «Қазақстан - татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі»

2. Ән. «Ақкөгершін»

3. Өлең жолдары

1. Жиырма жылдай тәуелсіздік туғалы,

Қазақ елі бірлікке бел буғалы.

Жиырма жылдай Қазақстан халқының,

Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны.

Көгінде тұр, көк байрағың желбіреп,

Ел таңбаға қараймыз біз елжіреп.

Әнұранды шарықтата шырқаймыз,

Бабаларды еске алып, ержүрек.

2. Бірлік болсын - ел аман,

Тыныш болсын бұл заман.

Берекесін бере берсін,

Бейбіт жатқан бұл далам!

3. Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

4. Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!

Қанатты сөздер

Татулық - түсінуден, тыныштық - қанағаттан. (Қадыр Мырзалиев)

Азаттыққа үйрену - ең алдымен ынтымаққа үйрену. (Қадыр Мырзалиев)

Әділет бар жерде - ынтымақ бар. (Әбіш Кекілбайұлы)

Ынтымақ елдікке жеткізер - елдік ерлікке жеткізер. (Әбіш Кекілбайұлы)

Ерден ердің артықтығы - білігі,

Елден елдің артықтығы - бірлігі. (Мұзафар Әлімбаев)

Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.( Міржақып Дулатов)

Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,

Бірлікті ойлау үшін тірлік керек.

Ағайынға ала көз бола қалсаң -

Аузыңдағы несібеңді біреу жемек.( Қазыбек би Келдібекұлы)

Бірлік түбі - береке. (Төле би Әлібекұлы)

Күшті ұлт болу үшін - алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. (Майқы би)

Нұрсұлтан Назарбаев

Табысты дамуға қажетті шарт - бейбітшілік, тату көршілік және өзара сенім ахуалын орнықтыру.

Ең асыл қазына - бірлік.( Нұрсұлтан Назарбаев)

Жаулықтың ең үлкені, ең қиыны - ынтымақ үшін ымыраға бара алмау.( Нұрсұлтан Назарбаев)

«Жалғасын тап» мақал-мәтелдер.

Ел бірлігі - ел теңдігі.



Ынтымақ жүрген жерде,

Ырыс бірге жүреді.



Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.



Бірлікті ел бұзылмас.



Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Бірлік ынтымақ - байлық бақ.

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ.

Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.



Би: «Қара жорға»

Қорытынды:

Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз мәңгі болсын? Баршаңызға бірлік пен береке тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Мұғалім:...................Бердалиева Д



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал